«...айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған
сөздер ғана сөйлем болады...Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады.
Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің
қырын келтіріп, қиындастырады» . Аса қажет психологиялық мінездеме ретінде
тілші «бұйрық, өтініш, үгіт, жай тілек» секілді адам көңіл-күйінің
эмоционалды-экспрессивтік реңктерін білдіре алатын тілдік құралдарға шолу
жасады, оның барлығын «көңіл тілегі»,- деп топтады. Қорыта келгенде, «Тіл -
құрал», шын мәнінде, ішкі мазмұны мен тақырыптық ерекшелігі бірден көзге
түскен, тілдің барлық дерлік функционалды-семантикалық ерекшеліктерін
қамтыған, оның сыртқы құбылыстармен байланысын пайымдай зерттеген
құнды еңбектердің бірі болып табылады.
«Азаматтық қалыптасу кезеңі ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлтының
оянған шағымен тұспа-тұс келіп, алаштың елдік жүгін, бар ауыртпалығын
мойымай көтерген үркердей ғана оқыған зиялылардың қатарында Қошке
Кемеңгерұлының...алар орны ерекше» ,-деп Қ.Кемеңгерұлы мұрасын зерттеуші
Д.Қамзабекұлы атап өткендей, келесі есімдердің бірі қазақ халқының ұлттық
болмысы мен саяси-әлеуметтік өрлеуін, мәдени дамуы мен елдік рухын аса
қажет құндылықтар ретінде бағалай білген тұлғаларға жатады. 1915-1930 жж.
аралығында «қазақ әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына,
ғылымына айрықша үлес қосқан» Қ.Кемеңгерұлының ғылыми көзқарастары
қоғамдық өзгерістермен сабақтаса қалыптасқандықтан, еңбектерінің негізгі
идеялық бағытын қазақ этносының тарихы, тілі мен діні, мәдениеті мен
өркениеті құрады. Сынның ащы тілін болашаққа апарар талап-тілектер әуеніне
жалғай отырып, белгілі қайраткер барша шығармалары мен мақалаларын ұрпақ
жадында сақталар деректермен уәждеді. Мысалы: «Қазақ тарихынан»,
«Бұрынғы езілген ұлттар», «Егін салу турасында», «Тілшілердің міндеті һәм
мәнісі туралы», «Ел газеті қандай болу керек?», «Жат тіл оқыту әдісі», «Көркем
әдебиет туралы» және т.б. Жеке қабілеті ортақ мүддеге тоғысқан автор
туындыларының бүгінгі күні өзектелуі,
Достарыңызбен бөлісу: