АЛҒЫСӨЗ Ұсынылып отырған әдістемелік құрал



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі0,83 Mb.
  1   2   3
АЛҒЫСӨЗ
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал «Елдік белестері» құралында орта ғасырлардағы қазақ халқының этникалық қалыптасуы, материалдық және рухани мәдениетінің дамуы, мемлекеттік құрылысы туралы баяндалған.

Әдістемелік құрал жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған.



ПРЕДИСЛОВИЕ
В методическом пособии «Неразрывна связь времен» представлена информация об этническом формировании казахского народа, развития его материальной и духовной культуры, а также государственного стройтельства.

Данное пособие адресовано учителям общеобразовательных школ.



«Елдік белестері»

(қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мұғалімдерге көмекші құрал)
Теориялық бөлім
Бастауыш буын

(сабақтан тас уақытта оқу үшін бірнеше мәтін ұсынылады. Кері байланысты мұғалім өз шығармашылығына қарай құрастырады)


Керей хан

Жәнібек хан

Асан Қайғы

Мұхаммед Хайдар Дулат


Ақпараттық десант
Орта буын
5-сынып: Қазақ хандығының құрылуы (жалпы шолу).

6-сынып: Қазақ хандығының басқарушылары

7-сынып: ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының мәдениеті

8-сынып: Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы


Жоғарғы буын
9-сынып: «Бәйге» ойыны

10-11 сыныптар үшін пікірталас



Педагогикалық ұжым мен ата-аналар қоғамына арналған ақпарат
«Қасымханның қасқа жолы»

«Есімханның ескі жолы»

«Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

«Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы»
Практикалық бөлім
Бастауыш буын
Керей хан
Керей хан – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыстың (Өріс) ұрпағы (Орыс хан–Тоқтақия–Болат–Керей). Керей хан туралы мәліметтер «Тауарих-и- гузидайи Нусратнаме» және «Тарих-и-Рашиди» атты еңбектерінде кездеседі.Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін байтақ қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтерді. Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген. Аңыз бойынша, Шу бойындағы хан тауы етегінде жерленген.
Жәнібек хан, әз-Жәнібек
Жәнібек хан, әз-Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, екінші қазақ ханы. Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның ұлы (Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Жәнібек) XV ғасырда, үшінші атадан қосылатын ағасы Керей ханмен тұспа-тұс өмір сүрген. Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хан Қазақ ордасында 1472-1475 жылдар шамасында билік құрған.

Жазушы М. Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде ол жөнінде мынадай баға береді: «Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің белгісі –ол халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, әз-Жәнібек хан аталады. Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ ордасының құдыретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хакназар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан, әз-Тәуке хан Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымымыз Шоқан, Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы да осы әулие әз-Жәнібек ханның ұрпақтары» Керей хан мен әз-Жәнібек хан өз елін тарихтың барлық қиын жолынан аман алып өтті.


Асан Қайғы
Асан Қайғы– жырау, ойшыл, абыз. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде ол Дешті Қыпшаққа қайтып оралды. Қазақ ордасын құрған Керей хан мен Жәнібек хандардың ақылшы биі болған. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Асан Қайғы елінің сулы-нулы қоныс тауып «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады.

Алты атанған жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады. Әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз-Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі халық болашағын Жәнібектің ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды.



Мұхаммед Хайдар Дулат
Мұхаммед Хайдар Дулат (Дулати) – ортағасырлық тарихшы, әдебиетші. 1499 жылы Ташкентте дүниеге келіп, 1551 жылы Үндістандағы Кашмирде қайтыс болған. Моғолстан тарихын, басқа да түркі халықтары тарихын қамтыған әйгілі «Тарих-и-Рашиди» шығармасының және «Жаһаннаме» дастанының авторы. Жетісу жеріндегі ежелгі дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Мұхаммед Хайдар Дулаттың балалық шағы Мұхаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің Әмір Темір әулеті мемлекетімен соғысы, Моғолстанның ыдырауы, Қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұтас келеді. Ол атақты Бабырмен бөле болған (шешелері апалы-сіңлі). Сондықтан да, ол алғашында Кабулда, кейіннен Қашқарға тұрды. Одан Үндістанға өтіп, Ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болды. Кашмирді билеп тұрған шағында ол жергілікті халықтың көтерілісі кезінде қаза тапты. М.Х. Дулат жан-жақты білімді адам болған. Сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, Қазақ ордасы, Орталық Азия, Моғолстан тарихын, әсіресе, дулат тайпасының тарихын жетік білді. 1541-1546 жылдардағы Кашмирде «Тарих-и-Рашидиді» жазды.Бұл еңбекте Қазақ хандығының құрылуы жайында мол құнды деректер бар.
Ақпараттық десант
Орта буын
5-сынып
Қазақ хандығының құрылуы (жалпы шолу)
1-оқушы: Қазақ хандығының қалыптасуы. XV ғасырдың 50–60 жылдары Қазақстанның орталық өңірін Әбілхайыр хан билеп тұрды. Ол өзбек және қазақ тайпаларының басшысы болатын. Соғысқұмар ханның қатал билігіне бағынғысы келмеген Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр ханға қарсы шықты. Қазақ тайпалары мен руларының көбі Керей мен Жәнібекті қолдады. Енді Керей мен Жәнібек өз алдына жеке хандық құруды ойлап, соңына ерген халқымен оңтүстікке қарай көше жөнеледі.

2-оқушы: Сол кезде Жетісуде билік жүргізген Есенбұға хан (1429–1462) Керей мен Жәнібекті құшақ жайып қарсы алады. Шу мен Қозыбасы аймағынан қоныс бөліп береді. Әбілхайырға наразы қазақтар Жәнібек пен Керей сұлтанның қасына көшіп келіп қосыла береді. Сұлтандар төңірегіне жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетеді. Сөйтіп, 1465–1466 жылдары Қазақ хандығының негізі қаланады.



3-оқушы: Қазақ хандарының негізі Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарайды. Ал осы Шыңғысханның ұрпақтары қазақтың төре руын құраған.

4-оқушы: Керей мен Жәнібек бір-біріне туыстас адамдар болған. Екеуінің де аталары - кезінде ел билеген әйгілі хандар. Жаңа жерге келіп хандық құрған қазақ халқы жасы үлкен Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Керей хан – Қазақ хандығының тұңғыш ханы.

5-оқушы: Жәнібек хан Керейден кейін хан болып сайланды. Ол шамамен 1471–1480 жылдары ел биледі. Жәнібек хан кезінде Қазақ хандығы айналасына өзінің дербес ел екендігін танытты.

6-оқушы: Қазақ хандығындағы ең жоғарғы мемлекет билеушісі – хан болды. Хан билігі атадан балаға мұра ретінде қалдырылды.

7-оқушы: Қазақ хандығы көптеген ұлыстарға бөлінген, әр ұлыс жүз мыңнан астам адамнан тұрған. Оларды Шыңғысхан ұрпақтарынан тараған сұлтандар басқарған.

8-оқушы: Сұлтандардың ерекше құқықтары болды. Олар хан тағына сайлана алады. Оларды тек хан соты ғана соттай алатын.

9-оқушы: Би – Қазақ хандығындағы аса құрметті атақ. Өмір тәжірибесі мол, сот мәселесін жетік білетін, әділ, шешен, дана адамдар ғана би бола алатын.

10-оқушы: Батыр – ержүрек, қаһарман жауынгерге берілетін атақ. Батыр атану үшін шайқаста ерлік көрсетумен қатар, соғыс тәсілін жетік меңгеру қажет.

1-оқушы: Бай – мыңдаған малы бар дәулетті адам.

Кері байланыс
1-оқушы:Қазақ хандарының әулеті Шыңғысханның қай ұлынан тарайды? Жошы хан
2-оқушы Қазақ хандығы құрылған жыл? 1465 -1466 ж.ж.
3-оқушы Қазақ хандығының тұңғыш ханы? Керей хан
4-оқушы Ержүрек, қаһарман жауынгерге берілетін атақ? Батыр
5-оқушы Керейден кейін қазақтың ханы болып кім сайланды? Жәнібек хан

1-оқушы Керей мен Жәнібек сұлтандар кімге қарсы шықты? Әбілхайыр хан
2-оқушы Есенбұға хан Керей мен Жәнібекке қай аймақтан қоныс бөліп береді? Шу мен Қозыбасы
3-оқушы Қазақ хандығында кімдер хан тағына сайлана алды? Шыңғысхан ұрпақтарынан тараған сұлтандар
4-оқушы Қазақ хандығынын құрылуына биыл неше жыл толады? 550 жыл
5-оқушы Шыңғысханның ұрпақтары қазақтың қай руын құраған? төре
6-сынып
Қазақ хандығының басқарушылары
1-оқушы: Қазақ мемлекетінің шаңырағын көтерген алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек. Олар елін, жерін жауға бермей, қорғай білді.

2-оқушы: 1511-1518 ж.ж. Қасым ханның тұсында халық тұрғындарының саны 1 млн. дейін жетті.

3-оқушы: Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдар шығарды.

4-оқушы: «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының орындалуын қатаң талап етудің арқасында Қазақ хандығының күш-қуаты артып, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды.

5-оқушы: Қасым ханның тұсында Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.

6-оқушы: 1538-1580 ж.ж. Қасым ханның баласы Хакназар (Ақназар). Әкесі сияқты саяси жағдайды алдын ала болжай білген.Ел басқаруда сабырлық танытып, мемлекетінің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған.

7-оқушы: Хакназар хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Ресеймен қатынас жасауда Хақназар хан әкесі Қасым ханның жолын ұстанды.

8-оқушы: 1582-1598 ж.ж. Шығай ханның баласы Тәуекел, көреген саясаткер, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге дейін көтере білді.

9-оқушы: 1598-1628 ж.ж. Тәуекелдің інісі Есім хан мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер. Қоныс тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасында қарым-қатынасқа туындайтын дау-шардың шешімдері «Есім ханның ескі жолы» далалық заңдар ережелерін жасады.

10-оқушы: 1628-1652 ж.ж. аралығында Есімнің баласы Жәңгір хан болды. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады.

1-оқушы: Салқам Жәңгір 600 жауынгерімен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.

2-оқушы: Жәңгірдің жауректігі мен тапқырлығы, көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті. Шайқасты ұйымдастырып, оған басшылық жасаған шапырашты Қарасай, арғын ағынтай, найман Көксерек, алшын Жиембет, қаңлы сарпың т.б. батырлар болды.

3-оқушы: 1680-1715 ж.ж. Жәңгір ханның баласы Тауке хан, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдыретті күшті хан болды.

4-оқушы: Қазақ хандығы заңы «Жеті жарғы»  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптық ережелер негізін жасады.

Кері байланыс

«Сәттілік шаршысы»
Ойын алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Бөліктері жазылған. Әр бөлікте ханның есімі жазылған. Олар 5 немесе одан да көп болуы мүмкін. Оқушы «Сәттілік кубигін» лақтырады. Қай бөлікке түссе, сол бөліктегі Әміршінің Қазақстанның дамуы мен құрылғанына қандай үлес қосқаны туралы айтып беруі керек. Оның қазақ халқының тарихи тағдырына әсер еткенін көрсету.

Қорытындылау. Әр дұрыс жауап үшін оқушылар фишка алады. Фишкаларды санау арқылы жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздарды құттықтау.


7-сынып
ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының мәдениеті
1-оқушы: Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды. Қазақ халқының жан дүниесі, ой-арманы, тұрмыс-тіршілігі мазмұны терең, көркемдігі жоғары, құнарлы қазына – ауыз әдебиетінен көрініс тапты.

2-оқушы: Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алды. Жыраулар ерте кезде хандардың жанында кеңесші қызметін атқарды, батырларды дәріптеді, қаза тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады. ХV-ХVІІ ғасырларда: Доспамбет, Марғасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Үмбетей, Шалкиіз, Бұхар т.б. жыраулар өмір сүрді.

3-оқушы: Доспамбет жырау – сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр болған. Оның өлеңдерінен жастарды ерлікке, елін, жерін шапқыншы жаулардан қорғауға шақырған жалынды насихат, үгіттің сарыны сезіледі.

4-оқушы: Жиенбет жырау Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, батыры болған. Ол Есім ханның соғыстарына қатысып, ерлігімен, іскерлігімен, тапқырлығымен көзге түседі. 1620 жылы ойраттармен арадағы соғыста жеңіске жетуге үлес қосады. 1627 жылы Есім ханнан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуға қатысады. Кейін Есім ханның кемшіліктерін, қатыгездігін байқап, оны қатты сынға алады.

5-оқушы: Қазақ ертегілері халық тұрмысының түрлі жақтарын, қоғамдық өмірін, арман-талабын айқын көрсетеді. Сол кезде кең таралған ертегілер «Ер Төстік», «Құламерген», «Алтын сақа», «Аламан мен Жоламан», «Асан Қайғы», «Қарамерген». Аяз би, Жиренше.

6-оқушы: Алдаркөсе сияқты ертегі кейіпкерлері қатал,қиянатшыл хандарды, дүниеқұмар байларды, әділетсіз билерді әшкерлеп, мазақ етеді.

7-оқушы: «Ер Сайын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», «Төрехан», «Телағыс», «Құбағұл» дастандарында елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен кестеленген.

8-оқушы: Лирикалық поэмалар- «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Күлшеқыз», «Мақпалқыз» жырларында халық тұрмысы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері де кең көлемде көрініс тапқан.

9-оқушы: Қазақ халқының ойын-сауық, той-думаны музыкасыз өткен емес. Халық арасында көп тараған музыка аспабы-домбыра. Қобыз да кең тараған, көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап. Бұдан басқа қамыстан, кейде ағаштан жасалған сыбызғы аспабы болды. Дабыл, дауылпаз –ұрып ойналатын аспап, асатаяқ, қоңырау –сілкіп ойналатын аспаптар.

10-оқушы: Қазақтың өлең-жыр өнерінде көп тараған терме еді. Бұл әр алуын ырғақпен, қысқа қайырып айтатын өсиет, насихат түрінде болды. Терменің өлең жолдары көбінесе 7-8 буынды болып келеді.

1-оқушы:Дарынды қазақ өнерпаздары музыка аспаптары арқылы орындалатын ғажайып күйлерді дүниеге әкелді. Домбырашы өзінің күйін орындаудан бұрын күйдің шығу тарихын, мазмұнын қысқаша баяндап беретін болған.

2-оқушы: Халқымыздың рухани мәдениеті оның күнделікті өмірі, шаруашылығында атқарылатын әдет-ғұрпы мен салт-санасында көрініс тапқан. Мәселен қазақтар қыстаудан көшкенде қыстау мен малын отпен тазарту салтын міндетті түрде атқарған.

3-оқушы. Тіл-көз тимеу үшін де әр түрлі ырымдар жасалған. Мысалы, көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара тағылған. Мұны «қарқаралы көш» деп атаған. Бұл тіл-көз қарқараға ауады деген сенім. Қымыз ашытып «қазық майлау» немесе «бие мұрындық» деп аталатын шағын той-томалақ жасаған.

4-оқушы: Көшіп-қонып жүрген қазақтар жұлдызды аспанға бақылау жасауда көп тәжірибе жинақтады. Аспан сырларын ұғып, көңілге түю шексіз-шетсіз далада адаспай, жан-жағына тез бағдарлауға, жайылымды, құдықты көздеген жерін таба білуге үйретті.

5-оқушы: Есепшілер маусымды өзгерістерді дәл ажыратып, қыстаудан жайлауға шығу, одан қайту мезгілдеріндегі ауа-райын болжап отырды. Қазақтар «жұлдызды аспан картасын» жатқа білді. Темірқазықты түнде жүріс бағытын бағдарлауға пайдаланды, «Жетіқарақшы» қазақтар үшін астрономиялық сағат болды.

6-оқушы: Күзде күн ұзарған кезде бақташылар Жетіқарақшыға қарап, кезектің ауыстырылатынын білген. Меркурийді «Таң жұлдызы», кейде «Кіші Шолпан» деп атаған. Тараз жұлдызы көрінсе – таң салқындайды, егістікті жинауға дайындықты бастайды.

7-оқушы: Есепшілер айдың қозғалысын бақылап, 1 жылды 12 айға, 1 айды 3 аптаға бөлген. Жыл мезгілдерін Үркерге байланысты белгілеген. Мүшелік күнтізбеде уақыт есебі 12 жылдық мүшелмен есептелді, әр жылға хайуан аты берілді. Мүшел жас: 13,25,37,49,61,73,85,97

8-оқушы: Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жаздыгүні жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстыгүні жер үйде шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды, оның бірі-киіз үй, екіншісі арба үстінде орнатылған жылжымалы үй-күйме болды.

9-оқушы: Киіз үй үш бөліктен – шаңырақ, уық, керегеден тұрды. Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық, үзік, түндік деп аталды. Киіз үйдің бауы- басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарды. Үйдің дәл ортасында от жағатын орын- ошақ болды. Керегелер санына қарай киіз үйлер 6,8,12,15,18 қанатты болып бөлінеді. 12 қанатты үй 100-120 м2 алаңды алды. Киіз үйдің оң қанаты әйелдер бөлігі саналып, төсек орын, бесік, үй аспаптары, ыдыс-аяқтар орналастырылды, ал сол қанаты ерлер бөлігі саналып, ер-тұрман, қару-жарақтар қойылды.

10-оқушы: Қазақ халқы өзіндік бірегей бай мәдениетті дүниеге келтірген, ол қазіргі уақытқа дейін жалғасын табуда.
Кері байланыс:

Сұрақтар:

  1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қандай жырауларды білесің?

  2. Қазақтарда халық күнтізбесі қалай дамыды?

  3. Киіз үй туралы не білесің?

  4. Қазақ халқының ауыз әдебиеті қалай дамыды?

  5. Қазақ ерлері қандай аяқ киім киді?

  6. Қазақтар қыстаудан көшкен кезде қандай ырымдар жасалған?

  7. Қазақ халқында қандай музыкалық аспаптар болған?

  8. Терме деген не?


8-сынып
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
1–оқушы: Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі жеті тармақтан тұрды.

2-оқушы: Ауылдық басқару. Қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Ол туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады. Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атады.

3-оқушы: Ауылбасы ауыл ішінде беделі күшті білгір, тәжірибелі және ауқатты адам болуы керек. Оның атқаратың міндеттері: ауылдастардың шаруашылықтарын басқару, маусымдық көші көн уақытын белгілеу, ауылдың адам мен көлік күшін дұрыс пайдалану, ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру. Жоғарыдан келетін бұйрықтар мен жарлықтарды өз кезінде орындау болды.

4-оқушы: Ата-аймақ. Бір атадан тараған, жеті атаға дейін қосылатын бірнеше ауылдан құрылады. Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ауылбасылар «ақсақалмен» кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырады.Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге құқылы болды. Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлі жағын жазалады.

5-оқушы: Рулық басқару. Ру он немесе он бес аймақтан құрылатын болған. Руды басқаратын басшысы ру биі немесе рубасы деп атады. Руға өз қасиетімен, не аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті. Рубасы ақсақалдарды жиып алып, оларға ақыл-кеңес берді, жоғарыдан келген жарлықтар мен бұйрықтарды орындап отырды. Өзінің рулық аймағында кездесетін дау-шар болса, оны әділдікпен шеше білді, көпті көрген мол тәжірибелі өте білікті адам болады.

6-оқушы: Ұлыстық билік. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясаты және әлеуметтік өмірге басшылық, ұлыс сұлтанның немесе ханның қолында болды. Ұлысбасы хан немесе сұлтандар билер кеңесіне сүйенген. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектердің әулетінен шыққандар болды.

7-оқушы: Жүздік билік. Жүз бірнеше ұлыстан құралды. Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Жүздің билеушісін хан деп атады Әрбір жүз өзінің ханын сайлайтын.

8-оқушы: Хандық билік. Хандық үш жүзден құрылды. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды (Түркі дәуірінде оны қаған деп атаған). Хан елдің сыртқы саясатын өз қалауымен жүргізді. Төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында шешілген, ал қара қазақ баласының дауын кез келген төре шеше алған.

9-оқушы: Құрылтай (немесе Мәслихат) бүкіл қазақ халқы ұлтының бас қосқан кеңесі. Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматтары түгел қатынасады. Құрылтайдың немесе мәслихаттың кеңесінде көрші елдермен соғысу немесе одақ құру т.б. бойынша шешімді бекіту не бекітпеу мәселесі қаралған.

10-оқушы: Қазақстың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарларды қатынасты. Ру басшылары хан болып сайланатын адамды ақ киізге отырғызып көтереді. Би-сұлтандар ақ киіздің шетінен ұстап, жиналған жұртты аралайды. Ханды үш рет көтереді, халық әрбір көтерген сайын «Хан», «Хан», «Хан» деп үш-төрт рет айғайлап, дауыстайды. Содан кейін жиналған жұрт жапа-тармағай жабылып, ханды көтерген киізді «Тәбәрік» етіп бөліп алады.


Кері байланыс:
-Қазақ хандығында басқару жүйесі қандай болды?

-Ханды кімдер сайлады?

- Ханталапай дегенді қалай түсіндіңдер?

-Сұлтандар деп кімдерді айтты?

-Кім руды басқарды?

-Ата аймақ деген не?

-Ауылды кім басқарады?

-Қазақ хандығында қандай топтар мен әлеуметтік құрылымдар болды?


Жоғарға буын
9-сынып
«Бәйге» ойыны
Ойын шарты:

І айналым: Тест тапсырмасын орындайды (тест тапсырмасын 18 ұпайдан жоғары алған оқушылар екінші айналымға өтуге құқылы)

ІІ айналым: Бәйге (интеративті тақтадағы тапсырмаларды орындайды)

А) "Сандар сөйлейді" (сандарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.)

Б) "Портреттер сөйлейді" (Хандардың суреттері жасырулы тұрады, тұлғаға қатысты сұрақтар қойылады, тұлғаны табады.)

В) Шығармашылық тапсырма " Егер де мен........"


Ойын барысы:

І айналым Тест тапсырмасы.

1. Қазақ хандығы құрылуы алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Ол қай мемлекеттер?

А) Әбілқайыр хандығы мен Мауараннахр

В) Мауараннахр мен Моғолстан

С) Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының

Д) Ақ Орда мен Ноғай Ордасы.

2. Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін 1465-1466 жылдар деп жазған кім?

А) Мұхаммед Хайдар Дулати

В) Қадырғали Қосымұлы Жалайри

С) Масұд ибн Усман Кухистани

Д) Әбілғазы Бахадур

3. Қасым ханның таққа отырған жылы:

А) 1509 жылы

В) 1511 жылы

С) 1512 жылы

Д) 1480 жылы

4. Хақназар хан кіммен "дос болып, өзара көмектесу" жөнінде "ант беріскен шарт" жасасты:

А) Баба сұлтан

В) Абд ар-Рашид

С) Шайбани ханмен

Д) ІІ Абдаллахпен

5. Қасым хан өмірінің соңғы кезінде қай қалада билік жүргізді?

А) Сайрамда

В) Түркістанда

С) Сығынақта

Д) Сарайшықта

6. Тәуекел сұлтанның Баба сұлтанды өлтірген үшін, Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі қай уәлаятын сыйға берді?

А) Ташкентті

В) Искандерді

С) Мүншиді

Д) Африкентті

7. Тәуке хан ел билеуде арқа сүйеді

А) Сұлтандарға

В) Билерге

С) Ақсақалдарға

Д) Батырларға

8. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы:

А) "Қасқа жол"

В) "Жеті жарғы"

С) "Ескі жол"

Д) "Билік келісім"

9. Ауылды басқаратын адам

А) ауылнай

В) ақсақал

С) би


Д) рубасы

10. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі

А) жиналыс

В) құрылтай

С) мәжіліс

Д) съезд

11. XVI ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы

А) Сығанақ

В) Сайрам

С) Түркістан

Д) Сауран
12. Есім ханның ең жақын жорық жырауы

А) Шалкиіз

В) Сыпыра жырау

С) Марғасқа

Д) Доспамбет

13. Қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтірген мемлекет қайраткері, Үш Жүздің басын біріктірген Абылай хан өмір сүрген кезең

А) 1711-1781 жылдары

В) 1715-1785 жылдары

С) 1720-1785 жылдары

Д) 1711-1789 жылдары

14. Қазақ хандығының құрылуына Қазақстанның қай аумағында негіз қаланды:

А) Батыс Жетісу жерінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Шығыс Қазақстанда

Д) Орта Азияда

15.Есім ханның ел билеген жылдары

А) 1523-1518 жылдары

В) 1538-1580 жылдары

С) 1582-1598 жылдары

Д) 1598-1628 жылдары

16. Егіншілікпен айналысатын малы жоқ кедейлер

А) Қараша

В) Жатақ

С) Егіншілер

Д) Төлеңгіт

17. 1771 жылы қазақ хандығына қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің орнына оның үлкен ұлы отыруы тиіс

А) Абылай

В) Әбілпайыз

С) Есім


Д)Әбілқайыр

18. Кіші жүздің соңғы ханы

А) Уәли хан

В) Шерғазы хан

С) Нұралы хан

Д) Жәңгір хан

19. 1841 жылы тамыз айында хандық билікті қалпына келтірген Кенесары қазақ қауымында белгілі билер сотын жойып, оның орнына...

А)хандық сот

В) билер соты

С) халық соты

Д)азаматтық сот

20. 1845 жылға дейін хандық билік сақталды.

А)Ішкі Ордада (Бөкей хандығы)

В) Кіші жүзде

С) Орта жүзде



Д) Ұлы жүзде
ІІ айналым: Бәйге (интеративті тақтадағы тапсырмаларды орындайды)

А) "Сандар сөйлейді" (сандарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.)



10

20

30

40

50

10

20

30

40

50

10

20

30

40

50


10 - Қазақ хандығының негізін қалағандар? /Керей мен Жәнібек/

10 - Қазақ хандығының тағына алғаш отырған кім? /Керей/

10 - "Тарих- и- Рашиди" еңбегінің авторы кім? /М.Х.Дулати/

20 - Қозыбасында Қазақ хандығы нешінші жылы құрылды? /1465-1466жж/

20 - Сыр бойындағы қандай қалалар Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты? / Сығанақ, Сауран, Созақ/

20 - Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты жасалған заңы: /"Есім ханның ескі жолы"/

30 - 1643 жылы қай шайқаста Жәңгірдің санаулы сарбазы Жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрды? /Орбұлақ/

30 - 1573 жылы Қазақ хандығымен одақ құру үшін орыс елшілерінен кімдер келді? /С.Мальцев пен Т.Чебуков/

30 - Қай жылы Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде Мәскеуден тілмаш Вельямин Степанов жіберілді? / 1595 жылы/

40 - Хан тағына кімдердің ұрпағынан сайланды? /Шыңғысхан ұрпағы сұлтандар, төре тұқымдары/

40 - Абылай хан қай жерде жерленген? /Түркістандағы Ахмет Иасауи кесенесінде/

40 - Абылай ханның өте бір ұнатқан ақыны: /Тәтіқара/

50 - Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі Кіші жүз ханы Әбілқайыр қай мемлекетпен тығыз байланыс орнатуға тырысты? /Ресей/

50 - 1740 жылы тамыз айында Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай қай жерде Ресей империясының билігін мойындады? /Орскіде/

50 - Қазақ хандарының негізгі міндеттері: /Елдің ішкі-сыртқы өмірін реттейтін заңдар мен бұйрықтар шығарады, көші-қон қонысты белгіледі, әскердің жоғарғы басшысы болды/
Б) "Портреттер сөйлейді"(Хандардың суреттері жасырулы тұрады, тұлғаға қатысты сұрақтар қойылады, тұлғаны табады.)

Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, ........................... сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды.


.......... – қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.

Ол көрші ірі Ресей мемлекетімен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін мазалауын тотатуға тырысты.


Абылай ханның ұлдарының бірі Қасым төренің баласы .................... . Ол ХІХ ғасырдағы бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық күресті басқарды.




Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу