Көжек тізбектелген сабақ №1 -есеп



Дата01.04.2017
өлшемі109,65 Kb.
#13284
Көжек тізбектелген сабақ №1 -есеп Тәуелсіз егемен елімізді баянды етер өскелең ұрпақ деп, мен алғы сөзімді шығыс ғұламасы Әбу-насыр Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім –азаматтың қас жауы ол келешекте ол оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған орай мектеп жасындағы баланың өмірге қызығушылығын арттыратын мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мектеп, мұғалім, ата-ана бірігіп топ құрып тығыз жұмыс жасаса, ұрпағымыз сапалы білім, саналы тәрбие салауатты өмірге құштар жастар тәрбиелемек. Бүгінгі күнде елбасымыз педагог кадрлардың мақсат-міндетттерін сабақтың сапасын көтеріп, сабақ түрлерін жетілдіріп, оқушылардың білімге деген қызығушылықтары мен танымдық ізденімпаздылығын арттыру мен жастардың жақсаруына, оқытудағы әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану керектігін атап көрсеткен. Заман талабына сай мұғалімнің біліктілігін арттырып, жан-жақты болып, негізгі мақсат-міндеттерін өзгертуін талап етеді. Ұстаздарда оқушылардың бойында өз бетімен білім алуы, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, қоғамдағы жандармен диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, белсенді азамат, болашақ маман ретінде көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру шүін қажетті білім мен қамтамасыз ету болып тұр. Кембредж университетінің тәсілдерін білім беру жүйесіне енгізе отырып, бағдарламадағы жеті модульді пайдаланып, сабақ өтудің маңызы зор екеніне бүгінгі таңда көз жеткіздім. Кембредж университеті ұсынған Бағдарламаның әдіс-тәсілдерін меңгеріп мектепте өткен іс-тәжірибемде пайдаландым. Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі алғашқы теориялық білім негізіне сүйеніп әр сабағымды оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдер пайдаға асырдым. Жаңа оқу жылының басында жасаған мемлекеттік оқу бағдарламасының стандартына сүйеніп күнтізбелік-тақырыптық жоспардан тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар құрудан бастап, кейін қысқа мерзімді жоспар түздім. Сөйтіп бірінші тақырыбым «Көжек» ертегісіне тура келді. Осы тақырыпқа жеті модульді кіріктіріп сабағымды 3 «А» сынып оқушыларымен өттім. Сабақтың мақсатын қол жетімді еттім, күтілетін нәтиже: шынайы өмірмен байланыстыра алады, сұрақтарды дұрыс қоя біледі, ертегі түрлерін ажырата алады. Сабақ барысын шаттық шеңбер арқылы бастап, бір-біріне ыстық лебіздерін білдірді. Әдетте бір-бірінің сөзі қайталанып отырды, мысалы: «Бақытты бол, сабағыңды жақсы оқы, ата-анаңның айтқанын тыңда, анаңды құанта бер, өркенің өссін, күнделігің беске толсын, қөңілді жүрдеген тілектер тіледі. Психологиялық дайындықта бір шумақ өлең оқыдық: Қуанамын мен де, қуанасың сен де. Қуанайцқ достарым, Арайлап атқан күнге!-деп кәмпит түстерімен 4топқа 1-топ арқар, 2-топ елік, 3-топ киік, 4-топ бұғы деп бөлдім. Үй тапсырмасын сұрау барысында кубизм әдісін пайдаландым әр топ басшы кубикты лақтырып тиісті сұрақты алап 30 секунт ішінде жауабын дайындау тапсырылды. «Мағынаны тану» кезеңінде интер белсенді тақтадан суреттер көрсетіп, артығын тап, неге артық? Дәлелде- деген сұрақтар бердім. Балалар қоян артық. Себебі төрт түлікке жатпайды деп қолын көтеріп айтып отырды. А деңгейіндегі оқушым қоянның түсі қыс мезгілінде өзгеретіндігін баяндап берсе, В деңгейіндегі оқушы қоян үйде және орманда мекен етеді, екі түрі болады, қоян алма, орам жапырақ жейтінін айтты. Мен миға жабыл ретінде жұмбақ жасырып жалғастырдым. Көлеңкесінен қорқып безгектейді, оның баласын не дейді? Сол кезде үндемей отырған С деңгейіндегі балам қоянның баласы көжек –деді. Әңгімеге тарта келе көршісінің үйінде қоян асырайтынын баяндады. «Кейбір оқушылар бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін» екеніне көзім жетті. (МАН 73-бет). Осы сәтте әңгіме диалог түрінде іске асты. «Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірінің жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді». (МАН 12-бет). Көжек жайлы әңгіме өрбіп кеткенінен оқушылар бүгінгі тақырып «Көжек» екендігіне көздері анық жетті. -Әдетте ертегі қалай басталады? –Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде. -Ертегіні қандай түрлерін білесіңдер дегенде, - қиял-ғажайып , шыншыл және жан-жануарлар жайлы ертегі деп А деңгейіндегі оқушым белсенді жауап берді. Бүгінгі «Көжек» ертегісін қай ертегіге жатқызуға болады? В деңгейіндегі бала жан-жануарлар ертегісіне жататынын аңғарып айтты. Мен сабағымда балаларымы бағыт-бағдар беріп отырдым. Флейвелл және басқалар(1995).Оқу үдерісін ұғыну деңгейіне ауыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылауы мен ұйымдастыруын игеруге көмек бере алар едік деген пікірді ұсынды.(МАН 77-бет) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып мәтінді бөліктерге бөліп, топтарда оқып келесі топтарға түсіндіруін талап еттім. Бұл кезде ДЖИКСО әдісі болды. Келесі тапсырмада «Туған жердің ыстық, қымбат болатыны жайында бұрын оқыған мәтіндеріңді еске түсіріп көрейік делінді. Оқушылардың бірі кітап бетін парақтаса, бірі-Туған ел, Мен елімді сүйемін. Үш бақытым деп үлгерді. Сонда «Қартқожаның туған жері. Кімнің мекені жақсы»- деп А деңгейіндегі оқушым 2 сыныптағы мәтіндерді еске түсірді. Туған жер туралы балалар мақал –мәтелдер айтайық, Отан үшін отқа түс күймейсің. Туған жердей жер болмас , Туған елдей ел болмас. Әркімнің өз жері мысыр шаһары. Өзге елде ұсұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол. Дәптерге 3мақал жазып үлгеріңдер деп тапсырдым. Оқушылар мұғалім ғана бағалаушы емес екенін сезіне отырып, топ басшылары жауап берген, құнды идея айтқан, мақал айтқан балаларды бағалау парақшасына түртіп отырды. Балалардың бойын сергіту мақсатында «Сұр қоян» өлеңін бірге орындауға қимылын келтіріп жасауға бәрі бірдей әрекет жасап талпынды. Бірі күлімсіреп жимиып, бірінің көңілі көтеріліп ынтымақтастық орнап, тамаша көңіл күй қалыптасты. Сабақ әрі қарай ой толғанысқа жалғасты , онда дискудсиялық карта мен тапсырма жасалды. Сұрақ: Шаруа көжекті үйге әкелгені дұрыс болды ма? Балалардың жауаптары: дұрыс далада көжек қалып қойса тоңып қалар еді, өліп қалуы мүмкін еді десе, дұрыс емес рақымсыз қоян мұзға тастап кеткені, шаруаның балалары көжекті умаждағаны, түрткілегені, сен қыли көз деп мазақ қылғанын дұрыс көрмеді. Әр бала өз жазғанын оқуға талпынды. Өзара менікі де солай , маған ұқсас деген ойлар айтылды. Топтағылар менен көшірдің депте айтты. Топтағы оқушылар сендердің ойларың бірдей болуы да мүмкін, мәтінді бірге оқып талқыладыңдар ғой бірақ әр баланың өзі айтқаны өз пікірін білдіргені дұрыс. Әркімнің пікірі құнды.Біз өзімізді бақылап, бағалауымыз , соның нәтижесінде өзіміз жөнінде қорытынды шығаруымызға байланысты «мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын екі маңызды мотив бар, олар өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау.(МАН 23-бет) Рефлексия стикер таратып бүгін не ұнады? Не ұнамады? Не үйренгендерін жазып пікірлер ағашына жапсыруын ұсындым. Нәтижесінде балалардың деңгейі әр түрлі болғандықтан өз ойларын ашық жазуға, айтуға мүмкіндік болды. Әр тапсырмада балалар ойланып ,ойын жинақтап, өз пікірлерін ортаға салатын болды. Дәстүрлі сабағымда оқушылар түгел қатыспайтын, енжар бала қалыс қалып қоятын.Түсінбеген тапсырмалар күннен-күнге көбейе беретін. Бағдарлама модульдері оқу нәтижесінде өзгеріс енетініне сенімді болдым. Сыныпты топқа бөліп жарыс сабақ сияқты түсінсе де, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалансам, олар бірі білмегенін бірінен сұрауға ұмтылатын әрекет жасады. Сергіту сәті, топтық жұмыстар, постер қорғауы, сұрақ қоюы ұнап жатты. Сыныптан аңғарғаным, топпен жұмыс жасағанда оқу үдерісі алға өрбиді, сонымен қызығушылығы артып бір-бірімен әңгімеге түсіп отырғаны, қолдауы артты. Қорытынды: мен өз ойымды қорыта келе Кимбридж бағдарламасының жаңа әдіс-тәсілдері қазіргі заман талабына тиімді екнін байқадым. Сонымен бірге жаңа технологиялар білім берушімен қоса білім алушының да өзіндік ой-пікірін жан-жақты дамыта отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеп шыңдайды. Баланың бойында сенім ұялайды. Келесі сабақтарымда тәсілдерді түрлендіре отырып , балаларымды білімге құштар, ізденімпаз, ұмтылғыш, белсенді, идеял болу жақтарын көретініме күмәнмен қарамаймын.Себебі олар сыни ойланады, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалануға ұмтылғанын байқадым. Топтық жұмыстарда көзге түсті, ізденісте болды, зерттеушілік әңгіме жүргізе білді. Келесі сабақтарымда осындай тапсырмаларды ат салыса орындап , уақыт үнемдеуін үйреніп, сыни ойлауға бағыт-бағдар, түрткі беріп отыруымның арқасында орын алған кемшіліктер қайталанбайды. Алдағы сабақтарым да жеті модульді кіріктіріп жоғары деңгейде өтемін деген толық сенімбемін.

Қамқорлық тізбектелген сабақ №2-есеп.



Бала тәрбиесі-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. «Тәрбие басы тал бесік»-дейді халық. Ал баланың дұрыс өсуі, дұрыс тәлім-тәрбиеге бейімделуі алдымен отбасына, содан соң балабақша мен мектептегі тәрбиеге байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолынеда»- дегенін барлығымыз білеміз. Ал осы білім мен бәрбие беретін мұғалімдеріміздің еңбегінің жемісті болуы үшін ең қажетті мәселе мектеп басшыларының ұстаздармен әдістемелік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруында. Білім берудің барлық түрі тәрбиемен ұласады. Үшінші деңгей бағдарламасының негізгі міндеті-Еліміздің мұғалімдеріне педагогикалық іс-тәжірибелерін жетілдіріп, дамытып, бағалауға көмек беру. Сонымен оқыту мен оқудағы қазіргі заманауи әдістері ұстаздың күнделікті ісінде және әңгімесімен өзара байланысып ұштасады. Үшінші деңгей бағдарламасы барысында педагогикалық әртүрлі аспектілер талқыланады. Осы Үшінші деңгей бағдарламасының негізгі қағидасы тәжірибелік қызметі нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектісіне қатысты ғылыми (зеттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдерге Үшінші деңгей бағдарламасына кіргізілген оқыту мен оқудағы статегия ментәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылған жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.(МАН10-бет). Осыған байланысты мен бірінші бетпе-бет кезеңінде алған білім мен әдіс-тәсілдерімді мектептегі іс-тәжірибемде пайдаланып , және бірге жұмыс жасайтын әріптестеріммен бөлісіп, А,В,С деңгейіндегі балаларымды қадағалауға көмекке шақырдым. Мұғалімдерге жеті модуль жайлы айтып өттім. Тізбектелген сабақтар топтамасында жоспарлап алған 2 сабағым Бердібек Соқпақбаевтің «Қамқорлық» деп аталатын мәтіні болғандықтан , мен алдын ала осы сабағыма қысқа мерзімді жоспар құрдым. Мен мақсатымды қол жетімді және оқушыға бағыттап қойдым. Бердібек Соқпақбаев жайлы мағлұмат алу, оның шығармаларымен танысу, құстарға қамқорлық жасау, және Торғай мен Қамқорлық мәтінін салыстыруды үйренеді. Тіл -тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде білім диалог арқылы беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу –оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. (МАН26-бет).Яғни бұл сабақта мен 45 мин ішінде жеті модульді сабақта пайдаланам деп жоспарладым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу, оқыту мен оқуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту және оқытуды басқару және көшбасшылық.

Оқушылардың алдыңғы сабақта өздері дайындаған топ ережесін пайдаландым: 1. Топ ережесін сақтау 2. Бірін – бірі сыйлау 3. Уақытты үнемдеу 4. Жылдам орындау 5. Топпен жұмыс. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында шаттық шеңбер құрып «Біз бақытты баламыз, Ойнап күліп аламыз, Жетілсін деп санамыз, Оқып білім аламыз» -деп ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырдым. Топқа «Қарлығаш, Бүркіт, Сұңқар, Лашын»-деп 4 топқа бөлініп отырдық. Сыныпта бірлескен топтық жұмыспен шектеліп қоймай, сонымен бірге өздерін еркін сезінуіне жағдай жасап сергіту сәті кезінде «Ақ көгершін» әнінің бір шумағымен қоса қимыл қозғалыста жасап үлгердік. Дегенмен оқушыларға құстар жайлы мәлімет бере отырып, оларға қамқор бола білуге, үлкендердің көмегімен ұя жасауға бағыт бердім. Үй тапсырмасын әр топтан жалғастыр деп сұрап, пысықтауды сұрақ-жауап арқылы мәтіндегі соңғы азат жол кімнің сөзі? Туған жердің ыстық, қымбат болатыны жайында бұрын қандай мәтіндер оқығандығымыздыеске түсіріп көрелік дедім . Бірі Туған жер, Бостандық таңы, Қазақстан, Қартқожаның туған жері-деп атап айтты. Сұрақ қою маңызды дағдыларын бірі болып табылады, себебі дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрі: төмен дәрежелі жіне жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. (МАН38-бет). Нұсқаулықтан алған біліміме сүйене отырып, балалардың сұрақты дұрыс қойып, дұрыс жауап беруіне түрткі беріп, сынақтан өткізіп және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдаландым. Буриме әдісімен оқушылар туған жер жайлы мақал-мәтелдер жазды. Топта жұптық жұмыс орнады, бір-бірінің жазған мақалынының дұрыстығын тексеріп , көмек көрсетті. Оқушылар дұрыс жазғандарына бір жұлдызша алып өз топтарын алға тартты. Жаңа тақырыпты «Кім жылдам» деп 2 минуттық миға шабуыл жасадым. Жыртқыш құс?-Қыран. Қандай құс жемін түнде аулайды?-Жапалақ. Қонақ шақыратын –сауысқан. Құстардың үйі-ұя. Орман дәрігері-тоқылдақ. Әнші құс-бұлбұл. Ал міне, осы құстар жайлы не айтасыңдар?-деп , диалог арқылы олар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қалыптасуын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. (МАН57бет). Осы тұста ноутбукты пайдаланып құстар жайлы слайдтар көрсеттім.Слайдта кұстардың көп түрлілігін көре отырып сабаққа қызығушылығы артты. А деңгейіндегі оқушы құсбегі-аңға құсқа салу мақсатымен бүркіт, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды қолға үйрететін адам. Қазақ даласында аңшылықпен кең тараған түрі-бүркітпен аңға шығу. Құстардың арнайы жабдықтары томаға-бас киімі, шымыр-құстың қашып кетпеуі үшін жасалған арқан, сапты аяқ-жемсауыт. Осы тұста өзімше тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың арқасында деп ойладым. Сабақ құс жайлы екенін білдік. Автор жайлы не білетінімізді бастайық . Мен «Менің атым-Қожа» киносын көргем деп В деңгейіндегі оқушы Бердібек Соқпақбаевты Шәкен Айманов киностудиясында жұмыс жасаған оның көптеген повесть, әңгімелері бар деді. Балалық шаққа саяхат , Бозтөбеде бір қыз бар. Өлгендер қайтып келмейді.1924жылы 15 қазанда Алматы қаласында Нарынқұл ауылынды туғанын еске түсірді А деңгейіндегі оқушы. Әрқайсысы өз пікірлерін айтып топ-топ болып ортаға салды. Оқушыларға мәтінді бөліктерге бөліп өздігінен оқып топта талқылауын тапсырдым. Топпен шығып әр абзацты әр оқушы түсіндіріп жатты. 1-топқа Мәтінге сүйені торғайдың халін сипатта, 2-топқа сендерге торғайдың халі қандай көңіл күй туғызды. 3-топқа баланың қылығы ше?4-топ суретте мәтіннің қай жері суреттелген деп бөліп бердім. 2-топ Постерге сурет салды. Торғай мен Қамқорлық мәтінінен сурет салуды тапсырдым. 2-топ Венн диаграммасын жасады. Екі мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар .Мен бақылап, бағыт беріп, жүрдім.Балалар бірігі екеуі сурет салса, екеуі айтатын сөздерін параққа жазып жұмыстары алға басты. Бірі сағатқа қарайлап, уақыт таяғанын тездетуін сұранса, екінші топта жаз үлгереміз деп басу айтты. 3-топ Ж. Аймауытовтың торғайы жыланнан қорықты, оны Ақбілек арашалап алып қалды. Б.Соқпақбаевтың торғайын Жантастан қорықты Қожа аман алып қалды. екеуінде де, торғай , қорқыныш, қамқорлық, қорғаушы бала мейірімді деп жазып көрсетті. Ой толғаныс бәріне бір сұрақ қоя отырып қорытындыладым «Қожоның орнында не істер едің? Араларыңда Жантас сияқты бала табыла қалса не жасайсыңдар?» Әр баланың пікірі құнды өзіндік пікірі бар. Бір сөйлемнен айтып отырды. Өздерінің бағаларын топқа ұсынуын талап еттім балалардың бағалары жоғары болып шықты себебі бұлар баға қоюды алдын жасамаған. Бір-біріне өте жақсы, тамаша деп басбармақтарымен бағалап үлгерді. Мен де қалыс қалмай тиісті баға қойып бердім Араларында көңілінен шықпаған оқушыға ертең жақсы дайындықта келуін ескерттім. Стикер таратып Не білдің? Не білгің келеді? Оқушылар маған сабақ ұнады. Қызық өтті, сурет салған ұнады. Постер қорғаған ұнады деп жазып ағашқа ілді. Сабақта жеті модуль ретімен жүрмей араласып кетеді екен.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланып, оқушылар бір-бірімен диалог арқылы сұхбаттасты, өзіндік ой-пікірлерін дамытып отырды.тек оқулықпен ғана шектелмей жан-жақтан жинауға болатындарына көз жеткізді. Алдын сабақта дарынды талантты баланы қалай анықтап білем деген ой жиі мазалайтын . Тапсырмалар берілген сайын балардың қалай ізденетіндерін бақылап көңіл аудардым. Арай сурет жақсы салса Аслан постер қорғауда көзге түсті. Сабаққа реферат жазып келуді, оны қорғауда алдына жан салмайды. Мен сабақтарымда көшбасшылықты өзім атқарып , оқушыларыма бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде мектептен алған білімдерін өмірмен байланыстыра алып, кез-келген жерде пайдаланып кететіндеріне сенемін. Сыныптағы дарынды, талантты оқушыларыммен әлі де көп жұмыстар жасап биік шыңдарға көтерілуіне әріптестерім ақыл қосты.Мен олардың өз заман талабына сай белсенді, өзгенің пікірін бағалай алатын,идеяшыл,заманауи азамат болатынына сене

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет