Үш тұғырлы тіл
2016 жылы 22-қырқүйек күні Көкпекті орта мектебінің кітапхана залында
Көкпекті аудандық кітапханашысы мен Көкпекті орта мектебінің кітапханашысымен , ағылшын тілі мұғалімімен бірлесе отырып «Үш тұғырлы тіл» атты іс-шара өтті. Іс-шараға 8-11сынып оқушылары,мұғалімдері белсене қатысты.
Мақсаты:Әр ұлттың тіліне мәдени қатынас қалыптастыру,әр ұлттың тіліне сөлеуге дағдыландыру барысында оқушының ой-өрісін кеңейту.
Іс-шара кітап көрмені таныстырумен басталды,әр-түрлі үш тілдегі кітаптармен,сөздіктер көрмеге қойылды. «Үш тұғырлы тіл»атты слайд көрсетілді.Оқырмандар өздерінің білімдерін «Полиглотики» сайысында үш тілде көрсете алды .Сайысқа тускен топтар мақтау қағазымен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |