11.2. Темпермент типтері.
Холерик:
Шапшаң, эмоциялы
Жылдам, тез әсерленгіш
Күйгелек, шыдамсыз
Көңіл-күйі тез өзгереді
Қарым-қатынасы тік, аумалы-төкпелі
Тұрақсыз, соқпа мінезді
Белсенді, пысық, шешім қабылдауға қабілетті
Ашуланшақ
Қимыл-қозғалысы батыл
Сөзі жылдам, интонациясы толқымалы
Іс-әректтерді атқаруға бейім
Бастаған істі аяғына дейін аяқтайды
Сезімге берілгіш
Жаңалыққа жаны құмар
Тез ашуланады, ашуын ұзақ ұстайды
Жетекші жұмыстарды ұнатады
Ұйымдастырушылық қабілеті мол
Белсенді әрекеттерді орындауды жақсы көреді
Сангвиник:
Көңілді, тез қозғыш
Қуатты, іскер, белсенді
Өзін көтеріп бағалауға бейім
Жаңаны теж меңгереді, сұрақ қоюға жаны құмар
Әсершіл, көңіл-күйі тез өзгереді
Ұнатқан нәрсесіне елігіп әуестенеді, бірақ тез басылады
Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді
Шапшаң да икемді, қозғалғыш, сергек
Уәде береді, бірақ кейде орындай алмай қалады.
Бір істен екінші бір іске көңілі тез ауысып кете алады
Қызыққан іске талабы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді
Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады
Сөзі жылдам, анық, ым-ишара жағы басым
Қарым-қатынасқа жақын, жаңа адамдармен араласуда өзін еркін ұстайды
Тез ренжіп, тез тарқайды
Ісі жоқ кезде сылбыр күйге түседі
Бір сарынды жұмыстарды жасауды қиынсынады
Шешім қабылдауда асығыстық, шашыраңқылық көрсетеді
Флегматик:
Байсалды, салқын қанды
Асықпай, баппен жүріп тұрады
Сақ, сенімді
Сезімдерін сыртқа шығармайды
Қызуланып желікпейді
Бір сарынды, монотонды сөйлейді
Мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз
Бастаған істі соңына дейін жеткізеді
Қимылы баяу
Кісімен араласуы мардымсыз
Тиянақты, тұрақты
Ұқыптылықты, тәтіптілікті жақсы көреді
Жаңа жағдайларға қиындықпен үйренеді
Көрсе қызар емес
Мәселені тез шешуге, орындауға асықпайды
Ашушаң емес
Бос нәрселерге күшін сарқымайды
Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы баяу
Меланхолик:
Ұялшақ, жасқаншақ
Жаңа жағдайда өзін жоғалтады
Бейтаныс адамдармен араласуға қиналады
Өз мүмкідігіне сенімі аз
Көңілі көбіне жабыраңқы
Ақырын сөйлейді, сөзі мәерсіз
Іске бірден кіріспейді, кіріссе аяқтап шығады
Көпшіліктен шеттеп жүреді
Сыртқы көрінісі әлсіз
Сезімтал, жаны нәзік
Сәл нәрсеге ренжігіш
Тұйық
Әсерленгіш
Жылауға бейім тұрады
Тез шаршайды
Сыртқы жағдайлардан үрейленгіш
Өмірде болып жатқан уақиғаларды үлкен әсермен қабылдайды
Көңілденуі қиын.
11.3. Темперамент туралы теориялар.
Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ /б.э. дейінгі Ү ғ/ болды. Гипократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: қан, шырын, сары және қара өт. Олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмді сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына қарай қойылған темперамент атаулары: холериктік темперамент – cho1e /өт/, сангвиниктік темперамент - sanguis /қан/, флегматиктік темперамент –ph1egma /шырын/, меланхоликтік темперамент –melanos cho1e /қара өт/. Гипократтан кейін Клавдий Гален /б.э д.2 ғ/ темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар аударалық тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология /Э.Кречмер/. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.
Осыдан келіп, дене мүшелерінің /қол, аяқ, бас, кеуде т.б/ сырттай өлшемдеріне байланысты төрт– конституционалды психикалық тип белгіленген:
1.Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты,қол – аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник – мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған,домалақ бас,қысқа мойын.
3. Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелік зақым – сырқаттарға ұшырағандар /сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ – қолы кемістер/.
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай:
- шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын.
-иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым – ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл
циклотомик – семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспериментальды дәлелденген. И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.
күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;
күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;
күшті, қозуы басым – холерик;
әлсіз тип – меланхолик.
11.4. Темперамент және іс - әрекет.
Темпераменттке байланысты адамның табиғи көріністері оның басқалармен қарым – қатынасқа түсуіне орай көлеңкеленіп, жасырынып отырады. Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет – қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл – ой топшылауынан, ниеттер мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысында ықпал етуі табиғи құбылыс.Темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет – олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу көріністерінде. Адамның іс - әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажетті көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған дұрыс. Ал флегматиктер әрекетте сылбыр, енжар көрінгенімен, жай, бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап – шалдықпайды. Қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен холерик типті де шыдамайды Көңіл күйдің әсерленгіштігі мен тепе – теңдігі, реакция күші қарым – қатынас жасау ерекшелігіне, көздеген мақсатына орай адамның қызығу, қажеттілігі мен талғамдарына тәуелді болып келеді.
Мінез.__12.1._Мінез_туралы_жалпы_сипаттама._Анықтама.'>Тақырып 12. Мінез.
12.1. Мінез туралы жалпы сипаттама. Анықтама.
қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
И. П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік "құйындысы" деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: "...адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады".
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық" ұйымдар т. б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. "...Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады" (Әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөль атқарып отырады.
12.2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты. болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәпарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік. 4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б.
Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады: 1- Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білідіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет—мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардын нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді (Э. Кречмер,У. Шелдон). Шындығында да, организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез қасиеттері нәсілдік биологиялық заңдылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады. Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарай өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық негізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.
Мінезді топтастыру /классификациялау/ туралы әр түрлі тәсілдер бар.
Конституционалды теория / Э.Кречмер, У.Шелдон/ жеке тұлғаның мінезін оның сыртқы бейнесімен байланыстырады.
Акцентуация негізінде мінезді классификациялау / К. Леонгард, А.Личко/.
Акцентуация – индивидттің психикасындағы кейбір мінез бітістерінің гипертрофильденген “нашар жерлерінде” байқалады нәтижесінде олардың қоршаған ортадағы адамдармен қарым – қатынасы нашарлайды, бұл ең соңғы варианттар ережесі.
А. Личко бойынша жас өспірімдердің мінезінің акцентуациясын былай классификациялау:
1. Гипертивті тип.
2. Циклоидті тип.
3. Лабильді тип.
4. Астеноневротикалық тип.
5. Сезитивті тип .
6. Психоастеникалық тип.
7. Шизоидті тип
8. Эпилептоидті тип.
9. Истероидті тип
10. Аумалы тип.
11. Конформді тип.
К.Леонгард акцентуацияның 10 типін былайша бөледі:
1. Гипертимді тип.
2. Дистимді тип.
3. Циклоидті тип.
4. Қозғыш тип.
5. Бір ойға тұтылып қалу.
6. Педанттық тип.
7. Мазасыз тип.
8. Эмотивті тип.
9. Демонстративті тип.
10. Экзальтирлі тип.
Акцентуацияның әр түрлі жағдайда көрінуі –психопатия ауруы туралы ойланғанда ең соңғы варианттарының жеңілділігі, қоршаған ортасына танымалдылығы. Психопатия – аурудың немесе психикалық жарақаттардың ықпалымен психопаттарда ұзаққа созылған невроздық күйлер сондай – ақ депрессиялар пайда болуы мүмкін. Психопатиялардың профилактикасында лайықты тәрбиенің, психотерапевтік және психофармокологиялық емдеудің маңызды мәні бар./ Психопатиялар грек. Psyche -жан, pathos - зардап шегу, ауыру/ - мінез – құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттердің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.
12.3. Мінез қасиеттерін классификациялау.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық, болса, соның мінезі, бірқалыпты да келеді. Бқл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамньщ өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы қоғамдық қатынастар негі-зінде қалыптасады. Адамның, өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз- етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.
Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-құлықтарының, қалыптасуына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиеленген бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің, қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.
12.4. Мінез және темперамент. Олардың бір – бірімен ұқсастығы және
айырмашылығы.
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам бас-қалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тындауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қоз-ғалғыштық касиеті деп те аталады. Мұндай ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне негізделеді.
Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім.
Сөйтіп, темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады. Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағанда меланхоликті оп-оңай қорқақ етуге болады. Ал қолайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр ету оңайырақ.
Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл (үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің еңбек әрекетінің: жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған қанағаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады. Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді жеңіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекеттер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет болып қалыптасады да, оның қайрат-жігерін шыңдайды.
13. Қабілет.
13. 1. Қабілет туралы түсінік .
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытылған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
13. 2. Қабілеттің түрлері.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:
Іс-әрекет тез бейімделу.
Іс-әрекет орындау нәтижесінің сапасы.
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психиқалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке-жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығың көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшыспортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әректке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл - адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқү-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |