13. 3. Нышан және қабілет.
Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті – оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.
Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілеь – адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.
Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с.
Нышанның ерекше түрі адамда жас кезінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала кезінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің “Еңлік - Кебек” пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші К.П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А.С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н.Н. Лузин, биолог К. Линней, жазушылар В. Скотт, С.Т. Аксаков, И.А. Гончаров т. б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.
13. 4. Қабілетті дамыту.
Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.
Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.
Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Іс-әректпен айналысқан адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күшқуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапарларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
13.5. Қабілеттің даму деңгейлері.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарандылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі№ Таланты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді соның арқасында оның іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді. Адам қабілетіндегі дарандылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады
Глоссарий
І. Психология пәні
Белсенділік(Активность)-1)психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлықты, ынталылықты, жігерлікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады; 2) күнделікті іс- әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс- әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады.
Іс- әрекеттің акцепторы- бұл орталық нерв жүйесінде белгіленген, алға қойған іс- әрекеттің қорытындысының нейродинамикалық моделі.
Анимизм- жан мен рухқа тең. Анимизм- алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған тарихи құбылыс. Ол кезде адам жабайы табиғат алдында дәрменсіз, дененің, мидың, психологияның ерекшеліктерінен, жалпы матерялдық затардың өзгешелігінен бейхабар болды. Ұйықтау, түс көру, талу, өлу сияқты құбылыстарды келіп-кетіп жүретін дене қосағы деп түсінді.
Ассоциация- 1) неғұрлым жалпы мағынасы- екі (одан да көп) элементердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2) бихевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар мен реакциялар арасындағы байланыстар немесе бірігуі. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты;
Ассоциациялық психология- дүниежүзілік психологиялық ойдың негізгі бағыттарының бірі; психикалық процестердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіреді. Ассоцианизмнің қағидаларын ең алғаш Аристотель жасады, ол көрінбейтін сыртқы себептерден пайда болған бейнелерді ассоциацияның өнімі деді. XVII ғасырда бұл идеяны психика туралы механикалық-детерминистік ілім қолданды.
Афференттік жүйе – сыртқы, сондай- ақ ішкі тітіркендіргіштерден қабылданған ақпараттың сезім органдарынан орталық жүйеге келіп түсетін жүйкелік импульстарының тұрақты тасқыны.
Рефлекс шарсыз (туа біткен) және шартты (организмнің жеке тіршілігінде қалыптастырған) түрлерге бөлінеді. И.П.Павлов-И.М.Сеченов шартты рефлекстің жойылатынын және қайта қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеді.
Бихевиоризм- XX ғасырдағы америкалық психолгияның басты бағыты. Б. психологиянның мақсаты- сананы зерттеу емес, мінез- құлқын сыртқы ортаның әсер етуіне организмнің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну жатыр. Б.-нің негізін америкалық психолог Дж. Уотсон (1878-1958) қалады.
Рух (Духовность)- ой мен сананың шоқтығы, адамның сана- сезімі мен қимыл әрекетінің озық болжампазы, тарихи тәжірибенің идеалды түрі. Р. адамның өмірі мен өзіндік құндылығын субъективті тұрғыдан салыстыруға, бағалауға мүмкіндік ашады. Рух кейде санамен, жанмен үлестіріледі.
Жан- адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен психолгияда жан материялдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы.
Руханилық- адамның жеке тұлғалық шығарашылық- тәлімдік және мәдени- әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық.
Интроспективті психология- психиканы зерттеудің бірден- бір әдісі субъектінің өзінің санасының, мазмұны мен актілерін бақылауы деп есептейтін психологиядағы бірқатар бағытар.
Кері байланыс- білімді тексеруге арналған тапсырмалар жүйесі. Оқушының білімді меңгеруін бағалау-оқыту процесін басқару мен оқыту жүйесінің, оқыту тәсілдерінің маңызды бөлігі. Тәрбиеленушінің жауабы, іс-әрекеті арқылы тәрбиеші ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік үлгілері. Тәрбиеші ұстаздың қолында кері байланыс арқылы жинақталған деректер неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпалдың соғұрлым мақсатттылықпен іске асырылғанына айғақ болады.
Психика- 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті; 2) адамның жан дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.
Парапсихология- адамдардың психлологиясы мен мінез- құлықтарындағы ғылыми негізі беймәлім гипноз, елестету сияқты айрықша құбылыстарды зерттейтін психология саласы. П.- экстрасенсорлық қабылдау, телапатия, түс көру сияқты табиғаты айқындалмаған, функциялық қызметі тиянақсыз психикалық құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы.
Тану- бұл білімді тауып және игеруді қамтамасыз ететін психикалық процесс.
Рефлекс- организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакциясы. Пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріліп, бұған ол да қозу арқылы жауап береді, қозу эфференттік жүйкелер арқылы әр түрлі органдарға беріледі. Рефлекс шартсыз (туа біткен) және шарты (организмнің жеке тіршілігінде қалыптастырған) түрлерге бөлінеді. И.П.Павлов шартты рефлекстің жойлатынын және қайта қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеді.
Рефлексия- субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі.
Рефлексология- психологиядағы жаратылыстану-ғылыми бағыт, қандай да болсын ойлау процесінің объективті көрінісі болады деп есептеледі, негізінен В.М. Бехтеревтің қызметімен байланысты. Рефлексологияның өкілдері бас миының қатысуымен өтетін рефлекстердің бәрін зерттеді. Психикалық процестерді ұғындырудағы механистік шектеушілігі өткен ғасырдың 20-жылдарының аяғыда қатты сынға ұшырады.
Рецепторлар- жүйкенің қозу барысында энергияның қуатын тасымалдайтын талдағыш, сезімтал жүйке ұштары. Рецепторлар сезімтал жүйке ұштары ретінде сырттай әсер ететін энергияны қабылдайтын, түрлендіретін және оны жүйке орталығында бағыттайтын динамикалық, икемді функциялық қрылым.
Семиотика- адамзат қоғамындағы , табиғаттағы немесе адамның өзіндегі белгілер мен белгілер жүйесінің қасиетін зерттейтін ғылым. Семиотиканың негізін американ математик-логигі Ч.Пирс ( 1839-1914) қалады.
Стимул- тітіргендіргіштердің рецепторларға тікелей әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі мүшелерде қоздыру тудыратын әсер. Ол қуаты әр түрлі тітіркенулер тудырады.
Фрейдизм- австриялық ғалым З.Фрейдтің (1856-1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Ф. XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез- құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу (либидо) болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Функциялық жүйе- функциялық жүйені орыс физиологы П.К.Анохин (1898-1974) зерттеді. Ол адамның мінез-құлқын реттейтін тұжырымдама ұсынды. Тұжырымдама функциялық жүйенің үлгісі ретінде кең таралған. Тұжырымдама бойынша адам қоршаған әлемнен тыс өмір сүре алмайды, адам үнемі сыртқы факторлардың ықпалында болады. Кейбір факторлардың әсерін адам сезбейтін немесе нашар сезетін болса да, ерекше әсер етеді- адамға жауап қайтаратын реакция туғызады.
Эфференттік жүйке- ми және басқа бөлімдерінің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізетін жүйке талшықтары. Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол жерлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім- шеткі жүйке жүйесі.
II.
Аутогендік жаттығу- емдеушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін- өзі иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға , адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерді көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белседілігін бақылай білуді оқып-үйрететін психотерапевтік емдеу әдісі.
Әңгімелесу- вербальдық (сөйлеу) қарым-қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдайына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады.
Жас психологиясы- адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әр түрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Бала психологиясын, ересек адамның жекелей дамуы психологиясын және геронтологиялық психологияны қамтиды.
Инжинерлік психология- адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зертейтін психология саласы, яғни құралмен, машинамен және т.б. жұмыс жасайтын адамның мінез-құлқын зерттейді.
Интроспекция- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі.
Лабораториялық эксперимент- жалпы орта білім беретін, арнай және жоғары мектептердегі оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, өздігінен эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту мақсатымен жүргізілетін практикалық жұмыстар мен зерттеулер.
Бақылау- 1) қадағалау, тексеру және белгіленген мақсаттан ауытқулар мен олардың себептерін анықтау мақатындағы іс-әрекеттер; 2) қабылданған шешімдердің іс жүзіндегі жағдайға сәйкестік дәрежесін анықтайтын басқару функциясы.
Педагогикалық психология- адамды оқыту мен тәрбиелеу барысында оның болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология саласы. П.п. терминін орыс педагогы П.Ф.Каптерев (1849-1922) енгізді.
Социометрия- шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (1892-1974) жасады.
Өзін-өзі байқау- 1) адамның өзінің мінез-құлқын, өзін бақылау; 2) интроспекцияның синонимі.
Тест- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.
Эксперимент- 1) ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;
III.
Антропоморфизм- шынында тек адамдарда ғана болатын психикалық қасиеттер мен қабілеттердің жануарларда да бары туралы түсінік.
Зоопсихология- жануарлар психикасы, осы деңгейде психикалық шағылудың көрінісі мен заңдылықтары туралы ғылым.
Психика- 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті; 2) адамның жандүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.
Тітіркенушілік- тұтас организімнің, оның органдарының, тіндерінің не клеткаларының физиологиялық күйлерінің тітіргендіргіштері деп аталатын сыртқы әсерлердің ықпалымен өзгеруі.
Сана- әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі.
Сезгіштік- 1) жалпы алғанда- стимуляциядағы сезгіштік; 2) арнайы мағынасы- әлсіз (нашар) стимулға жауап қайтару, сезгіштіктің төменгі табалдырығы; 3) басқа біреудің сезімін түсіну;
IV.
Ассоциация- 1) неғұрлым жалпы мағынасы- екі (одан да көп) элементердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2) бихевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар мен реакциялар арасындағы байланыстар немесе бірігуі. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты;
Белсенділік-1)психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлықты, ынталылықты, жігерлікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады; 2) күнделікті іс- әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс- әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады.
Топ- әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты мөлшері бойынша саралау: үлкен, шағын, кіші топтар(диада, триада) деп бөлу кең таралған.
Диффузиялық топ- құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Индивид- жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo Sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтатығының өнімі, тән сипаты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам.
Индивидуальность- жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қызығу- пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамдардың белсенді танымдық бағыттылығы.
Когнитивтік диссонанс- америкалық психолог Л.Фестингер ұсынған (1957) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер, құндылықтар, ниеттер және т.б.) жұйесінің ықпалын түсіндіретін батыс әлеуметік психологиясы тұжырымдамалардың бірі. Клгнитивтік диссонанс теориясының бастау қағидасы: диссонанс деген субъектіде бір объект туралы бір мезгілде қарама-қайшы екі психологиялық “білімдер” (пікірлер,ұғымдар) болатындай жағдаятта пайда болатын жағымсыз ынталандырушы күй.
Ұжым- бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Конформдылық- адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.
Тұлға- дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны.
Жетістік мотивациясы- адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиыдықты жеңуіне жәрдемдеседі.
Тұлғааралық қарым-қатынас- этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет- ғұрыптар, салт-дәстүрлері және т.б. Т.қ.-қ. әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мыс., қарым-қатынастың абысынажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасындағы ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Бағыттылық- қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғалық қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамдардың дүниетанымын білдіретін мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатталады.
Қажеттілік- 1) организмнің күйін жақсартатын бір мұқтаждық күйі. Қ.мұнда базалық немесе биологиялық болуы мүмкін; 2) организмнің ішкі күйі; бір затқа немесе іске мұқтаж болу. Қ. кейде түрткі, стимул, тілек, ұмытылу сияқты ұғымдарға синоним ретінде қолданылады.
Проекция- индивидке бей-жай елесті сыртқы дүниеге біржақты телитін психикалық процестің көрінісі. Психикалық П.- адам мүддесі мен ынтасын біреудікіндей салқын, ықылас білдірмей көңіл қобалжуын басатын қабылдаудың қорғанарлық тетігі.
Социометрия- шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (1892-1974) жасады.
Өзін-өзі бақылау- адамның өзін бақылауы.
Өзін-өзі бағалау- адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.
Эмпатия- өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Э.- адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім.
V.
Автоматизм- сананың бақылауынсыз істелінген іс-әрекет. Автоматизм көбіне әдет пен дағдыға тән.
Әрекет- адамның белгілі бір істі меңгеруге бейімделе кірісуі. Ә.қажеттіліктен, мақсатқа ұмтылудан туындайды. Ол үшін білім, білік, дағды керек. Әрекетті жасауда адам өзінің бойындағы біліміне, іскерлігіне, дағдысына сүйенеді. Білім, дағды, шеберлік іс-әрекет үстінде пайда болып, адам бойына жинақталып, кейіннен әрекетті жүзеге асырудың құралына айналады. Ә.негізінен үш түрлі болады: ойын, оқу, еңбек.
Іс-әрекет- адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен тығыз байланысты.
Интериоризация- сыртқы әлеуметік қызметтің игерілуі арқасында адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И.ұғымын француз психологтары (П. Жане, Ж. Пиаже, А. Валлон және т.б.) енгізді.
Дағды- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Қарым-қатынас- біріккене іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Әдет- жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, адамның санасына тәуелсіз түрде қажеттілігіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты дағды.
Оқу- оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. оқытумен өзектес жүреді. О.оқушының ақыл-ой және дене жұмысының жиынтығын бейнелейді.
Мақсат- алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады.
VI.
Достарыңызбен бөлісу: |