Бірінші сипат:
Сананың тарихи сипаты оның жануарлар психикасынан айырмашылығын көрсетет.
Екінші сипат:
Адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық және индивидуалды – гностикалық бірлік – адам санасының жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіреді
Үшінші сипат:
Адам санасының санасының мықсат – бағдарлы және белсенді сипаты – оның жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіреді.
Төртінші сипат:
Адам санасының маңызды айырмашылық ерекшелігі - өзіндік сана сезімнің барлығы.
Бесінші сипат:
Ақиқаттың адам санасында жалпылама және жанама түрде бейнеленуі – сананың жануарлардың психикасынан айырмашылығын білдіреді.
Тақырып 3: Қарым - қатынас психологиясы және іс - әрекет.
3.1. Іс - әрекет туралы түсінік.
Іс- әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл – ой тереңдігі, күіну – сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік – жігері, икемділігі мен мінез- құлық сипаты ашылады.
Іс - әректтің қандай түрі болса да қозғалыс күйінде өтеді. Қозғалыс – тірі адам организмінің моторлық қызметі.
Адамның барлық қимылын екі топқа бөледі: туа болатын /шартсыз рефлекторлық/ және үйреніп меңгеру /шартты рефлекторлық/.
Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп аталады.
Әрекеттің ең қарапайым – зат арқылы жасалатын әрекет.
Іс - әрекет тек затқа ғана емес, сондай – ақ қоршаған адамдарға да бағытталуы мүмкін.Сонда бұл әрекет мінез – құлық актісіне айналды: егер олар қоғамда орын алған мінез – құлық нормаларына сай келсе қылық болады да, егер қайшы келсе теріс қылық болады.
Психологияда әрекеттің екі түрі болады: бірі дененің затпен айналысу әрекеті сыртқы моторлық және ақыл – ойдың моторлық және ақыл – ойдың /ішкі, психикалық/психикалық реалдылықпен әрекеті.Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.б. зерттеулері ақыл – ой әрекеті әуелде сыртқы, заттық әрекет түрінде көрініп, бірте – бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді.Сыртқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады
Ақыл – ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске сыртқы әрекетке кіріспестен бұрын ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді,сөзбен сипаттайды.Ақыл – ой әректін заттармен әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады.
Сыртқы іс - әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс - әрекеттің барысын күні бұрын жоспарланған және бейнелер мен ой түрінде баста жүрген қарекетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшылау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады.
Әрекет акцепторы ұғымын жасаған П.К.Анохин бұл ұғымды әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойылған мақсатпен салыстыру аппараты деп түсіндіреді.
Мақсатты түсінудің/осыны мен неге істеймін/ және оның салдарларын ұғынудың /ол неге әкеліп соғады/ дәрежесіне қарай әрекет импульстік және ерікті болып бөлінеді. Импульстік әрекет мақсат пен мүмкін болар салдарларын онша түсініп – біле қоймаумен сипатталады.
Ерікті әрекет мақсат пен оның бағдарларын күнібұрын ойластырып барып жасалады.
Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс - әрекет болып саналады.
3.2. Адамның іс - әрекетінің құрлысы. Іс - әрекеттің түрлері және оларға сипаттама.
Іс - әрекет мынадай құрылымдардан тұрады: мотивтер, іс - әрекеттің әдіс – тәсілдері, мақсаттары және нәтижелері. Әрбір адам іс - әрекеткезінде белгілі бір жағдайларға байланысты және қандай да бір мақсатпен көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді.
Мотив - мақсат болатын ортада іс - әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі (мотивтері) қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын рухани қажеттерді (білім, көркемөнер, т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет етуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініші-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет (әсіресе, табиғи қажеттілік) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Қызығу шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Сөйтіп, адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуды өте тайыз, ой-өрісі тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, "Шинель" әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның рухани өмірі дамымайды. Карл Маркс бір сөзінде: "Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес" деген екен. Бұл қызығуы жан-жақты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен: таным қызығулары оқыға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия, т.б.), кәсіптік қызығулар сан-салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т.б.) бөлінеді.. Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады.
Жанама қызығу бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның с-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамдар саяси-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады. Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі ғылымға негізделетіндігі. Бірден-бір ақиқат-дүниенің, даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікір-талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі.
Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі мұрат (идеал). Бұл адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.
Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. Мән-мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгірт болып көрінетін мотивтер бар. Осы мотивтердің қатарына бағдар, фрустрация, елігу, стереотиптерді жатқызуға болады. Енді осылардың кей біріне қысқаша тоқталып өтейік. Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. . Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін, психологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Кейбіреулер сылбыр, немқұрайды, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады. Осындай көріністер жасөспірімдер арасында да байқалады. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат(хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірде сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы) не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей “бетпе-бет”, телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытанын, немесе суытатын ерекше қуат бар. Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топбың ұйымдастырдың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Қорыта келгенде: егер құрбы құрдастарың саған момын, тұйық, енжарсың десе, онда шамаң келгенше өз мінез-құлқыңды ширата түсуді ойлағаның абзал. Бір сөзбен айтқанда жеке басыңдағы үйірсектікті, жұртқа жұғысу жолын (бірақ құр босқа жалпақтап жүрме) ойластырып, осы бағытта үздіксіз жұмыс жүргізгенің дұрыс. Сонда ғана адамдық қарым-қатынас мәдениетіңді дамытуға мүмкіндік аласың, өзіңнен басқаларға ықпал етуді үйренесің, жұртпен өзара үйлесімді байланысқа жол табасың.
Адамның дүние жайлы білімі алғашқыда бейне, түйсік және қабылдау түрінде пайда болады. Сезімдік деректерді санады өңдеу елес пен ұғымның тууына әкеліп жеткізеді.Осы екі формада білім есте сақталады. Елестету қаншалықты жалпылама және ұғым абстрактілі болғанмен, олардың басты қызметі – практикалық іс - әрекетті ұйымдастыру және реттеу. Практикалық іс - әрекетте жинақталған білім осы іс - әрекеттен аулақтап өндірістің қазіргі қажетсінуі дәрежесінен теория жағынан едәуір озып, болашақ практикалық іс - әрекетке жол салады, адамның табиғатқа және қоғамға ықпал жасау мүмкіндігін тереңірек ашады.
Іс - әрекетке тұрақты арала отырып, білім іс - әрекетті ақылға салудың сатысына көтереді, адамның өзі атқарып отырған іс - әрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады.
Адамның қызметі әрдайым дағды және білгірліктен тұрады.
Іс - әрекетті қарапайым дәрежеде орындауды да, осы іс - әрекетте адамның шеберлік танытуын да “білгір” деген ұғымға жатқызамыз.
Психологиялық құрылымдары жағынан сапалық айырмашылығы бар білгірлік. Сондықтан білімнен соң іле жалғасатын жай ғана білгірлік пен әбден дағдыланып алғаннан кейін белгілі бір істі атқарғанда көрінетін шеберлік арасын ажырата қараған жөн. Қарапайым білгірлік дегеніміз білім негізінде немесе еліктеу нәтижесінде пайда болатын әрекет.Білгір – шеберлік әбден қалыптасқан дағды мен білім негізінде пайда болады.
Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Дағды: қимылдық, ойлау, /сенсорлық/ және мінез – құлықтық болып төрт түрге бөлінеді.
Қимылдық дағдыларды іс - әрекеттің әр түрінен көруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес.
Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдыларының да маңызы бар.Ой еңбегінде назарды бөлу және оны шоғырландыру, бақылау, монологтық сөйлеу дағдылары маңызды роль атқарады. Көп жағдайда ой еңбегі адамның белгілі бір қасиетін анықтайды.
Сенсорлық дағдыларды қалыптастыру сезімталдықты дамытуға, анализатор ішінде және анализаторлар аралығында сенсорлық байланыстардың жаңа жүйелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл болмысты сезімдік бейнелеуді жетілдіруге байланысты қалыптасады.Морзе әліппесімен берілген телеграммаларды есту арқылы қабылдауға үйрету сенсорлық дағдының классикалық мысалы болып табылады. Қысқа және ұзын сигналдарды есту арқылы қабылдап, радист фразаларды қағазға жазбай – ақ оқуды үйренеді. Мектепте оқушыларды алгебралық белгілерді көбейткіштерге ажыратуға үйрету де сенсорлық – ойлық дағдының мысалы болып табылады. Мысалы, есептерді шығаруға жаттыға отырып, оқушы қабылдау мен қиялы негізінде топтау дағдысын дамытады. Ол жақшаның сыртына шығаруға болатын жалпы көбейткіштердің қалай алынатынын жақсы көре бастайды.
Мінез – құлық дағдылары адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Бұл дағдылар Мінез – құлық нормаларын білу және оларды өз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез – құлық дағдылары, мінез – құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу - нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу.
Қазіргі оқыту әдістемесінде дағды қарапайым бөлшектер мен заттар жасату жолымен қалыптастырылады.Мұндай процесте дағды жақсы шыңдалатын болады.Қалыптастырмақшы дағдыға ықыласты болуда табыс маңызды роль атқарады. Тапсырманы табысты орындау және оған дер кезінде жақсы баға беру дағдыны жетілдіруге ынталандырады.Әрбір жаттығуға баға беріліп отырған эксперименттік топта жаттығуларға баға берілмеген бақылау тобымен салыстырғанда дағдыны қалыптастыру анағұрлым табысты жүргізіледі.
Адам белгілі бір іс - әрекетті меңгергенде әдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды игеруге жағымсыз әсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз әсері интерференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды қалыптастыруға жалпы құбылыс болып табылады.
Жаңа дағдыларды қалыптастыру кезінде алмасу немесе интерференция болатынын білгендіктен мұғалім алмасуды әреке әдістерін қалыптастыруды жеңілдетуге пайдаланады және бір әрекет әдісінің екінші әрекет әдісінен дәлме – дәл жігін аша отырып интерференцияны болдырмайды. Мысалы: мұғалімдердің: “ Ал казір келесі есепті өз беттеріңмен шығарыңдар. Бұл жаңағы талқылаған есеп сияқты шығарылады ” - деген сөздері оқушылар дағдыны саналы түрде алмастыруға жаттықтырады.Оқытушы интерференцияға жол бермеу үшін жаңа есептің бұған дейін белгілі болған жолмен шығарылмайтынына оқушылардың назарын аударады.
Дағды саналы түрдегі жаттығулар арқылы қалыптасса, әдет адамның ешбір күш салуынсыз – ақ пайда бола береді. Әдет дағдылармен тығыз байланысты. Әдет - әрекет жасауды қажетсіну. Адамның жеке басында жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде әдеттің ерекше маңызы бар.
Психология іс - әрекеттің үш түрін қарастырады: ойын, оқу, еңбек
Ойын әрекеттеріне ғылыми талдау жасау – ойын – баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы екендігін көрсетеді.
Оқу - еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны, білгірлікті жүйелі игеру процесі.
Еңбек адамдардың материалдық және рухан қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс - әрекет.
3.3. Қарым – қатынас.
Қарым – қатынас – тіл арқылы пікір алысу.
Адам арасындағы қатынастардың түрлері: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама – қарсылықты және дау – дамайлы.
Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл – күйге байланысты өзгере бермейді . Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл – күйіне бағына бермейтіндігінен, олардың ресми қатынастар деп атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы керек.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арсында қарама – қарсылық болмай, өз – ара терең сыйластық жайланған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама – қарсылықты қатынастар бой алдырады.
Адамдардың бір – біріне деген өшпенділігі болған жерде дау – дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткеріліп қалуы.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында.Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір – біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір – біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Адамдардың арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар.Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның:жек көрушілік пен құрметтің қосарлана хүруі.осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады.Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәнгіарман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн.Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін “сүйіспеншілік” қатынасты жатқызуға болады.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі.
Қарым – қатынастың коммуникативтік жағы.
Түрлі жансыз және жанды системалар арасында информация алмасу жайлы да бірнеше білім жинақталған. Адамның қарым – қатынасы информация алмасудың жеке – дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке – дара жағдайы деп қарауға болады.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым – қатынасы жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құрылымымен қатар адам қарым – қатынасының сөзден тыс жолдары: келбет, ым, мимика серіктестердің бір – біріне қатыс жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады. Бұл кинесетикалық қарым – қатынастың түріне жатады.
Паралингвистика – бұл вокализация жүйесі, яғнидауыстың сапасы, диапазоны және тональділігі.
Экстралингвистикалық жүйе бұл сөзде жөтелу, жылау, күлкі, сөз барысында қажетті темппен қамтамасыз ету.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым – қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым – қатынас психологиясында бұл бағытты зерттеулерге проксемика – деп ат қойды. Төрт түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшіліктік.
Алғашқы екі арақатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас – бөтен адамдармен араласу. Қарым – қатынаста серіктерді орналастыру да елеулі роль атқарады.Мысалы: алғаш танысқан адамдардың қарым – қатынасы иін тіресе қатар отырғаннан гөрі шағын стол айналасында еркін отырған жағдайда жеңілірек болады.
Вербальді емес коммуникацияның маңызды формасына визуальді қарым – қатынас яғни араласушы адамдардың “көздерімен контактісі ”.
Достарыңызбен бөлісу: |