Қарым – қатынастың интерактивті түрі.
Өзара әрекеттестік процесс ретінде сипатталады. Олар: бірлестікт, кооперативті іс - әрекет, жаңалықтармен байланыс, бір – біріне ықпал ету, өзара қарым – қатынас, өзара түсіністік.
Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасы кооперативті, конкурентті және дау – дамайлы болады.
Қарым – қатынастың перцептивті түрі .
Әлеуметтенген перцепция процесі субъектінің сыртқы көрінісін бағалау, психологиялық ерекшеліктері, бақылап отырған бейне немесе объектінің әрекеттері және қылықтары нәтижесінде субъектінің әлеуметтенген перцепциясында бақыланған объектіге нақтылы қарым – қатынас қалыптасады, оның мінез – құлқының мүмкіндігі туралы анықтама қалыптасады. Қабылдау процесі негізінде серіктестердің бір – бірімен қарым – қатынасында өзара іс - әрекеті қалыптасады.
Әлеуметтік перцепцияның механизмдері: рефлексия, идентификация, стереотипизация, эмпатия, аттракция, бағдарға ықпал.
Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді /қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан – жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу/,екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді .Бұлар, адам төңірегіндегілермен болған іс - әрекетінде өз қатынасының сипатын сезе ала ма, не сезбей ме деген сұрақтарға жауап береді.Қазіргі кезде жалпы псхология мәселелерінің көптеген шешімі осы тілдестік қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі психологиялық бейненің бір формадан екіншісіне өтуі /мыс.: түйсіктің сезімге, сезімнің, ойға, ойдың сөзге т. с.с /,адам психикасындағы ашық сана аймағы бейсана байланысы, адам көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам заңдылықтары т.б. осы тілдестік қатынастың негізінде жасалады.
Біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті /ақпарат алмасу/, интерактивті /өзара ықпалды әрекетке келу/ және перцептивті / адамның бірін – бірі қабылдап, түсінісуі \ Осы үш, бір – біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды. /Әдебиет: Сәбет Бап – Баба. Жалпы психология .А. 2003 ж. 84 – 107 бет./
3.4. Қарым – қатынас түрлері.
Адамдар арасындағы қарым – қатынас жасауда аса қажетті шарттың бірі – сөйлеушілердің өз ой – пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың қарым – қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтың ой – пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты демек, қарым – қатынас жасау екі жақты процесс.
Қарым – қатынастың ерекшеліктері: қатынасушылардың саны, мазмұнына қарай, міндеттеріне қарай, араласушылардың ережесіне орай, жағдайларына, міндеттеріне сәйкес.
Сонымен қатар олар: мәжбүр /примитивное/, іскер қарым – қатынас, манипуляциялық қарым – қатынас, ақсүйектік / светский / қарым – қатынас.
3. 5. Қарым – қатынастың функциялары, құрылымдары және құралдары.
Қарым – қатынастың функциялары:
информационно – коммуникативті /информацияны қабылдау және беру/,
регулятивно – коммуникативный /интерактивті: адамдардың бір – бірімен бірлескен өзара әрекеттестіктерін ұйымдастыру/,
перцептивно – эффективный / адамдарды әлеуметтік объект ретінде қабылдау, олардың эмоциональды сферасына әсер ету/,
аффективно – экспрессивті /адамның өзінің эмоцисын көрсетуі/.
Тақырып 4. Топ психологиясы.
4.1. Топтар туралы түсінік.
Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болып, өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарым- қатынас бір – бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Ондай топтар біркелкі емес. Олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін, яғни: қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлылығы мен треңдігіне, құралу принципі мен жолдарына, жеке адамның топтың нормаларына көзқарасына негізделеді. Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады.
Кіші топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез келген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды. Ал іс жүзінде топ мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін жақын тұтады.Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады /көңіл қалауымен немесе іс бабымен/. Бұл былайша айтқанда бастауыш топ, немесе қатынас жасаудың бірінші кезеңі болып табылады.Әдетте мұндай топ мүшелерінің саны көп болмайды /2-7адам/. Оның мүшелері кіші топтың мүшесі болып қала береді, өйткені мұндай іс бабындағы қатынастар мен өзара қарым -қатынастар үзілмейді. Бастапқы топ шағын топ болып қала отырып, дербес қауым да бола алады.
Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты, формалды және формалды емес топтар болады.
Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.
Нақты топ – адамдардың бір –бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі.
Формалды /ресми/ топ штат кестесі, устав және басқа да ресми документтер негізінде құрылады.Формалды топтардағы өзара қарым – қатынас нұсқаулары бірдей болған жағдайдың өзінде бір * біріне ұқсаскелуі мүмкін емес, өйткені ондағы адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі, қатынас жасау стилі бірдей болмайды.Іскерлік қарым – қатынас нұсқауда жоқ жеке қарым – қатынаспен толығады.Психологиялық жақындық /ұнату, сыйлау, достасу/формалды топты нығайта түседі, алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі. Формалды топ ішінде және ондағы іскерлік қарым – қатынаста теріс эмоциялық қатынастар – ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу да болуы мүмкін. Оларда іскерлік қатынасқа әсер етеді, істің табысты болуына залалын тигізеді.
Формалды емес /ресми емес/ топ ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы, жекелеген адамдардың беделін, білгірлігін тану сияқты психологиялық мотивтер бірлігі негізінде туады.Мұндай топ штат кестесінде де нұсқауларында да көрсетілмеген, ресми құжаттардың күші жүрмейді.
Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады.
Референ /эталон / тобы деп көзқарас, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады.Адам өзі нормасын қадір – қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді.Сонда адам бұл нормаларды қолдап қана қоймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін:адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтың көзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады яғни жеке адам үшін басқа үлгі эталон болып есептеледі.
Сонымен қатар әлеуметтік ұйымдастырылған және әлеуметтік ұйымдастырылмаған қауымдастықтарды бөліп қарастыруға болады. Олар:
Топ – уақытша ұйымдастырылмаған адамдар қауымдастығы .
Ұйымдастырылғандарға:
Ассоциация – топтың қалыптаса бастауы адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде бірлесуі.
Корпорация – адамдардың өзімен - өзі тұйық бірлестігі.
Коллектив – адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғары формасы.Коллектив – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы.
4.2. Топтардың құрылымы.
Топтағы , ұжымдағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік /ресми / және жеке / ресми емес/ қатынаста болады.Оның біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсіріледі, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар жеке адамдардың бір – бірімен қатынас жүйесін құрайды.
Жеке адамдардың бір – бірімен қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері қолданылады.
Топтың ұмтылуы – шағын топтардың мүшелерінің мінез – құлық және бірлесе атқарған күштерінің мақсаттары, міндеттері, қажеттіліктері, мотивтері, қызығушылықтары.
Топтың көңіл – күйі - топтардың психологиясы және олардың жеке мүшелерінің барлық сипаттарымен және бейімдерін күрделі эмоциялық жағдайларда, топтардың мүшелерінің жалпы эмоциялық күйлерін, белгілі бір уақытта меңгеру бағыттылығының уайым жиынтығын қамтамасыз ету.
Дәстүрлер – шағын топтардың мүшелерінің әр бірінің қажеттіліктерінің ұзақ мерзімді іс - әрекет негізінде қалыптасқан олардың мүшелерінің өміріндегі тамыр жайған нормаларының, мінезі мен іс - әрекеттерінің ережелері мен стереотиптері, күнделікті қарым – қатынасы.
Топтың көзқарасы - сыртқы және ішкі жағдайларға шағын топтың мүшелерінің белгілі бір фактілеріне, оқиғаларға және құбылыстарға, жалпы және көпшілік бағалау пікірлерінің жиынтығы.
Социометрия тәсілін группадағылардың өзара қаншалықты татулығын, не тату еместігін өлшеуге қолдану. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия” / социо - әлеумет, метрия - өлшеу/ деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы Австрия ғалымы Д.Морено.
/ Қараңыз:Әдебиет. Жалпы психология . Аудар.Қ.Жарықбаев.А..Мектеп. 1980 ж.87-98б/. */-
4.3.Топтың өзара қарым - қатынасының динамикасы.
Шағын топтардың пайда болуы және дамуы бірнеше бөліктерден тұрады:
Бірінші: олардың мүшелерімен танысудың әртүрлі процедуралары және болашақтағы перспективаларының жақындығы туралы ой бөлісу.
Екінші: тұлға аралық қарым – қатынастар жүйесінің көздері әдетте топтық сана – сезімнің алғашқы қалыптасуы, шағын топтардың пайда болуы.
Үшінші: шағын топтардың бір – бірінің мүшелерінің қарым – қатынасы тұрақты сипатта қарастырылады, белсенді түрде жалпы көз – қарас қызмет ете бастайды, топтық көңіл – күй және топтағы атмосфера есептерді бірлесе отырып шешуге ықпал етеді, олардың мүшелерінің іс - әрекетте ынтымақтастығы және бірлестігі байқалады.
Төртінші:нақты нәтижеге бағытталған топ толығымен бірігеді, барлық топтардың мақсаттары мен қызығушылықтарымен қатынасты үзбей “біз” деген жарқын сезімдерді толық көрсету; дау – дамайды болдырмау үшін құндылық – бағыт бірлігі пайда болады.
Нашар дамыған – топтар өздерінің тіршілік ету кезеңіндегі алғашқы этап.
Жоғары дамыған – бұл топтар бірлігімен және жалпы қызығушылықтарымен, қарым – қатынас жүйесінде жоғары дамуымен, ынтымақтастығымен әлдеқашан құрылған топ. Көбінесе оларды ұжым деп атайды.
Диффузды –адамдардың өздерінің жалпы эмоцияларымен және әсерленушіліктерімен кездескен топтар.
Ұжым – дегеніміз жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымның органы бар комплексі. Ал ұжым ұйымы бар жерде ұжымның органдар да бар ұжым сенетін өкілетті уәкілдері ұйымы бар және жолдастың жолдасқа қатынасы мәселесі – ол жай ғана достық, жақсы көру, көпшілік мәселесі емес, ол жауапкершілікті тәуелділік мәселесі –
дейді А.С .Макаренко. Демек, ұжымда тұлға аралық қарым – қатынас бір – біріне деген сенімділікке, шыншылдыққа,парасаттылыққа, сыйластыққа негізделеді.
Ұжымның басқа қауымдастықтармен мынадай өзгешелігі бар:
*қоғамдық мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілеті келеді және тұрақты әрі бір – біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара қарым – қатынас орната алады.
* адамдардың тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән.Аса маңызды белгісі – мақсат пен міндеттің қоғамдық мәні - өзгермейді.
*әрбір мүшесіне тән ұжымшылдық сезімі болады.Ортақ істе ұжым болып бір мәселені шешкен кезде пайда болған ұжымшылдық сезім, бірте – бірте нығайып бекіп тұрақталады.
Тақырып 5. Зейін.
5.1.Зейін туралы түсінік. Жалпы сипаттама. Анықтама.
Зейін деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттарға құбылыстарға көңіл аударып, тұрақтауын айтамыз. Адамның күнделікті тұрмысында, оқу процесінде, еңбекте зейіннің алатын орны ерекше. Орыстың атақты педагогі К.Г. Ушинский зейін сыртқы дүниедегі материалдардың барлығын санамызға жеткізіп отыратын есік дейді. Зейіннің пайда болуына, көтермелеп отыруына бірнеше жағдайлар себеп болады. Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы академик, Ухтомский Доминанта теориясы бойынша түсіндіреді. Доминант латын сөзі “уақытша үстемдік” ету деп аударылады.
5.2. Зейіннің түрлері.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз- ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы ашаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине бұдан бал есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін ерекше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітапты оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз, кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің жемісі болып табылады. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаналығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.)
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерді қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну , көңіл күйінің хош болуы ) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның (сыртқы) ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей күресу қажет.
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін беймге шын ықыласпен берілген дұрыс.
Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
Зейінді болуды өзіне үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар.
Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасыды. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді.
Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы: өндіріс озатының не хирург дәрігерінің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңнен түсініп, оны әр түрлі байланыстырып анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады. Ересек адамдар жұмыс үстінде зейіннен 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10 – 20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың орнын одан әрі ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып, жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу – зейіннің табиғи толқымасы болып кездеседі. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялар әсерлер, сондай ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштің қарсы күресу – қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанымен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ол Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келетін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларда төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істейтін кабинетке ие болуы тиіс.
5.3.Зейіннің физиологиялық негізі.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы академик, Ухтомский Доминанта теориясы бойынша түсіндіреді. Доминант латын сөзі “уақытша үстемдік” ету деп аударылады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы академик, Ухтомский Доминанта теориясы бойынша түсіндіреді./ Доминант латын сөзі “уақытша үстемдік” ету деп аударылады/.Доминанта немесе қозудың үстемдік ететін ошағы жылжымалы оптикалық қозу ошағынан жоғары тұрақтылығымен өзгешеленеді. Ол жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймайды, солардың есесінен күшейе түсетін, басқа нерв орталықтарында туған қозу процестерін өзіне қосып алу қабілеті де бар.
5.4.Зейіннің қасиеті.
Зейіннің аударылуы – бір объетіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір түріне жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмысты түрлі сәтсіздіктермен ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейіннің бір пәннен екінші пәнге, бағдарламалардың бір бөлімнен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен екінші түріне үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндірілуі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Зейіннің бөлінушілігі.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейіннен екі-үш нәрсеге бөле алады. Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады, кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлушінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндісрістің онан сайын автоматталынуы адам зейінің жүргізушілерге бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Мұғалімдік қызметте зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалімдік бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сыныпқа сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді 2 объектіге бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болуы және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физикалық негіздері жөнінде И.П. Павлов былай дейді: “... біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелеу механизмі бойынша ми сыңарларының тежелуден бөлімдермен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады.
Зейіннің көлемі.
Зейіннің көлемі – бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға былайша жасалған тәжірибелер таксисталкоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5 –9 әріпі қамти алатын, 12 – 14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мердімде қамтитынын көрсетіп отыр. Оқушылардың зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Ф- лық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қажет емес. Әңгіме істеп дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизімімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні деп осы іспеттес келеді.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге сапалы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсені ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біртекті тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасу тәртіпен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған береклі әрекет ету қиын соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар күрделі іс-әректпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндіктен.
Достарыңызбен бөлісу: |