VI. Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты. Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерді бірімен-бірі байланыстырып тұратын сіңірлер мен тарамыста, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады. Олардың ұштары мидың орталық қатпарында орналасқан.
Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда болады. Қи мылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттердің тонусын түйсіндіреді. Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз хабар алып отырады. Кинестетикалық талдағыштың шетте (периферияда) не болып жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Денедегі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация — өте керекті шарт. Кинестетикалық талдағыштардың кері афферентация жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған қимылдарын белгілі арнаға түсіріп отыруға адамның шамасы келмей қалады.
Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Өйткені, ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөй-леу мүмкін емес. Жазудың да негізі — кннестетикалық түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса, жатқа жаза алмайды. Адам өміріндегі толып жатқан дағдыларды кинестетикалық талдағыштарсыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларының барлығына жуығы кинестетикалық түйсікке сүйене отырып жасалады.
VII. Органикалық түйсіктер адамның органикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты туатын сезімдер мен ішкі органдарда пайда болатын түйсіктер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченев түйсіктердің бұл түрін “көмескі түйсіктер” деп атаған. И П. Павлов мектебінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, органикалык түйсіктер адамньщ “хал-күйінің” негізі болып саналады. Органикалық талдағыштар адамның көңіл-күйіне ылғи әсер етіп отырады. Осы орайда, “Тойған жалтырайды, тоңған қалтырайды” деген мақал органнзмдегі органикалық түйсікке байланысты айтылса керек.
VIII. Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды. Бұл түйсіктің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта (кіре берісте) орналасқан. Статикалық түйсік бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі орнын, адамның тең басуын бейнелейді.Ғарыштымеңгерудәуіріндеадамдардыңстатикалықтүйсігінжетілдірудіңмаңызыерекше.Мәселен,ғарышкер:мамандардыдаярлаудаолардыңвестибулярлықаппаратынжаттықтырып,олардыкөру,қозғалысталдағыштарыменүйлестіредамытыпотыруғабасамәнберіледі.Адам 40 секунт ішінде денесіне салмақ түсуді және салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынадай үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші—жүйке жүйесі барынша төзімді адамдар мұндай жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші біреулер тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып, тез шаршайды, өңі бозарып, терлейді, жүрегі айниды өздерін тиянақ таппай, қалқып жүргендей сезінеді. Үшінші біреулер сәл басы айналғанын сезгенімен, бірте-бірте оған бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке жүйесі төзімді болады. Орлар өз денесін ерік-жігерімен билейді, эмоциялық төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын андай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
IX. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Мұндағы негізгі талдағыштар — түйсіну мүшелеріміз. Төрт мүшесі түгел, дені сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды. Ауаның толқып тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде, яғни құлағы арқылы түйсінеді. Ал адам есту қа-білетінен айрылса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау (керең) адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойып “тыңдайды”. Өйткені, олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тындағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Себебі, нәзік дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді. Музыка әуенін түйсініп дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңғаруға әдеттенеді, бұрын “тыңдаған” музыкалық шығармаларын үнінен таниды.
Соқыр не саңырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялық сезімдер арқылы түйсінеді. Түйсіктің бұл түрі барлық адамдарда бар. Бірақ біз одан гөрі жетілген талдағыштарымызды пайдаланатындықтан, вибрациялық түйсікті қажет етпейміз.
Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.
6.3.Түйсіктің жалпы қасиеттері.
Түйсіктің қасиеттері:
Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы - нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік қарқыны - түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы - түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітір-кендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне - 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.
Түйсіктің тітіркендіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді. Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап тұрған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орнындағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан.
Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу түйсіктері тітіркендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.
Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб.см. суды 1 градусқа көтеру үшін 60000 жыл қажет екен.
Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр мезетте түсіп, қоньш жатқан көзге көрінбес шаң, тозаң түйіршіктерін келтіруге болады.
Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Ссзімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді (шектен тыс дауыс құлақты жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай алмаймыз). Табалдырық шың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және т.б.
Икемделу құбылысы. Ескеретін жәйт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, сондықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысьш отырады. Мысалы, қаранғылықта біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда не жарықтан күңгірт жайға енгенде байқаймыз. Бірінші жағдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағдайда - керісінші, аса жарық жерден жарығы солғын бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып, енді осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 м уақыт керек. Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта жағдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан, сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз.
Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне тәуелді болып қалмастан, бір уақытта сезім мүшелеріне әсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі - түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады. Мысалы, күшті дыбыстық әсер (ысқырық) көру түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі ғылымда дәлендеген (С. В. Кравцов). Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер, талдағыштар сезімін жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді - бұл жалпы заңдылық.
Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы - сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді (А. Р. Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъекті кейпіне, физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тағам жөнінде әңгімесін есіти отырып, бұған қоса түрлі дәмдер мен дастархан бетіндегі түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.
Синестезия құбылысы - ағза талдағыштарының өзара тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бейнелеудегі сезімдер тұтастығының және бір дәлелі.
Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.
Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.
6.4. Қабылдаудың ерекшеліктері.
Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.
Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді.Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады және қабылдаудың тұтастығымен сипатталады.
6.5. Қабылдаудың түрлері.
Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процссі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Мысалы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал енді осы баянды түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздерге мағанасына орай жіктеу қажет, яғни естіп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті де жүріп жатады. Осының арқасында біз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тіркестерін ұғамыз. Мұндағы бірігім уақытша жүйке байланыстарының түзілуімен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу процесі мен күрделі синтездің болуынан.
Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан жүзеге келеді (И. П. Сеченев). Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.
Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті-- салмақ және т.б.). Түйсікке қарағанда қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.
Сонымен, қабылдау сыңды бейне түзуші күрделі процесс негізінде бір талдағыштың өзіндегі және талдағыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы біз тітіркендіргіштерді жете танып, күрделі тұтастық құраған зат қасиеттерінің өзара ықпалды әрекеттерін ескереміз.
Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар - кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнелегенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Кеңістік нысандарын қабылдау - күрделі процес. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбсн монокулярлық - көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі .
Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті аккомодация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.
Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қызметкерлер, дәлдік аппарат жасайтын мамандар үшін маңызы зор.
Уақыт та - материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын - уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.
Қабылдау ниеттелмеген (ырықсыз) және ниеттелген (ырықты) болып екіге бөлінеді. Ниеттелмеген қабылдауда алдын ала белгіленген мақсат не міндетті көздемейміз, ол сыртқы орта ықпалынан туындайды. Ал ниеттелген қабылдау, керісінше, әуел бастан алға қойылған міндетпен реттеліп, қажетті зат немесе құбылысқа назар аудару мақсаты қойылады. Ниетті қабылдау қандай да іс-әрекетке қосылып, оның орындалу барысында жүзеге асады. Бірақ кейде қабылдау өз бетінше біршама дербес әрекет сипатына да ие болуы мүмкін.
Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мұнда топ адамға тән типтік өзгешеліктерде болады. Кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады, олар көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп беруді қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың баяндаушы типіне, ал екіншілерін түісіндіуші типке жатқызуға болады.
Қабылдау саласында адамдар объективтік және субъективтік типтер болып та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен құбылыстарды дәл, айқын, ешбір қоспасыз, сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал субъективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау, қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Мұндайда қабылданатын заттан гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т. б.) ерекше әсер ететін болады. Субъективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды. Қабылдау синтездік (сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемі тұтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер), анализдік (мұндайлар керісінше заттардың ұсақ-түйектерінен шыға алмағандықтан, оны тұтастай қабылдауға шорқақ болады) типтер де кездеседі. Халық осылардың біріншісін "көрмес түйені де көрмес" десе, екіншісін "Түймедейді түйедей" ететіндер дейді. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі — анализдік-синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктер бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, бұлардың қай-қайсысы да тұрақты, өзгермейтіні қажет емес. Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, адамның жас және дара ерекшеліктері т.б. белгілі жағдайларда қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру — оның мағынасын ұғынуға жәрдем етеді. Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Жоғарыда айтқанымыздай, түйіктер қарапайым бейнелеудің жеке формаларының шеңберінен шыға алмайды. Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі бұл формалардан анағұрлым бай келеді. Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі кұрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъекті нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Біріктірудің мұндай түрі бір сезімдік қызмет аймағында да (суретке қарай, біз әртүрлі көру әсерлерін бір, бүтін бейнеге біріктіреміз, сондай-ақ, бірнеше ссзімдік қызмет ауқымымен (апельсинді тану үшін біз көру, сипай сезу, дәм, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстырамыз) орындалуы мүмкін. Осындай психикалық біріктірудің нөтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.
Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың ешбір қиындғыш жоқ - қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объектінің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттардың қабылданып, танылуы әлдеқайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағанаға келтіру сияқты күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.
Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрскет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей кайталау). Сондыктан да, психикалық қабылдау процссін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн.
Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъекті өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектінің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объекті неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді.
Міне сондықтан да қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Және бір, маңызды жағдаят: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жәй деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалык іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам затқа жай назар аударып, оның қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, соның арқасында заттың қасиеттері мен сапаларын тереңдете тани отырып, белгілі категориялар тобына қосады. Мысалы, адам уақыт корсететін механизімді қабылдай, танып, оны "сағат” сөзімен атайды, әрі осы механизм үшін онша қажетті маңызға ие болмаған сағаттың түрі, түсі, көлемі сияқты белгілерге мән берместен, оның негізгі қызметтік қасиеті - уақыт көрсетуге айыра зейін аударады. Сонымен қатар, бір сәтте адам қабылданып жатқан затын белгілі категорияға жатқызып, сырттай ұқсас болған басқа категория заттарынан (барометр, компас) айырады. Осының бәрі субъектінің қабылдау іс-әрекеті өзінің психологиялық құрылымы бойынша бейнелі ой ісіне жақын екендігін дәлелдейді. Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |