Археологиялық барлау және қазба жұмыстарын жүргізу, сол арқылы өз мәліметтерін толықтыру.
Өзіндік зерттеу әдістері бар.
Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл тас ғасыры, көптеген аймақтардағы мыстытас, қола ғасыры, ертетемір заманы, ерте орта ғасырлар тек қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық зерттеу әдістерінің күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті дамыған аймақтар мен замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл жағдайды есепке алғанда, археология тарихты тарих ғылымы дамыған орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды. Ежелгі және орта ғасырларды сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен материалдық мәдениет белгілерін ашуға да жәрдемдеседі.
Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. Зерттелетін дәуірлерге байланысты, археология ғылымының салалары қалыптасқан.
Әуелгі немесе ең көне заман археологиясы. Негізінен, тас ғасырымен шұғылданады. Тас ғасырының кезеңдерімен шұғылданатын салалары: ертетас, ортатас пен жаңатас археологиясы. Сонымен бірге, мыстытас, қола ғасыры археологиясы да осы салаға жатқызылады.
Ертетемір, антик заманының археологиясы. Біздің жағдайда – ежелгі көшпелілер археологиясы.
Ортағасырлық археология. Қазақстан жағдайында ортағасырлық қалалар мен көшпелілер мәдениеттері археологиясы.
Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар:
Далалық археология. Ол ескерткішті орналасқан жерінде (жер бетінде, топырақ қабатында, су астында) барлап және қазып зерттейді.
Лабораториялық (зертханалық) археология. Зертханаларда, ғылыми- зерттеу мекемелерінде әр сала мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Заттардың, деректемелердің физикалық, химиялық құрамы, ерекшелік қасиеттері танылады.
Теориялық археология. Зерттеулер қорытындыланады, тарих ғылымына қатысты жаңалықтар айтылады. Мұны кейде кабинеттік археология деп те атайды, өйткені бұл зерттеу кезеңінде археолог кәдімгі тарихъшы сияқты жұмыс істейді.
Зерттеуәдістерінебайланыстыархеологияныңжекесалаларынбелгілеугеболады: Дәстүрлі археология. Бұл 18-20 ғғ. басындағы зерттеу әдістерінің және оны дамыту негізінде жүргізілетін зерттеулер.
Әуе археологиясы. Ескерткіштерді ұшақ, тік ұшақ арқылы зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталады ( ағылшын Кроуфорд), ал ғарыш аппараттары арқылы зерттеу осы күндері басталған.
Су асты археологиясы. Теңіз жиектерінде (шельфтік аймақтар), көл, өзен астында қалған құрылыстар мен заттарды, суға батып кеткен кемелерді зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталған (француз Пуадебар).
Ғылымсаласы,оқупәніретіндеархеологияныңбөлімдері: Археологияға кіріспе. Негізгі деректемелері, ескерткіш түрлері, зерттеу әдістері қарастырылады және үйретіледі.
Археология тарихы.
Археологиялық мәдениеттер (әлем, құрлық, аймақтар шеңберінде оқытылуы). Қазба адамдар, ең байырғы археологиялық мәдениеттерден бастап уақытнамалық ретпен мәдениеттердің алмасуын, олардың өзіндік түрлі белгілерін қарастырады.
Жеке бір мемлекет археологиясы. Археологиялық мәдениеттердің уақытнамалық ретпен белгілі бір мемлекет шеңберінде қарастырылуы.