Көкшетау ббк 3. И 27


Археология деректемелері мен ескерткіштері



бет7/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70
Байланысты:
археология

Археология деректемелері мен ескерткіштері


Жоспар:

  1. Археология деректемелері

  2. Археология ескерткіштері

Археологиялық деректемелері. Археологиялық ескерткіштерден алынған заттар және қалдықтар археологиялық деректемелерге жатқызылады.
Батыс ғылымында археологиялық деректемелерді тарих алдындағы немесе тарихқа дейінгі және ерте тарих деректері деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Сонымен қатар, ағылшын тілді шетел ғылымында археология деректемелері тарихи деректемелерден бөлек , антропология ғылымының шеңберінде қарастырылады.
Археологиялық деректемелердің ең басты ерекшелігі: деректемелер барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде табылады. Сол арқылы алыс дәуірлер тарихы жасалып, кейінгі дәуірлер жөнінде түсінік толығып отырады. Археологиялық деректемелер дәуіріне, зат материалына, жасалу әдісіне байланысты жіктеледі. Деректемелерді зерттей отырып тұрмыс-тіршілікке байланысты құбылыстарды ашуға болады. Тарихи қорытынды жасалғанда деректемелерден алынатын мағлұматтар тоғысады., яғни синтезделеді. Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын археологтардан әр деректің өз маманы қалыптасады. Мәселен, тас құралдарының маманы, керамиканы зерттеуші, әшекей-бұйымдарды танушы, т.б.
Археологиялық деректемелердің көпшілігі жердің астынан қазылып алынады. Олар, әдетте, толық күйінде жетпейді: сынық, фрагмент, тотық түрінде кездеседі. Сол себепті оларды дұрыс қазып алу, қалпына келтіру және сақтау өте маңызды.
Археологиялық деректемелер түрлері. Деректемелер негізін көне заманнан жеткен заттар құрайды, олар көнеліктер, қалдықтар деп те жазылады. Адам жасаған немесе еңбегімен өзгерткен заттардың бәрі «артефакт» деп аталады. Бұл термин, әсіресе, тас ғасыры мүлкіне байланысты жиі қолданылады, себебі: тас құралдарының функционалды қызметін дәл анықтау қиын.
Археологиялық деректер табылу жағдайына, сақталу деңгейіне және олармен жұртшылықтың танысуына байланысты әртүрлі аталады. Археологиялық
деректемелердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:

    1. Еңбек құралдары. Жасалған шикізаты, дәуірі есепке алынады. Мысалы: тас, мыс,темір құралдары. Сонымен қатар, құралдар атқаратын қызметіне қарай да жіктеледі.

    2. Қару үлгілері. Жасалған шикізаты және қызметі бойынша жіктеледі Мысалы: шабуыл, қорғаныс құрал-жабдықтары. Сыртқы келбеті мен пішіні есепке алынып, түр-түрімен зерттеледі.

    3. Тұрмыс заттары. Аса үлкен топ. Бұған киім-кешек бөлшектері, заманында қолданылған заттар жатады.

    4. Ыдыс. Ғылымда ыдыстар тиянақты жіктелді, олар ескерткіштердің уақытын білуге, мәдениетіне сипаттама жасауға үлкен көмек көрсетеді. Археологиялық мәдениеттердегі ыдыстардың көпшілігі – керамикалық ыдыстар.

    5. Ат әбзелдері. Көбінесе көшпелілер мәдениеттеріне тән. Ауыздықтар, сулықтар, үзеңгілер, айырбастар. Сүйектен, қоладан, темірден жасалуы мүмкін. Мәдениеттерге сипаттама беруге үлкен көмек көрсетеді.

    6. Өнер туындылары. Бұған көркем әшекейлер, көне суреттер, мүсіндер, ғимарат қалдықтары, жазулар жатады.

    7. Сүйек қалдықтары. Олар адам, мал, аң-құс сүйектері болып бөлінеді. Бұл деректеме тобын дұрыс тану үшін анатомиялық және зоологиялық білім қажет.

Археологиялық деректемелердің бір ерекшелігі – олардың толық, тұтас күйінде жетпейтіндігінде. Көп жағдайда бөлшектермен, фрагменттермен жетеді, өзгерістерге ұшырайды, деформацияланады, диффузияланады, ыдырайды. Қатты тотыққан металл, шіріндіге айналған ағаш пен тері сақталуы нашар деректемелер қатарына жатады. Сол себепті, археологиялық деректемелер түрлі препараттар арқылы қалпына келтіруді және арнайы жабдықтардың пайдалануымен сапалы сақтауды талап етеді. Консервациялық жұмыстардың бір бөлігі далалық жағдайда жүзеге асуы керек. Сонда ғана заттар мен қалдықтар маңызды мағлұмат бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет