Барлаудың дәстүрлі әдісі. Археологияның жаңадан пайда болған салалары барлау жұмыстарына да өзгерістер әкелді. Әуе археологиясының негізгі жұмыс түрі- археологиялық барлауға жатады. Аэрофотобейнелеу және биіктен түсірілген суретке- дишифровка жасау арқылы жасырын археологиялық ескерткіштер тізімге алынады, жоспарға түсіріледі. Әуе археологиясы арқылы тұтас барлау мақсаттары жүзеге асады. Тізімге алынған ескерткіштер саны дәстүрлі барлаумен салыстырғанда он еседей көп болуы мүмкін.Барлаудың осы әдісімен жер бетінде сыртқы белгілері жоқ ескерткіштердің көбі табылады.
Барлауды аэрофотобейнеге түсіру арқылы да жүргізуге болады. Сол себепті, барлаудың екі түрі қалыптасқан, олар: дәстүрлі және күрделі техникалық. Дәстүрлі – жаяу немесе көлікпен жүру арқылы барлау.
Күрделітехникалықбарлауға жататындар: электрлі – жер астына тоқ жіберу арқылы барлау; магнитті- жер астындағы магнит желісінің ауытқуларын тексеру арқылы қазбай зерттеу әдісі; ұшақпен және су асты техникасымен барлау.
Барлауға Археология институтының Дала комитеті беретін ашық парақ арқылы рұқсат етіледі.
Барлаудың жаңа әдістеріХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасынан бастап электрлі және магнитті барлау жақсы дамыды. Бқл барлау салалары жер астындағы құрылыстардың орналасу өлшемдерін белгілеуге және белгілі бір затты дәл табуға мүмкіндік береді
2. Қазба жұмыстарына рұқсат.Археологиялық жұмыстарға рұқсатты жергілікті оқу орны немесе ғылыми мекеменің өтініші бойынша республикадағы яғни Археология институты береді. Археология институтында дала комитеті жұмыс істейді. Ол түскен өтініштерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады. Рұқсат арнайы білімі бар,археологиялық экспедицияларға қатысқан, далалық жұмыс түрлерімен жақсы таныс адамдарға беріледі. Рұқсатсыз өз бетімен қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады және ол заңсыз деп танылады.
Археологиялық барлау және қазба жұмыстарына рұқсаттың төрт түрі қалыптасқан:
№1 ашық парақ - толық көлемді қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
№2 ашық парақ - шектеулі жер жұмыстарына рұқсат.
№3 ашық парақ – археологиялық барлау жұмыстарына рұқсат.
№4 ашық парақ – кезек күттірмейтін немесе авариялық жағдайдағы, бүліну қаупіндегі ескерткішті зерттеу үшін рұқсат.
Соңғы жылдары Білім және Ғылым министрліінің жеке зерттеушілерге берілетін лицензиялары арқылы рұқсат беріліп жүр.
Жұмыстар аяқталған кезде Археология институтына толық есеп беріледі.