Көкшетау ббк 3. И 27


Археологиялық зерттеу әдістері



бет9/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:
археология

Археологиялық зерттеу әдістері


Жоспар:

  1. Археологиялық барлаулар.

  2. Қазба жұмыстары.

  3. Археологиялық зерттеулер әдістері.

Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері. Археологиялық ескерткіш туралы толымды мағлұматты археологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жиюға болады. Археологиялық барлау – қазу алдында немесе экспедицияның арнайы жүргізілетін негізгі жұмыстарының бірі. Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері:
Біріншіден, ескерткіштерді есепке алу, орналасуын археологиялық картаға түсіру. Ол үшін, таңдап алынған аймақ толық барлаудан өткізіледі. Бұл- тұтас барлауды қажет етеді. Оған археологтар, өлкетанушылар, көнеліктерге жанашырлық білдіретін өзге адамдар қатыстырылады. Ол белгілі әкімшілік - географиялық аймақтарда жүргізіледі Зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қорғау жұмыстарын жүргізу. Тізімге алу, оған сипаттама жасау арқылы паспортын құрастырып, мемлекеттік бақылауға алынуына жағдай туғызу.
Екіншіден, жаңа ескерткіштерді ашу. Жинақталған және жүйеленген негізгі мәліметтер толықтырылады, археологиялық кезеңдерді ажырату.
Үшіншіден, ескерткішті толық зерттеп шығу үшін- қазу алдындағы барлау ұйымдастыру.
Төртіншіден, ескерткіштерді қорғап, сақтау – бүліну қаупі төнген немесе авариялық жағдайдағы ескерткіштерді сақтауға бағытталады.
Барлауға дайындық. Барлау алдында үлкен даярлық жұмыстары жүргізіледі. Бұған зерттеу алаңын іріктеп алу, жүріс-тұрыс құралдары, карта бойынша маршрут жасау, жоспар жасау кіреді. Негізгі мақсат белгіленіп алынуға тиіс. Археолог осы аймақ жөніндегі археологиялық және өлкетану әдебиетімен, сол жердің географиясымен және климатымен танысып шығуы қажет. Жыл мезгілін таңдап алудың маңызы зор. Біздің еліміздің оңтүстігінде, мысалы, ең қолайлы мезгіл- күздің соңы. Бұл уақытқа ішкі бассейндердің су деңгейінің төмендігі, шөп жамылғысының жоқтығы, жердің жаппай жыртылып тасталуы тән болып келеді. Күн тәулігінің ең жақсы уақыты- ашық күнгі таңертеңгілік немесе кешкілік өйткені бүйірден түскен жарық рельефтің оншама байқала қоймайтын егжей-тегжейлерін табуға мүмкіндік береді.
Барлау құрал-жабдықтары жеңіл, жинақы да, сонымен бірге, ең қажеттілерін қамтуы тиіс, аспаптар, еңбек құралдары, орау материалдары болуы керек. Бұдан басқа барлауға қатынасушылардың документтері мен жұмыс жүргізуге деген рұқсаты болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет