Көкшетау ббк 3. И 27



бет11/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
археология

Қазба жұмыстарына дайындық. Дайындық бірнеше сатылы:

  1. Теориялық білім алу. Ғылыми әдебиеттерді меңгеру.

  2. Археология кабинеттеріндегі, мұражайдағы экспонаттармен танысу.

  3. Зерттелетін кезең бойынша жарияланбаған зерттеулер, қолжазбалармен танысу.

  4. Қазба жұмыстарына қажет жабдықтарды дайындау.азба жұмыстарын жүргізудің жоспарын жасау.

Барлауға қарағанда дайындық жұмыстары едәуір ауқымды.
Ғылыми қызметкердің міндеттері. Әрбір жасақ немесе экспедиция құрамында арнайы дайындықтан өткен ғылыми қызметкер немесе бірнеше мамандар еңбек етеді. Қазба басшысы және ғылыми қызметкердің басты міндеттері:

  1. Қазба орындарын белгілеу.

  2. Қазушыларды орналастыру, еңбек тәртібі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  3. Жұмыс кезеңдерін белгілеп отыру.

  4. Қазу, тазалау, табылған заттарды орап салу жұмыстарын қадағалау.

  5. Далалық құжатнаманы дұрыс жүргізу, күнделік, жоспар–сызбаларды сапалы жасау.

Негізгі жұмыс құжаты – дала күнделігі. Онда қазу кезеңдері сипатталады.
Ескерткішті зерттеу кезінде түрлі жоспар-сызбалар, тілік сызбалары, табылған заттардың масштабтағы суреттері, ескерткіш деңгейлерінің өлшемдері, табылу орнының тіркемелері, басқа да өлшеулер, фото, видео материалдар жасалынады. Осының бәрі өз кезегінде, дәл уақытында тіркемеленуі тиіс.
Қазбаны белгілеу. Ескерткіштің болжаулы көлемі шөптен тазартылады, , тамыры терең өсімдіктер жұлқып алынбайды. Шөп күрекпен көлденең қиылады. Тазартылған жерде қазба көлемі дәлірек айқындалады.
Қазылатын қорған болса, қазбаның орта тұсы анықталады. Орталық қазық үстіне буссоль немесе компас қойылады да, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс бағыттары белгіленеді. Анықталған бағыттарға орталық қазықтан жіп тартылып, әр метрге қазықтар қағылады, бұрыш дәлдігі 90° сәйкес келуі керек. Дәлдік геометриялық әдіспен, Мысыр үшбұрышы теоремасымен тексеріледі (үшбұрыш катеттер квадраттарының қосындысы гипотенуза квадратына тең). Шаршылар торы жасалып, оның рет саны жоспарда көрсетілгені жөн.
Қиындыны,яғни прфильді қадағалап отыру үшін: солтүстік-оңтүстік, батыс- шығысбағыттарымен орталық жал (орысша - бровка) қалдырылады. Оның ені 50- 60 см болуы мүмкін, кейін қырланып, ені сәл кемиді. Қазылатын қоныс болса, төртбұрышты қазба орындарда қиындылар қоныс қабырғалары арқылы тексеріледі. Қазба көлемі тым үлкен болса, белгілі қашықтықта қазбада алынбаған топырақ бағаналары қалдырылады.
Қоныстарды қазғанда қазба көлемі едәуір үлкен, әдетте, 100-400 м2 келеді.
Тым көлемді болса, қатпарлардың қиындыларын белгілеу қиынға соғады. Мәдени қабатты табу үшін қоныстарда шурф салынады, оның көлемі шаршыға ұқсас келуі керек. Ол бір бағытты траншеяға, ал траншеялар қазба алаңына ұласуы мүмкін.
Қоныстағы шаршылар 2х2 м болып белгіленеді.
Археология үшін басты бағыт – солтүстік. Жоспарларда ол үшкір бағдаршамен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет