Көкшетау ббк 3. И 27


Стратиграфиялық зерттеудің маңызы



бет13/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
Байланысты:
археология

Стратиграфиялық зерттеудің маңызы. Стратиграфиялатын сөзі, stratum-қабат, grapho- жазу, яғни археологиялық ескерткіштердің орнында пайда болған қыртыстарды зерттеу әдісі.
Адамзат тарихының өте ерте дәуірлерін сипаттаған кезде геологиялық стратиграфия қолданылады. Атап айтсақ, мұзданудың және мұзаралықтарының геология ғылымы қалыптастырған атаулары бар. Адамзат тарихына сәйкес келетіндері ертетас дәуіріне жатады. Кейінгі археологиялық дәуірлер де стратиграфиялық әдістің қолдануымен зерттеледі.
Қоныстардағы қазба қабырғалары кең, көлемді келсе, шаршылардың түйіскен нүктелерінде жер бақандары қалдырылады. Қазба тереңдегенде олар аласартылады, уақытында қиындысы графикалық әдіспен салынып отыруы тиіс.
Қорғандарды қазғанда солтүстік - оңттүстік, шығыс - батыс бағыттарымен қазылмаған жал (орысша - бровка) қалдырылады. Қазба терең болмаса, жал бұзылмаған күйінде сақталады. Алдыңғы қиындылары қағаз бетіне түскенде, тереңдегенде аласартылуы мүмкін. Қиынды сызбасы –профилі сапалы жасалғанда ескерткіштен алынатын тарихи мағлұмат толыға түседі, уақытты дәл анықтауға септігін тигізеді.
Стратиграфиялық әдіс көне қоныстарды зерттеген кезде қолданылады. Стратиграфиялық тізбек немесе қатарлар арқылы жоғарғы және төменгі қабаттардың уақытнамасы анықталады. Стратиграфиялық әдіс қорғандық ескерткіштерді де зерттеуде маңызды қызмет атқарады. Ескерткіштердің салыну уақытын, құрылыстың қалыптасуын, құрылымын анықтайды.
Ашық және жабық комплекстер. Археологияда ескерткіштерді сипаттауда ашық
және жабық комплекстер деген ұғымдар қолданылады.
Қоныстардың көпшілігі ашық комплекстерге жатады. Мұндағы заттар мен қалдықтар ұзақ уақыт бойы жинақталған, оларды бір уақытқа жатқызу, мәдени қабат бүлінген болса, қиындықтар туғызады.
Ашық комплекстегі заттар мен қалдықтар әр замандікі болуы мүмкін. Стратиграфиялық және типологиялық әдістер оларды ажыратуға мүмкіндік береді. Ашық комплекстегі деректемелер көбіне қираған, бөлшектенген, өзгерген түрінде ұшырайды.
Жабық комплектердегі заттар бір мезгілді мегзейді, бір заманның қолданыс заттары болуы неғұрлым ықтимал. Көбінесе бір мәдениетке жатады. Мәселен, моланың ішіндегі заттар бір уақытта көмілді, яғни зат жинақталуының уақыт тұтастығы бар. Олар бір дәуірдің, бір заманның заттары.
Арнайы камерада қойылғандықтан жабық комплекстегі деректемелердің сақталу сапасы жоғары келеді. Сондықтан, оның уақытнамалық көрсеткіштері ашық комплекстерге қарағанда айқын, абсолюттік уақытнамаға жақын. Жабық комплекстердің көмегімен мәдениетті анықтау жеңілірек. Жабық комплекстерге жерлеу комплекстерімен қатар бір мезетте табиғат апатынан немесе жойқын соғыс салдарынан жойылып кеткен қоныс - қалалар да жатады. Мәселен, жанартау атқылағанда қоныс-қалалар күл астында қалуы мүмкін. Антик заманының Помпей қаласы, міне, осындай жабық комплекс түріндегі ескерткіш. Мұндағы өмір көрінісі бір уақыт кескінін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет