Олдувайкезеңі/2 млн – 700 мин жылда/- негізінен ескерткіштері – Африка жерінде
а/ үш түрлі еңбек құралдары бар – сфероидтар – немесе дөңгелек тас қарулар, б/ тас қару /отщепы/ - бір шетінен ұсақ өңдеген.
в/ чоппер – Өткір жүзі бір жағынан ған өңделген.
Ашеллькезеңі/700 –150-120 мың жылдар/.
Жаңа еңбек құралдары /қол шапқы/ - ұзындығы 30-35 см. дейін келеді – бұл қарумен адамдар ағаштың бұтағын шауып, қару даярлаған, аңның індерін немесе өсімдіктің тамырын қазуға жұмсаған.
Ашелль ескерткіштері бұрынғы КСРО территориясында онша көп емес – олар Кавказдан, Молдавиядан, Орта Азия, Қазақстан жерлерінен кездеседі.
Оның ішінде Кавказдағы Кударо-І ІІ-ІІІ, Цона, Абхазия деген үңгірдегі қоныстар. Кейбіреулерінде тас қарулар даярлаған да, ал кейбіреуінде сүйек, сынған
қарулар, еңбек құралдары ғана табылады. Армения территориясындағы ашелль қонысы – Сатани-Дар. Қарулар негізінен обсидианнан жасаған.
Орта палеолит. Мустье кезеңі/150-120 – 35-30 мың жыл/ - неандерталь адамының кезеңі.
а/ Тас қаруларды өңдеу жетіле түседі – яғни нуклеустерден бірнеше қарулар жасаған. Мустье кезеңінде – үшкіртас /остроконечник/ және қырғыш /скребло/ пайда болды.
б/ Үшкіртас – кесетін, ал скребло – теріні өңдейтін қару болды. Мустье кезінде еңбек құралдарының 60-түрі пайда болған.
в/ Мустье кезінің қоныстарын екі түрі бар – үңгірдегі қоныстар, ашық тұрақтар.
Кавказдағы мустье дәуірінің қонысы Киік-Қоба және Молдавияға Молдава-І үңгірдегі қоныстарда екі немесе бірнеше бөлмелі үйлердің қалдығын яғни бірнеше аң аулаушылар семьясы тұрғандығын дәлелдейді.
Мустье кезінде негізінен ірі аңдардан мамонтты көп аулаған.
Сонымен қатар жабайы жылқыларды, киікті, жабайы есектерді, үңгір аюларын аулаған. Мысалға Қырымдағы Староселье қонысынан жабайы есектің сүйегі көп кездесе, Сочи бойындағы қоныстардан – үңгір аюлардың сүйектері кездеседі.
Мустье кезеңінен адамдарды жерлеу тәсілі пайда болады, яғни діни сенімнің пайда болған кезі. Мысалға Киік-Қоба қонысында адамды жерді қазып жерлеген, Тешік-Таш қонысында - өлген адамды тау ешкісінің сүйіздерімен қоршап көмген.
Мустье кезеңінің қоныстары көп. Мысалы, Қырымда – Киік-Қоба, Заскальная, Староселье, Өзбекістанда – Тешік-Таш, Алтайда – Усть-Канская, Страшная, Хакассияда – Двуглазка үңгірі т.б.
Соңғы палеолит /30-35 мың – 10 мың жылдар/ - геологиялық жыл санаушы – бұл – валдай мұз басу кезеңі – яғни, мұз Волганың жоғарғы бөлігінде жатқан кез. Бұл кезде – мамонт пен жүндес мүйізтұмсықтардан /шерсистый носорог/- басқа, жабайы ат, өгіз т.б. аңдардың мол кезі.
Соңғы палеолит кезінде – адамдар Печора, Орал өңірін игеріп, Якутия және Байкал сыртына /Забайкалье/ дейін жеткен, Беринг бұғазы арқылы Америкаға өткен кезі.
Соңғы палеолит кезінде ежелгі палеолит кезіндегі тасты өңдеу традициясы сақталып жетіле түседі.
Тасты жаңа өңдеу әдісі пайда болды – призма тәріздес нуклеус – яғни тас өңдеуден қарудың – 92 түрі пайда болды.