Адамның өлімімен байланысты ескерткіштер (Солтүстік Қазақстан ескерткіштері мысал ретінде)
Жерлеу орындары. Топырақты молалар үстінде орнатылған белгі болмайды.Олар мустьер дәуіріндегі үнгірлерде пайда болып,жоғарғы полеолитте кең тараған. Мүмкін алғашында орнатылған бұл молалар үстіне қоршау орнатылған да шығар,бірақ осы уақытқа дейін сақталмаған.
Обалар. Обалар көлеміне байланысты үлкен және кіші деп бөлінеді,құрамына қарай: тас, топырақты, таспен топырақ аралас түрлерге бөлінеді. Ішкі құрлысыда әртүрлі болады. Ішкі құрылысында үлкен жерлеу камералары болады. Жалғыз обалар сирек кездеседі. Көбінде обалар тобымен орналасады. Бір орында әр уақыттың обалары кездеседі.
Кенотафтар. Қорғандарды қазу барысында молалар құрлысы болғанмен ішінде мәйіт орналаспайды. Мұндай жалған қорғандарды кенотафтар деп атайды. Олар әртүрлі дәуірде көп кездеседі. Этнографиялық бақылаулармен көне жазба деректерінің мәліметтері бойынша адамның тірі кезінде алдын ала дайындалып қойған молаларға жерленбеуінен осындай кенотафтар пайда болған.
Дольмендер, менгирлер, кромлехтер. Берілген үш ескерткіштің ішінде жерлеу орны дольмендер. Дольмендер ірі тастардан қаланған бетін тас плитамен жапқан қоршау. Олар қола дәуірінде кең тарап, Атлант жағалауларында, Батыс Европада, Солтүстік Африкада, Кавказда және Қырымда кездеседі.
Менгирлер мен кромлехтерді жерлеу ескерткіштер қатарына жатқызу қиын. Менгирлер биік тас бағандар кейде оюлармен әшекейленген. Кромлехтер-ірі тастан жасалған шеңберлі қоршау. Екеуіде неолит және қола дәуіріне жатады. Бұл ескерткіштер Кавказда,Орта Азияда және Оңтүстік Сібірде кездеседі.
Палеолит. Қазақстан жеріндегі палеолит ескерткіштері
Жоспар:
Палеолиттің жалпы сипаты
Төменгі палеолит. Олдувай кезеңі
Ашель кезеңі
Орта палеолит. Мустье кезеңі
Жоғарғы палеолит.
Қазақстан жеріндегі палеолит ескерткіштері
Кілт сөздер: палеолит, Олдувай, ашель, мустье, жоғарғы палеолит,
Палеолит (гр. Palaios – ежелгі және lithos – тас) – ежелгі тас ғасыры. Б. з. б. 2,6 млн. жылдан – б. з. б. 10 мың жыл аралығын қамтиды. Палеолит ғылымда төменгі, ортаңғы және жоғарғы деп 3-ке бөлінеді. Төменгі немесе ежелгі палеолит шамамен б. з. б. 2 млн-нан 140 мың жылға, ортаңғы палеолит 140 мыңнан 40 мыңыншы, ал жоғарғы немесе кейінгі палеолит 40 мыңнан 10 мың жылдыққа дейін созылды. Ежелгі палеолит ірі-ірі 2 кезеңге (мәдениетке): олдувай (б. з. б. 2,6 млн. жыл – 700 мың жыл), ашель (б. з. б. 700 мың жыл – 150–120 мың жыл), ал орта палеолит мустье (б. з. б. 150 – 120 мың жыл – 35 – 30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Соңғы палеолит б. з. б. 40 – 35 мыңжылдықтан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |