Көкшетау ббк 3. И 27


Қазу және тазалау әдістері



бет12/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
археология

Қазу және тазалау әдістері. Ескерткіштер біртіндеп көлденең қатпарлар бойынша қазылады. Қатпарды қию үшін- тік күрек, топырақты алу үшін – қалақ күрек қолданылады. Қатты топырақты ою үшін - сүңгі (лом) қолданылуы мүмкін.
Топырақ жіңішке, сәл қиғаштау қиылады, алынған топырақ үгіледі, тексеруден өтеді. Қазушының бірі топырақты қиюмен, екіншісі- алумен, үшіншісі- тазалаумен шұғылданады. Мәдени қабаттағы топырақ аса мұқият тексеріледі. Әрбір тазаланған қатпардың жоспары салынады. Мәдени қабатты бірден тұтас
алуға болмайды. Қазу кезінде табылған заттар толық тазаланғанша орнында қалуы тиіс. Қазу кезінде құрылыстар бүлінбеуі керек. Тереңдегенде қабырғалар құлап кетпеу үшін тіреулер қою қажет. Ең маңыздысы – бұзбау, тек жоспары салынған соң қажетінше тереңдеу. Сөйтіп, құрылыс қатпарлары тексеріледі. Қазба баспаналаларды ашу үшін ғана емес, олардың арасындағы жерлерді тексеруге де ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларда қоныстың стратиграфиясы құрылыстар арқылы анықталады.
Қазақстандағы қорымдардың көбі – қорғандар, ал қорғандар тізбек түрінде кездеседі. Қола ғасырының қорғандары көбінесе орталық құрылыс төңірегіне топтала орналасады. Аралас конструкциямен салынған қорғандар жер қорғандарына қарағанда көп. Тасты және қиыршық тасты, малта тасты үйінділерден тұрғызылғандары да кездеседі.
Қорғандар, әдетте, секторлар бойынша қазылады, бұл әдіс жер қорғандарын зерттеу үшін аса тиімді. Қорғандардың көлемі үлкен болса, шеңберлеп қазу әдісі қолданылуы мүмкін. Мұндайда қазу шеткі шеңберден басталады. Төрт сектормен қазып шығу әдісі көптеген жағдайда ескерткіш ерекшеліктерін жақсы анықтауға мүкіндік береді.
3. Мәдени қабат туралы түсінік. Мәдени қабат – адамның тұрмыс-тіршілігінің белгілері сақталған жер қыртысы.
Археологияда мәдени қабатты зерттеу үлкен орын алады. Мәдени қабатта байырғы адамдардың заттары, сүйек, құрылыс қалдықтары және өзге де археологиялық белгілер сақталған.
Жер бетіндегі топырақ, өсімдік ерекшеліктері және табиғи-климаттық жағдай оның қалыптасуына әсер етеді. Мәселен, жер ылғалды немесе сортаң келсе заттардың сақталуы қиындайды. Шөлейт және қуаң аймақта, тастақ жерлерде мәдени қабат қалыптаспауы мүмкін. Аса ылғалды аймақтарда заттар тез ыдырап, олардың ұзақ сақталуына жағдай қолайсыз келеді.
Егіншілік және отырықшы тірліктегі тайпалар мекендеген жерлерде мәдени қабат табылуы неғұрлым ықтимал. Себебі, олар бір жерде ұзақ уақыт өмірлерін өткізген. Тұрғындардың тығыздығы, өзен алқаптарындағы табиғаттың қолайлылығы мәдени қабаттың қатпарлануына тиісті жағдай туғызады. Мәдени қатпарлардың қалыңдығы өсе түседі. Мысалы, Шығыс Европадағы орыс қалаларының орнында мәдени қабаттың қуаттылығы немесе қалыңдығы 7-8 метрге дейін жетеді. Орталық Азияның кейбір оазистерінде өткен тұрақты өмір 15-20 метрлік мәдени қабатты құрайды. Сол сияқты, ерте тастың кейбір үңгірлерінде қуатты мәдени қабат табылуы мүмкін. Көшпелілер мәдениеттерінде жылжымалы шаруашылықтың кең тарауына байланысты, мәдени қабатты табу қиын.
Бұрынырақта, мәдени қабатты зерттеу қалыптаспаған болатын, есепке ірі, бағалы заттар алынып, ұсақтарына мән берілмеді, кейіннен сынық-қалдықтардың
өзі мол тарихи түсінік беретіні анықталды. Сол арқылы уақытнамалық анықтаулар жасалынып, табылған комплекстер бір мәдениет аясына біріктіріледі.
ХХ ғасыр археологиясында қалыптасқан әдістер мәдени қабатты тұтас археологиялық ескерткіш ретінде қарастырады. Бір жерде бір немесе бірнеше мәдени қабат болуы мүмкін. Бұзылмаған бөліктерде мәдени қабаттар көлденең, жердің бұдырын қайталаған ретпен орналасады. Арасында таза немесе стерильді белдеулер болуы мүмкін. Қатпарлар жоғарыдан төмен қарай зерттелуі керек. Аса көлемді болса, шурф немесе траншея салынады.
Құрылыс топырақтың орналасу ретін бұзатыны белгілі, яғни түрлі құрылыстар салу кезінде мәдени қыртыс бүлінеді, мұндайда уақытнамалық анықтама жасауға құрылыс көкжиегі есепке алынады. Құрылыс көкжиегі жоғарыдан төменге қарай рет санымен көрсетіледі.
Мәдени қабат әлсіз және қуатты болуы мүмкін. Неғұрлым қуатты мәдени қабат қалалардың орындарында қалыптасады. Ол біртіндеп қалыңдайды. Бірнеше ғасырар бойғы мекеннің мәдени қабаты айқын көрінеді.
Мәдени қабаттың қалыңдауына немесе жойылып кетуіне табиғат факторлары барынша әсер етеді.
Ертетас заманындағы ескерткіштерде мәдени қабат көп кездеспейді, өйткені тұрақтардың көпшілігі- қысқа мерзімді. Қазақстанда мәдени қабаты жақсы қалыптасқан ертетас ескерткішінің бірі – Қаратау аймағындағы Қарасу (Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ).
Мола ескерткіштердің кейбірінде мәдени қабат болуы мүмкін. Мәселен, қорған үйінділеріндегі құрбандық іздері, мал сүйектері, күл.
Мәдени қабатты зерттеу қиындығы – жер жұмыстарының ауқымдылығында. Байырғы ірі мекендердің мәдени қабаттары толық зерттеліп шығуы үшін ұзақ уақыт қажет. Мәселен, антик заманының әйгілі Помпей қаласы 18 ғ-дан бастап қазылуда, жер жұмыстары әлі аяқталмаған. Қазақстанның орта ғасырлардағы Отырар, Талғар, Далалық Ақтөбе қалалары да ондаған жылдар бойы қазылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет