3. Жүргізуші куәліктерін беру, ауыстыру және жоғалғандарын қалпына келтіру
76. Жүргізуші куәліктері емтихандарды ТЕБ-те тапсырған адамдарға олардың тұрақты тұратын жерінің тіркелуі бойынша, ал Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуіне қарамастан беріледі.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
77. Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер ТЕБ-ке:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін алуға толтырылған бланкіні;
2) жеке басын куәландыратын құжатын;
3) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) медициналық анықтама мен оның көшірмесін;
5) курстарды аяқтағаны туралы куәлікті және оның көшірмесін (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда);
6) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты;
7) «С», «D1», «D», трамвай, троллейбус санаттарын беру үшін жұмыс өтілін растайтын құжатты (жұмыс орнынан анықтама);
8) Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасын (шетелдік азаматтар үшін) ұсынады;
9) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.
Ескерту. 77-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
78. Халықаралық жүргізуші куәлігі теориялық және практикалық емтихандар тапсырмастан үш жыл, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
79. Жүргізуші куәлігін ауыстыру мынадай:
1) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен;
2) пайдалану үшін жарамсыз болған;
3) қолданылу мерзімі өткен жағдайларда;
4) иесінің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
80. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға байланысты оны алу үшін адам:
1) ТЕБ-ке жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;
2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидалардың 77-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.
Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі өткен кезде көлік құралдарын басқару құқығы теориялық және практикалық емтихандар тапсырғаннан кейін қалпына келтіріледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
81. Қосымша санаттар, кіші санаттар алуға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ бұрын берілген жүргізуші куәлігін ұсынады.
Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
82. «А», «В», «С», «D», «Е», «Tm», «Tb» санаттары бар, 1996 жылдан бастап берілген, Қазақстан Республикасының ұлттық жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде мынадай жүргізуші куәліктері беріледі:
1) «А» санаты болған кезде - «А», «А1» санаттары;
2) «В» санаты болған кезде - «В», «В1» санаттары;
3) «С» санаты болған кезде - «С», «С1» санаттары;
4) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5) «D» санаты болған кезде - «D», «D1» санаттары;
6) «Е» санаты және «В» не «С» не «D» санаттары болған кезде - тиісінше «ВЕ», «СЕ», «С1Е», «DE», «D1E» санаттары;
7) «Tb» санаты болған кезде - «Tb» санаты, ал «D», «D1» санаттары практикалық емтихан тапсырғаннан кейін;
8) «Tm» санаты болған кезде - «Tm» санаты.
Ескерту. 82-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
83. Орнына жаңасы берілген жүргізуші куәлігі жарамсыз деп есептеледі және ТЕБ-ке тапсыруға жатады.
84. Шет мемлекеттердің жүргізуші куәліктері иелері шетелдік азамат немесе азаматтығы, тұруға ықтиярхаты жоқ адам болып табылатын адамдар оларды алған күннен бастап алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз болып танылады.
85. «Жол жүрісі туралы» (1968 жылғы 8 қарашадағы) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) Конвенциясының талаптарына жауап беретін, болатын елдің жүргізуші куәлігін шет елде алған, осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген адамдар оларды жүргізуші куәлігі түпнұсқасының, оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариаттық расталған аудармасының, осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде, ТЕБ-ке теориялық және практикалық емтихандар тапсырмай, Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігіне ауыстырады.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
86. Өзге мемлекеттер азаматтарының ұлттық жүргізуші куәлігі ТЕБ-те сақталады және оның өтініші бойынша иесіне қайтарылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының бұрын берілген жүргізуші куәлігі ТЕБ-ке қайтарылады.
87. «Жол жүрісі туралы» (1968 жылғы 8 қарашадағы) БҰҰ Конвенциясының талаптарына жауап бермейтін шет мемлекеттердің жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында ауыстыруға жатпайды.
88. Жүргізуші куәліктері олардың иелеріне жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде немесе сенімхат бойынша 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәліктерін беру тізіліміне қол қойғызып беріледі.
89. Жүргізуші куәлігін оның жоғалуына байланысты алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
90. Жүргізуші куәлігін жоғалтқан кезде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша жүргізуші куәлігі беріледі, ол берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды болады.
Сұрау салулар жіберген және оларға жауаптар алған, жүргізуші куәлігін жоғалтумен байланысты жекелеген мән-жайларды анықтаған кезде уақытша жүргізуші куәлігін ТЕБ бастығы қосымша бір рет отыз тәулікке ұзартады.
91. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін жүргізуші куәліктері үшін емтихандар тапсырмастан, «Жоғалғанның орнына» белгісі бар жаңа жүргізуші куәлігі беріледі.
92. Уақытша жүргізуші куәлігі жоғалған кезде жаңасын беру емтихандар тапсырмай жүзеге асырылады.
93. Тұрғылықты жерін ауыстырып жатқан немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ (үш айдан астам) іссапарға кететін адам үшін жоғалғанның орнына жүргізуші куәлігі ТЕБ қызметін бақылау міндетіне кіретін уәкілетті органның лауазымды тұлғасының шешімі бойынша бір айлық мерзім өткенге дейін беріледі.
94. Шет мемлекеттердің жоғалған жүргізуші куәліктерінің орнына жүргізуші куәліктері берілмейді.
95. Олардың орнына иелеріне басқа жүргізуші куәліктері берілген, тауып алынған жүргізуші куәліктері жаңа жүргізуші куәліктері берілген сәттен бастап өзінің заңды күшін жоғалтады және оларды жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен одан әрі жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады.
96. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамға жүргізуші куәлігін қайтару осы Қағидалардың 77-тармағының 1) 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың және теориялық және практикалық емтихандар тапсыру негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жүргізуші куәлігінде көрсетілген жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
97. Басқару құқығынан айырғаннан кейін сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылған жүргізуші куәлігін қалпына келтіру оларды жою туралы ТЕБ ақпаратының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсыну және теориялық және практикалық емтихандар тапсыру негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
98. Жүргізуші куәліктерін беруді, ауыстыруды және жоғалғандарын қалпына келтіруді жүргізер алдында жүгінген адамды ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
99. Жүргізуші куәліктерін дайындауды кәсіпорын (бұдан әрі - Жеткізуші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрлігімен (бұдан әрі - ІІМ) және ішкі істер органдарының бөліністері - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерімен (бұдан әрі - ІІД), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жасалған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырады.
100. Дайындалған, бірақ берілмеген жүргізуші куәліктерін ІІМ бөліністерінде сақтау терезе торларымен жарақталған, сенімді ілмегі бар металл есікпен қапталған және күзет-өрт сигнализациясымен жарақталған, ішкі істер органдарының бөліністері кезекші бөлімінің орталық пультіне шығарылған, құрғақ, оқшауланған үй-жайларда сейфтерде немесе металл шкафтарда жүзеге асырылады.
101. Жүргізуші куәліктерін беруді есепке алу кезінде ІІМ-нің «Автомобиль» автоматтандырылған жүйесі компьютерден басып шығарылған әр параққа реттік нөмір бере отырып, жүргізуші куәліктерін беру туралы мәліметтерді күн сайын жинақтау арқылы Тізілім қалыптастырады. Бұл ретте ТЕП бастығы әрбір парақтың соңына берілген жүргізуші куәліктерінің саны туралы жазба жасайды. Тізілімдер саны 100 парақтан жиналуына қарай, жеке номенклатуралық іс қалыптастырылады.
102. ІІМ, ІІД және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі ТЕП есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, ішкі істер органдарының қаржы қызметіне Тізілімдерді қоса отырып, жүргізуші куәліктерінің қозғалысы туралы есеп ұсынады.
Жүргізуші куәліктерін дайындау процесінде ақау туындаған кезде материалдық-жауапты адам Жеткізушінің өкілімен бірлесіп, ақау себептерін көрсете отырып, емтихан бөліністері бойынша ақауы бар өнімді есепке алу актісін осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жасайды. Ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі әр айдың 5-іне актінің бір данасы ішкі істер органдарының қаржы қызметіне, екіншісі Жеткізушінің өкіліне жолданады, үшіншісі материалдық-жауапты адамда сақталады. ТЕП қызметкерінің кінәсінен жол берілген ақауды оның саны шығарылған өнімнің жалпы санынан 1 % асқан кезде оған жол берген қызметкер төлейді.
Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларына
1-қосымша
нысан
Теориялық емтихан тапсыру парағы
КҚ санаты _____
Тегі ___________________________________ Аты ________________________
Әкесінің аты ___________________________ Туған күні _________________
Күні _____
|
Сұрақтардың нөмірлері
|
Жүргізушілікке үміткердің қолы
|
Билет ____
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
|
жауаптардың нөмірлері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Емтихан қабылдаушының бағалары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға
Қолы
Емтихан қабылдаушының тегі
|
|
|
Сұрақтардың нөмірлері
|
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
32
|
33
|
34
|
35
|
36
|
37
|
38
|
39
|
40
|
|
|
|
Қорытынды баға, қолы,
емтихан қабылдаушының тегі
|
Жүргізушілікке үміткердің қолы
|
Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларына
2-қосымша
нысан
Достарыңызбен бөлісу: |