Кездейсоқ оқиғаның орындалуы да мүмкін, орындалмауы да мүмкін. Оның орындалу мүмкіндігі әртүлі болады. Табысқа жету мүмкіншілігін оқиғаның орындалуы барысында оның жиілігі бойынша салыстырылады.
Анықтама. Мүмкіншіліктің (шанстың) мән-мағынасын бөлшек сан ретінде қарастыруға болады. Оның алымы – орындалған оқиғалар саны, ал бөлімі барлық жағдайлар санын көрсетеді.
1-мысал. Жәшікте 5 ақ шар және 10 қара шар бар. Бір шар алынады.
A - ақ шар алынды
B - қара шар алынды
C - қызыл шар алынды
D - ақ немесе қара шар алынды. Аталған оқиғалардың шығу мүмкіндіктерін тап.
Шешуі: Жәшікте барлығы 15 шар. Сонда оқиғаның болу мүмкіндіктері төмендегідей болады.
A – 15- тен 5 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде
B – 15- тен 10 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде
C – 15- тен 0 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде
D – 15- тен 5+10=15 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде
Мұнда А және В оқиғасы кездейсоқ. С - мүмкін емес оқиға, D – ақиқат оқиға. Көріп тұрғандай ақиқат оқиғаның мүмкіндігі 1- ге тең, мүмкін емес оқиғаның мүмкіндігі 0- ге тең, ал кездейсоқ оқиғалардың мүмкіншілігі 0 мен 1 аралығында орналасқан. Сонда ықтималдар шкаласында былай көрсетуге болады.
Мүмкін емес кездейсоқ ақиқат
0 1
2-мысал. 36 ойын картасының топтамасынан бір карта суырылып алынады. Оның келесі оқиғаларда орындалу мүмкіндігін анықтау немесе оны ықтималдар шкаласына орналастыру керек.
A - бұл карта тұз болады
B - бұл карта король болады
C - бұл карта қызыл түсті болады
D - бұл карта қарға болады
E - бұл карта алтылық болады
Шешуі. Оқиға үшін табысқа жету мүмкіншілігін анықтайық. А – 36-дан 4 мүмкіндік, яғни
В – 36-дан 4 мүмкіндік, яғни
C - 36-дан 18 мүмкіндік, яғни
D - 36-дан 9 мүмкіндік, яғни
E - 36-дан 4 мүмкіндік, яғни
Онда ықтималдық көрсеткіште келесі реттілікпен олар солдан оңға қарай орналасқан: В, А және Е, D, С.