Анықтама. Егер қайталанбайтын орналастыру формуласында m= n болса , онда - қайталанбайтын алмастыру деп аталады. Қайталанбайтын алмастыруды Рп арқылы белгілейді жәнемына формула арқылы есептеледі:
Рп=n! (3)
1-мысал. а) 2, 3, 4 цифрлары арқылы қанша үш таңбалы сан жазуға болады. б) 2, 3, 4, 7 цифрлары арқылы қанша төрт таңбалы сан жазуға болады. Санды жазғанда цифрлар қайталанбайды.
Шешуі: (3) формуланы пайдалану арқылы Р3=3!=1·2·3=6 үш таңбалы сан бар екенін көруге болады.
б) (3) формула бойынша Р4=4!=1·2·3·4=24 төрт таңбалы сан бар екенін көреміз.
2-мысал. 5 адам неше тәсілмен кезекке тұрады.
Шешуі: Р5 = 5! =1·2·3·4·5 = 120 әдіспен кезекке тұрады.