Газ құбырларын және газ тарату орындарын пайдаланудың ерекшелігі.
Қазіргі заманғы өндірістік қазандықтар отын берудің механикаландырылған жүйесіне ие. Отын беру жүйесінде сортталмаған көмір түскен кезде оның алдын ала ұсақталуы қарастырылады. Отын беру жүйесі отынды түсіруге арналған құрылғылардан оны ұсақтаушы механизмдермен және бункерге беруші магнитті сепараторлардан тұрады.
Отынды беру жүйесін эксплуатациялау кеінде барлық механизмдердің жүйелі қадағалауын қамтамасыз ету қажет: отынды қоректендіргіштер, ұсақтағыштар, ленталы транспортерлер және т.б. Қазандық цехында барлық механиздерің аралық жөндеулері және профилактикалық тексерулері туралы график болуы қажет. Отынды беру қондырғыларының аралық жөндеуі жылына 2-3 рет, толық жөндеуі жылына бір рет жүргізіледі.
Отын беруді эксплуатациялау кезінде қыс мезгілінде отын қатқан күйде және көктем мен күзде жоғары ылғалдылықпен әкелінеді, сондықтан ғимаратта қажетті температураны ұстап тұру қажет. Отын беруді эксплуатациялау кезінде жаз мезгілінде отынның шаңы көп мөлшерде шығады. Сондықтан отынды түсіру орындарын герметикалау қажет.
Өндірістік қазандықтарға газды беру орташа қысымды таратушы желілер арқылы жүргізіледі. Ол газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерімен сәйкес болуы керек.
Газбен қамтамасыздандыру жүйесі келесіден тұрады: өндіріс территориясына әкелінетін таратушы газ құбырларынан, цехаралық газ құбырөткізгіштерінен, газды реттегіш пунктен немесе құрылғыдан және т.б.
Сыртқы газ құбырларын тексеру олардың күйін қадағалаудан тұрады сонымен қатар жылу трассасын қадағалаудан тұрады. Жер астындағы газ құбырларын тексеру 2 күнде бір рет, ал жер үстіндегілерді күнде тексеру қажет.
Газды реттегіш пунктерді немесе құрылғыларды эксплуатациялау орнатылған қондырғыларда жүйелі түрде тексеруден және жөндеу кезіндегі тексеруден тұрады. Цех ішіндегі газ құбыларын эксплуатациялау кезіндегі негізгі міндет құбырғылардың герметикасын тексеру болып табылады. Цех ішіндегі газ құбырлары және арматуралары профилактикалық тексеруден және жоспарлы жөндеуден өту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |