Апатты болдырмау мақсаты мен апатты жағдайдағы жұмыскерлердің әрекеттері бойынша операцияларды зерттеу.
І. Қазандықты тоқтату. Қазандықты тоқтату кезінде келесілерді ескеру керек:
1.жүктеме мен қысымды төмендетпей қазандықты үрлеу керек.
2.Оттыққа отын беруі тоқтату және тартуды төменету керек.
3.Қазандық ошағындағы жану біткеннен кейін және буды өңдеуді тоқтатқаннан кейін ошақтық қалдықтарды шығару, қазандықты бу өткізгіштерден сөндіру керек.
4.Қысымды суды сору және үрлеу арқылы төмедету.
5.Қыс мезгілінде қазандықты тоқтатқанда, қазандықты және басқа түйіндерді судан тазарту керек.
ІІ. Қазандықты апатты тоқтату, келесі жағдайларда қазандықты тоқтату керек:
1.Егер қазандықтағы қысым қалыпты мөлшерден жоғарыласа.
2.Үрлеуші вентильде су болмағандықтан судың толтыруы жүрсе.
3.Егер барлық қоректендіруші аспаптар жұмыс істемесе.
4.Егер су көрсетуші аспаптар және сақтандырғыш клапондар жұмыс істемесе.
5.Төсемелер жапқыш вентильдерге дейін ашылған жағдайда
6.Құбырларда жарылулар және дәнекерлеу түйіндерінде су ақса.
ІІІ. Апатты жағдайда келесілерді орындау қажет:
1.Ауа берілуі, отын берілуін тоқтату. Отынды және ошақты қалдықтарды жою.
2.Қысымды тез төмендету үшін келесілерді орындау қажет:
а) буды өңдеу сызығы арқылы булы шығару.
б) суды периодты сору және қазандықты үрлеу.
3.Қазандықты судың төмен сызығынан аз болған жағдайда қоректендіруге тиым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |