Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу


Жұмыс істеп тұрған бу генераторын күту



бет2/31
Дата13.09.2020
өлшемі58,29 Kb.
#78404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Эксплуатация и ремонт

Жұмыс істеп тұрған бу генераторын күту.

Жұмыс істеп тұрған бу генераторы машинистінің міндетіне мыналар кіреді:

1.Бу генераторының су деңгейін бақылау.

2.Керекті мөлшерде берілуін бақылау.

3.Берілген бу қысымын монометр арқылы ұстап тұру.

4.Қосымша жабдықтарды бақылау.

5.Ауа, газ жүретін жолдардың, қаптамалардың жылу алмастыру алаңдарын тексеріп тұру.

6.Пайдалану нұсқаулығына сәйкес қақпақшалардың, мониторлардың су деңгейін көрсететін аспаптардыңдұрыс көрсетуін қадғалау.

7.Су режимін, үрлеу режимін нұсқаулықта берілген режимде ұстап тұру.

8.Мемлекеттік техникалық қадғалаудың ережелерін толық орындап бу генераторының жұмыс істеу журналын уақытылы толтырып отырады.

9.Отынның жылу режимін бақылау, өлшеу аспаптары арқылы жүргізіп толық жануын қамтамасыз ету.

Жағуға берілген ауаның керекті мөлшері мен отынның шығынын машинист білуі керек. Оттық толық жану үшін жалынның қызуы 1000-1200 градус шамасында болып, оттықта керекті көлемді ғана ыстық ауа беріп мазут, газ немесе көмір ауамен араласқанын бақылап отыруы тиіс.

Егерде газ қызуы шектен асып кетсе онда газды қыздырғышқа жібермей шығарып тастау немесе жағуға берілетін отынмен ауаның көлемін азайту,шығарылатын газдың аумағын түтін – сорғыш арқылы реттеп отыру керек.

Жалын оттықтарын ішін толығымен алып тұруы конвективті бөліміне өтпей айналасындағы құбырларға соқпай таза жануы тиіс. Жалынның бір жері күңгірт болса, отынның толық жанбағанын, ал аппақ болса берілген ауаның көптігін көрсетеді. Мұржадан шығып жатқан газдың түрі ақшыл сұр болса отын жағу процессі қалыпты жүріп жатқанын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет