Бу генераторын апатты түрде тоқтату.
Бу генераторын апатты түрде тоқтатуға мынадай жағдайлар себеп болады:
1.Судың бақылаудан шығуы.
2.Қысымның артуы.
3.Жөндеуде жіберілген ақаулар.
Сонымен қатар, апатты тоқтатуға талдау жүргізгенде бу генераторына дұрыс пайдаланбау, мамандардың білімі мен еңбек тәртібінің төмендегі себеп болатыны айқындалады.
Суды шамалауда шамадан тыс жіберген жағдайда машинистің бу генераторын қараусыз қалдырғанда немесе су көлемін өзгерткенде апат қате шешімге байланысты туындайды. Су көлемун өзгертіп соңынан жөндеуге әрекет жасаса үлкен апатқа әкеп соғуы мүмкін. Сақтатндыру қақпақшаларының істен шығуы, монометрлердің дұрыс көрсетпеуі, бу генераторының ішіндегі қысымның шектен асуы апатқа әкеп соқтыратын жайттар болып табылады.
Бу генераторы кермегі жоғары сумен жұмыс істесе құбырлардың ішкі бетінде дақ пайда болады және жылу өткізуге кедергі береді. Суды керекті қызуға дейін көтеру үшін құбырдың сыртқы бетіне артық көрсеткішті газ беру қажет. Бұл дегеніміз құбырлардың сыртқы бетінің металын күйдіріп әкеліп соғуға себеп болады. Сондықтан бу тәртібін дұрыс ұстау экономика жағынан апатқа жібермеу үшін профилактикалық жұмыс болып есептелінеді. Бу генераторында апат болған жағдайда ғимарат бұзылып адам шығыны болуы мүмкін.
Бу генераторын апатқа жеткізбеу үшін мынадай жағдайларда бірден тоқтатылуы тиіс:
1.Рұқсат етілген қысымнан 10% асқанда.
2.Бу генераторынан су шығып кеткенде .
3.Суды көбейтіп беруіне қарамай, бу генераторының су деңгейіне көтерілмесе.
4.Су деңгейі жоғары көрсеткіштен асып кеткенде.
5.Сумен көрсететін қондырғылар жұмыс істемей қалса.
6.Бу генераторының негізгі жабдықьарында жарың пайда болса.
7.Бақылаушы аспаптар істен шықса.
8.Өрт шыққанда.
Бу генератоырының апатты жағдайы мынадай уақытта туады:
1.Ошақты газ жарылса.
2.Жалын сөніп қалса.
3.Желдеткіштер мен газ тартқылар тоқтаса.
4.Ауа жылытқаш жұмыстан шықса.
5.Газ қысымы мөлшерден тыс шығып кетсе.
6.Реттеу аспаптары автоматтар жұмыс істемесе.
7.Отын оттыққа жіберілмесе.
8.Айналаға газ таралса және т.б.
Апаттық түрде тоқтату үшін машинист мүлтіксіз тез ретімен отын, ауа беруін тоқтатып газ тартқыны төменгі айналымға қосып, бу генераторындағы газдан босату керек. Бу қоздырғыштары үрленіп, негізгі бу тораптарынан ажыратып, есік терезелерін ашып, желдету қажет.
Егер бу генераторының суы белгісіз жағдайда төменгі деңгейден түсіп кетсе, су деңгейін көрсететін аспапты тексеріп, сорғынығ жұмыс істеп тұрғанына көз жеткызып, су сыртқа шығып жатпағанын , желдеткіштің де дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру қажет. Одан әрі деңгейінің төмендеуі тоқтамаса, онда бу генераторын тоқтатуға дайындайды.
Бу генераторының су деңгейі жоғары мөлшерден асып кетсе,онда су деңгейін көрсететін аспапты тексеріп, су беруді тоқтату керек. Одан кейін отыннан ажыратып, желдеткіш, газтартқыны тоқтатып, бу генераторы артындағы жапқышты аздар жабу қажет. Су генераторынан шығып жатқан суды аққан дыбысымен тез таып алуға болады. Бу генераторы апатты жағдайға келгенде машинист цехтын бастығына немесе орынбасарына хабарлап ....................
Достарыңызбен бөлісу: |