Бу генераторын тоқтату.
Бу генераторын тоқтатпас бұрын, алдымен оның жүктемесін азайтады. Бу генераторлары тунгі жүктеме азайған кезде тоқтайды. Сондықтан бу генераторын салқындатып алмау үшін оны түтін мұржасынан уақытылу қажет. Табиғи айналымды бу генераторының жүктемесінің азаю қарқыны барабанның температурасының өзгеру жылдамдығымен байланысты. Ереже бойынша 1,5-2 градустан жоғары болмауы қажет. Тіке ағысты бу генераторларының жүктемесінің азаю қарқыны автоматтандыру жүйесінің сипатына байланысты.
Бу генераторының отыннан айырған соң барабанды жоғары деңгейіне дейін толтырып су беруін жабу қажет. Ошақ сөнген соң үрлеп соғу қондырғыларын 10-12 минут істен айырмай ошақты желдету қажет. Барабандағы су деңгейіне қарап тексеріп қалыпты ұстау қажет. Тіке ағысты бу генераторларды тоқтатқан кезде оны ішкі жапқышқа дейін сумен толтырып, қоректендіру қақпақшасын жауып консервацияға қояды. Бу қоздырғыштарды конденсатормен қосып будан босатады.
Тұрақты бу генераторының қысқа мерзімге тоқтатылуы бу генераторы қалыпты немесе апатты түрде тоқтатылуы мүмкін. Қалыпты тоқтату жылу электр станциясының әкімшілігінің бұйрығы бойынша графикпен жүргізіледі. ОЛ үшін бу генераторының жүктелуін біртіндеп азайтып, автоматтардан ажыратып , отынның, судың көлемін төмендетеді де, арнаулы нұсқаулық арқылы толығымен тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |