Экономайзерді қызметтеу.
Экономайзер оттықтан шыққан ыстық газдың қызуымен құбырлардағы суды қыздыруға арналған қондырғы. Судың қызуына байланысты экономайзерлер қайнайтын және қайнамайтын болып бөлінеді.
Қайнамайтын экономайзерде су бу генераторындағы қаныққан бу қызуынан 20 градустан төмен, ал қайнайтын судың 10-12%-ға буға айналу көрсеткішімен шектеледі. Экономайзер шойыннан немесе болаттан жасалып жұмыс істеп тұрғанда газдың және судың қызуын экономайзерға кіретін және шығатын жерінде қадағалап отырады.
Экономайзерді жұмысқа қосқанда ішіндегі судың қызуы берілген температураға жеткенін қадағалайды. Жұмыс істеп тұрған экономайзер ондағы су қысымы шектелген қысымнан артқанда, су сыртқа шыққанда, су беретін саймандар толығымен істен шыққанда, механикалық ақауы татқа соқтыру мүмкін болғанда күрт тоқтатылуы қажет. Экономайзерде апатты жағдай пайда болғанда тоқтату жеке нұсқаулық арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |