Қазандық қондырғылардың апатты және жоспарлы тоқтатулары.
Қазандық келесідей жағдайларда қорғаушы автоматтармен немесе қызметкерлермен дереу тоқтатылуы және сөндірілуі керек:
1.Сақтандырғыш клапондарда ақаулар пайда болса
2.Егер қазандық барабандағы қысым берілген мөлшерден 10%-ға артық және одан жоғары ұлғайса
3.Су деңгейі төменгі шекті деңгейден аз болса
4.Егер су деңгейі төменгі шекті деңгейден аз болса
5.Барлық қоректендіргіш сорғылардың жұмыс істеуі тоқтағанда
6.Су көрсеткіш аспаптардың әсері тоқтағанда
7.Қазандықтың негізгі элементтерінде жарылулар дәнекерленген түйіндерде жарылулар болған кезде
8.Қазандықтың тік тоқты трактысында қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі кезінде
9.Оттықта камералық жағу кезінде факелдар сөніп қалса
10.Су қыздырушы қазандық арқылы судың шығыны минимальді мәннен төмен кезде
11.Су қыздырушы қазандық трактысында аз қысымы төмен шекті мәннен аз болса
12.Судың температурасы қазандықтың шығысында қанығу температурасынан 20 градусқа төмен жоғарылауы кезінде
13.Барлық бақылау өлшеу аспаптарында, дистанционды және автоматты басқару құрылғанда кернеудің жоқ болуы кезінде
14.Қазандықта қызметкерлерге немесе қазандықтың өзіне қауіпті өрт шыққан жағдайда
Қазандықтың апатты тоқтатылуының реті өндірістік инструкцияда көрсетілуі керек.Апатты тоқтатылудың себептері ауысымдық журналда көрсетіледі. Апатты тоқтатылу Қазақстан Республикасының электр станцияларын және желілерін техникалық эксплутациялаудың ережелерін сәйкес жүргізілінуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |