Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу


Ортадан тепкіш машиналарды пайдалану



бет16/31
Дата13.09.2020
өлшемі58,29 Kb.
#78404
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Эксплуатация и ремонт

Ортадан тепкіш машиналарды пайдалану.

Өндіріс орындарының бу күштік құрылғыларында ортадан тепкіш сорғылар кен кен таралған.Олар қазандық агрегатта қоректендіргіш суды беру үшін , конденсатты сұйық отынды және т.б. қайта айналымға жіберу үшін арналған.

Сорғыларды эксплуатациялау кезінде оларды қызметтеуден және жоспарлы жөндеуден тұрады.Сорғыларға қызмет көрсету шығарылған зауттың инструкциясымен сәйкес жүргізіледі . Сорғыларға қызмет көрсету кезінде оларды қосу, тоқтату және бақылау қажет. Сорғыны қоспас бұрын оны тексеру қажет және монометрмен факулеметрлердің крандарын жабу қажет. Содан кейін сорғыны сумен тастыру қажет.

Сорғыларды қосу электр қоздырғышты айдаушы сызықтарда шамадан тыс жүктеме болмас үшін, жабық крандармен жүргізіледі. Монометр сәйкес қысымды көрсеткен кезде жабқышты аздап ашады. Сонымен қоса суды жібереді.

Сорғыны тоқтату үшін айдаушы сызықтағы жапқышты жабады және электр қоздырғышты сөндіреді.

Сорғыныың жұмыс істеуі кезінде подшипниктердің температурасын, сальниктердің күйін, вибрацияның амплитудасын тексереді және бақылаушы өлшеуші аппараттардың көрсеткіштерін жазып алады. Подшипниктердің қызып кетуі дұрыс орнатылмағандықтан сақиналардың дұрыс айналмауынан, майдың ластануынан туындайды.

Сорғының апатты тоқтауы подшипниктерде тарсылдың болуынан шекті мөлшерде вибрацияның болуынан, подшипниктердің қатты қызып кетуінің электр қозғалтқыштағы ротордың статорға тиюімен тоқтатылады.

Қоректендіргіш сорғыларды эксплуатациялау өзінің ерекшеліктеріне ие. Оларды аз ғана уақытқа да тоқтатуға болмайды.

Ортадан тепкіш сорғылардағы тығыздамалармен подшипниктер күтілуі қажет. Тығыздамалардың қызуы кезінде май аққанша бірнеше рет сөндіріп қосу қажет. Егер май шықпаса онда тығыздама қатты бұралған, яғни оны аздап босату қажет.

Подшипниктер қызғанда майдың келуі тоқтатылады, пайда болатын діріл мен шу сорғының дұрыс жұмыс істемеуін көрсетеді.

Жөндеу және эксплуатациялау талаптары бойынща бірдей өнімділікті сорғылар орнату қажет. Агрегаттар толық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі қызмет етуге жинауға, ыңғайлы орнатылуы қажет. Агрегаттар арасындағы ара қашықтық аз вольтты электр қозғалтқыштар үшін 1 метр жоғары вольттар үшін 1,5 метр болады.

Сорғылар орнатылған станциялар отқа төзімді материалдардан жасалады. Сорғыштар 10-15 рет ауа алмасудың қамтамасыз ететін табиғи және жасанды желдеткіштермен жабдықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет