Энергоблогтың табиғи айналымды бу генераторын іске қосу.
Энергоблогтың принципті жылу сүлбесі 1-суретте көрсетілген. Мүлбе бойынша негізгі жабдықтары: бу генераторы, бу турбинасы, бу мен су құбырлары, су жылытқыштары,деаэраторлар және тағы басқа. Бу генераторы мен бу турбинасын іске қосу кезінде олардың температуралық, механикалық, талаптары әр уақыт өзгеріп отырады. Ортақ бу құбырлы сүлбеге қарағанда, энергоблогтың іске қосуы барлық жабдықтармен тікелей байланысты.Энергоблогты іске қосудың су қолайлы және тиімді әдісі жылжыған қысым әдісі.
Қуаты 200МВт блогының салқын түрінен іске қосу кезінде барабандағы қысым 0,3МПа-ға дейін 100-120 минут жоғарылайды, ал 0,3МПа-дан, 1 МПа-ға дейін 30-50 минут жетеді. Бұл бу қыздырғыштарға қызып кетпеу үшін бу жіберуі және бу құбырларын жылыту үшін 0,1-0,2 МПа-ға дейін дренаж арқылы өткізіледі. Әрі қарац редукторлы салқындатқыш қондырғы арқылы өткізіледі, ал өткен бу конденсаторға жіберіледі.
Барабандағы қысымы 0,6-1МПа және қызуы 160-180градусқа жеткенде буды бас жапқыштың байласымен турбинаға жіберіп, роторының айналуын жылдамдығы 500-600 айналым минутына дейін арттырады. Бу генераторыныңошағы әбден қыщған соң оны мазуттан көмірге аударады, бұл тек бу қысымы 4 МПа-ға жеткенде болады. Толық салқындамаған,блогты іске қосуының қиындықтары болады. Блог тоқтап тұрғанда бу генераторы ,бу құбырлары немесе турбина бірдей салқындамайды. Ең салқындайтын бу генераторы, одан соң бу құбырлары және турбина сондықтан оларды іске қосқанда қайта қыздырылуы қиындайды. Энергоблогты іске қосқандаотын шығыны іске қосу уақытымен байланысты. Егер іске қосу уақыты тез болса отын шығыны аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |