Бу генераторын жұмысқа (іске) қосу.
Бу генераторын жұмысқа қосу кезі ең күрделі және маңызды деп саналады. Бу генераторын жұмысқа қосу процессі оның қалпына да байланысы болады. Бу генераторы салқын қалында болса, оның жұмысқа қосу уақыты көпке созылады. Егер бу генераторы ыстық қалпында болса, ол жұмысқа тез қосылатын болады.
Бу генераторын жұмысқа қосуы оның түріне, су айналымы, әдісіне байланысты. Бу генераторлары ортақ бу құбырына қосылуы немесе жеке турбинаға жұмыс істеуі де мүмкін.
Табиғи айналымды және тіке ағысты бу генераторларының іске қосылуарының айырмашылықтары бар,сондықтан олардың жұмысқа қосу тәртіптерін жеке-жеке талқылап баяндау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |