Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу


Ортақ бу құбырына қосылған табиғи айналымды бу генераторын іске қосу



бет29/31
Дата13.09.2020
өлшемі58,29 Kb.
#78404
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Эксплуатация и ремонт

Ортақ бу құбырына қосылған табиғи айналымды бу генераторын іске қосу.

Табиғи айналымды бу генераторының іске қосу алдында оны сумен толтырады. Барабандағы су деңгейі төменгі мөлшерде болуы керек, қызған кезде су көлемі өскен себептен деңгейі жоғарылайды.

Бу генераторын іске қосу үшін мазут немесе газ қолданылады. Отынды жағу алдында ошақты желдетеді, желдету үшін 10-12 минутқа түтін сорғышты іске қосады. Ошақтың жоғарғы жағындағы ауа тартымы 20-100Па-ға деткенде оттықтарға отын жіберіп жандырады. Бу генераторының барабанының қыздырғыштарының көлемінен ауаны шығару керек, ол үшін жоғарғы жақтарына ауа шығарғыш вентильдер қойылады.

Бу генераторын іске қосу кезінде экономайзердегі су қызып, буға айналады да, экономайзер сусыз қалуы мүмкін, сондықтан барабан мен экономайзер арасында айналым құбырларын қосады. Бу генераторы іске әбден қосылған соң, бұл құбырларды айырады.

Барабанды бу генераторларын іске қосу кезінде бу қыздырғыштар өздік будың болмағанынан қызып кетпеу үшін оларға шеттен келген бу жіберіп тұрады. Бу қыздырғыштан бу қоректендіру багіне жіберіп, салқындап суға айналады. Радияциялы бу қоздырғыштарды салқындату үшін арнайы бу генераторын іске қосу сұлбасын жинайды. Бұл сұлба бу генераторы іске қосылған соң айырылып, жұмыс сұлбасына көшеді.

Бу генераторын іске қосу уақыты – оттықтар жағылған кезден іске қосуға дейін тәжірибе арқылы анықталады, қалың қабырғасы бөлшектердің қызған кездегі ұзаруын өлшеуімен. Осы қабырғалардың ұзаруы біткен кезі мен бу генераторының іске қосу уақыты оның қызған қалпына байланысты болады. Сондықтан 0,5= 1 сағатқа дейін созылады.

Барабандағы бу генераторының іске қосылуы оның жылулық кернеуіне байланысты және қаныққан бу бойынша 0,3мПа-минутқа тең.

Бу генераторын ортақ бу құбырына тек барлық құбырлар қызған соң қосады. Бу генераторы толық жұмыс қымысына жеткен соң осы қысым бойынша барлық ашып жабатын арматуралар, су деңгейін көрсеткіштер және сақтау қақпақшалары тексеріледі.

Бу генераторы ортақ бу құбырына қосқан соң оның жүктемесін ақырындап көтере бастайды. Бу генераторының жүктемесін көтеру жылдамдығы мен уақыты оның қызған күйіне және диспетчерлік кестесіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет