Көміртек оның қосылыстары



Дата22.06.2017
өлшемі9,16 Kb.
#19539
  • Көміртек
  • оның қосылыстары
  • Химия пәнінің мұғалімі:
  • Нілбаева Алима
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік-көміртектің алынуы, табиғатта таралуы, аллотропиясы, көміртектің химиялық, физикалық қасиеттері, қолданылуы жайлы жаңа білімді беру;
  • Дамытушылық-химиялық реакцияларды жаза білу, әр түрлі сан есептерін шығару дағдыларын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Тәрбиелік-оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу;
  • Слайд, реактивтер, маталдарыдың кернеу қатары
  • Жаңа сабақты меңгеру
  • Дәстүрлі
  • сабақ
  • Сабақтың түрі
  • Сабақтың типі
  • Сабақтың барысы
  • Ұйымдастыру;
  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • ІІ. Негізгі бөлім.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • І деңгей.
  • 1. Мына айналым тізбегін іске асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция түрлерін жазыңдар.
  • А) Р → Р2О5 → Н3РО4 → Са3(РО4)2
  • Б) C → CО2 → Na2CО3 → NaHCО3 → CО2
  • 2. Қж. 44,8л көміртек (ІV) оксидін 513г барий гидроксиді ерітіндісінен өткізгенде түзілген тұнба массасы
  • ІІ деңгей.
  • 1. 16г фосфор V) оксидін алу үшін қадетті фосфордың қ.ж көлемі.
  • 2. 2,5 моль натрий фосфатының массасы.
  • ІІІ деңгей.
  • 1. Фосфордың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіріңдер.
  • 2. 0,2 моль фосфор (V) оксидін алу үшін қажет оттегінің массасы.
  • Жаңа сабақ:
  • Оқушыларға сұрақ қою;
  • Өсімдіктер мен жануарлар ұлпасында болатын қосылыс; Көміртек қосылысы
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
  • Көміртек оның қосылыстары
  • Көміртектің қосылысындағы тотығу дәрежесі -4+2+4,
  • Малекулалық формуласы –С
  • Көміртек сыртқы энергетикалық деңгейінде көміртек атомындағы электрондардың орналасуы
  • Табиғатта таралуы
  • Көміртек бос күйінде алмаз және гарфит түрінде кездеседі. Жер қыртысында көміртек мөлшері 0,1%. Ол органикалық заттардың негізгі құрамдық бөлігі болып табылады.
  • Көмір, мұнай, шымтезек, ағаш және табиғи газ отын ретінде қолданылатын жанғыш материалдар қатарында қарастырылады.
  • Көмір-өсімдік текті минерал. Жорамал бойынша, миллион жылдар бұрын батпақтарда өсімдіктердің шіру өнімдерінің жиналуы нәтижесінде түзілген.
  • Физикалық қасиеттері жай зат күйіндегі бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері болады: алмаз, графит, карбин және фуллерен.
  • Кристалдың торларының құрылыстары әр түрлі
  • болғандықтан олардың физикалық қасиеттері әр түрлі.
  • Химиялық қасиеттері:
  • Көміртек әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
  • Көміртек металдармен және сутекпен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал оттекпен, галогенмен қосылысында тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
  • А) сутекпен С + 2Н2 = СH4 метан
  • Ә) оттекпен С + О2 = СО2 + 402 кДж
  • Б) галогендермен С + 2СL2 = СCL4
  • В) белсенді металмен Са + 2С = СаC2
  • Г) металл оксидтермен С + 2СuО = 2Сu + 2 Co2 ↑
  • Қолданылуы:
  • Белсендірілген көмір дәріханада “карболен” деген атпен таблетка түрінде сатылады. Ол тамақпен бірге асқазанға түскен ерімтал зиянды заттардың әсерін жоятын дәрі ретінде қолданылады. Қант және металлургия өнеркәсібінде қолданылады. Көміртек таскөмірден алынады. Одан графит өзектер-электродтар, резеңке, бояу, адсарбентер алуға болады.
  • өндірісі, күйе Медицинада Синтездік бензин алу
  • ІІІ. Сабақты бекіту.
  • Табиғатта көміртек қандай күйде кездеседі?
  • Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісін атаңдар.
  • Көміртек қандай заттармен әрекеттеседі?
  • Көміртек қай жерлерде қолданылады?
  • Есептер шығару.
  • Массасы 188,42г көмір жаққанда (қ.ж) 336 л көміртек (ІV) оксиді түзілген көмірдің осы үлгісіндегі көміртектің массалық үлесін табыңдар.
  • 2,8 л (қ.ж) көміртек (ІV) оксид массасы.
  • ІV. Қорытынды бөлім.
  • 1. Бағалау.
  • 2. Үйге тапсырма беру.
  • § 22. 99 бет. № 9,12 жаттығу

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет