Мақта майының қоспасын анықтау. Колбаға 2 мл 1%-ды күкіртті көміртегідегі күкірт ерітіндісін құйып араластырады және оны май моншасына қоыйп 115ºС температурада 5 минөттей қыздырады. Мұнда, мақта майының мөлшері 1%-дан көп болса, колба ішіндегі қоспаның түсі қызылға боялады. Егер осы мерзімнен кейін колбадағы сұйықтың түсі қызылға айналмаса, оған осындай мөлшерде тағы да реактив қосып реакцияға екінші рет есеп жүргізіп қортындылайды.
Ескерту: күкіртті көміртегідегі 1% –ды күкірт ерітіндісін дайындау.
Күкіртті көміртегінің тығыздығы бірден жоғары, ал еріткіш ретінде ерітінді дайындау үшін оған көлемдік мөлшерде (мл) алаады, яғни судың тығыздығына деңгейлес. Сондықтан 99 граммнан (салмақтың мөлшері) 1 пайызды күкірт ерітіндісін дайындауға кететін күкіртті көміртегі мөлшерін (мл) есептеп алу қажет. Ол үшін күкіртті көміртегінің тығыздығын ьілу тиісті.
Мысалы: оның тығыздығы 1,26 олай болса 99:1,26 = 78,9. бір пайызыды ерітінді дайындау үшін, 78,5 мл күкіртті көміртегіні алып,осы көлемде 1 г күкіртті еріту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |