Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет73/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Әдістемелік кеңестер

Базарға сатуға түскен өсімдік майлары қатарына жататындар: күнбағыс, зығыр, кенепшөп, мақта, жүгері, қыша, арахис майлары.

Студенттер, зертханалық жұмыстарды терең, әрі тыңғылықты орындап, оқу бағдарламасының материалдарын толық игеруі үшін, осы тақырып бойынша дәрістік қолжазба материалдарына өздерінше дайындалуға ұсыныс жасаймыз.
Жұмысты орындау тәртібі

1.Сынама алу тәртібін игеру;

2.Әртүрлі өсімдік майларына сезімдік зерттеулер жүргізу;

3.Зертханалық зерттеулер жүргізу;



    1. 4.Қышқылдық санын анықтау;

    2. 5.Асқын тотыққа иодты калиймен реакция қою;

    3. 6.Альдегид реакциясын жүргізу;

    4. 7.Мақта және күнжіт майларындағы қоспаларды зерттеу.

Сезімдік зерттеумен тағамдық өсімдік майларының түсін, иісін, дәмін және ондағы тұнбаларды анықтайды. Өсімдік маының дәмін бағалау 18-20ºС температурада жүргізіледі. Майдың иісін анықтау үшін, сынамаға алған май үлгісін 45-50ºС температураға дейін қыздырып алып, шыны таяқшамен төсеныш бетіне жұқалап жаяды. Май түсін бағалау алдында оны ыдысқа құйып қарайды, ал дәлірек білу үшін, майды алдын ала тұндырады немесе сүзеді де, түссіз шыны химиялық тостаққа құйыпту сыртынаақ қағаз қойып күндізгі өтпелі жарықта қарап анықтайды. Жылдың суық мезгілінде өсімдік майлары ондағы нашар еритін май фракцияларының кристалдануы салдарынан бұлдырланады. Майды сақтау үшін, оны санитарлық талаптарға сай ыдыстарға салынады.



Зығыр майы. Сапалы, тұндырылған зығыр майының түсі сары тұнба үсті мөлдір, өзіне тән хош иісті, ашыған, қышқылсы жағымды дәмі болады. Арамшөп тұқымдарымен (торица) ластанған зығыр майының дәнінен дайындалған май күңгңрт түсті, бұлыңғыр, тұнбасы көп және дәмі ащы келеді. Өнген, зеңденген дәннен дайындалған, сол сияқты көп сақталған май иістенген, дәмі ащы және түсі өзгеріп тұнбаға түсу байқалады.

Кенепшөп майы. Тұндырылған, сапалы кенепшөп майы мөлдір, қоюлығы әртүрлі күнгірт жасыл түсті, өзіндік хош иісі бар, дәмі жағымды, ашыған, қышқылтым дәмі жоқ болады. Зеңденген, бөгде заттар қоспасы бар дәндерден дайындалған кенепшөп майы иістенген және ащы дәмді келеді. Тағамдық мақсатқа тұнбасы көп, бөгде қоспалары бар, Бұоыңғыр, өзіне тән исі мен дәмі күдікті күнбағыс, зығыр, кенепшөп және осы сияқты басқа майларды сатуға рухсат етілмейді. Сапалы күдік тудыратын немесе өсімдік майларының құрамында жалғандық байқалатын жағдайларда оларға зертханалық зерттеулер жүргізіліп, ондағы қышқылдық санын анықтап, асқын тотық пен альдегидке реакция қойып, өсімдік майының жалғандығын дәлелдейтін әдістерді пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет