Қайталауға арналған сұрақтар?
Тағамдық өсімдік майынан орташа сынама қалай алынады?
Тағамдық өсімдік майларын сезімдік зерттеу тәртібі?
Тағамдық өсімдік майларын зертханалық зерттеу тәртібі?
Тағамдық өсімдік майларын тазарту әдістері қандай?
№ 9 зертханалық сабақ
“Өсімдік майлары: зәйтүн, қыша, зығыр, күнжіт майларының сапасын санитариялық сараптау және бағалау”.
Сабақ мақсаты: Студенттерді өсімдік майларының түрлерін және олардың сапасы мен табиғилығын дәлелдеуге үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: сапасы әртүрлі зәйтүн, қыша, зығыр және күнжіт майларының үлгісі; су моншасы-1, шыны колбалары-4, химиялық тостақтар-2; төсеніш шынылар-10, пробиркалар-10; цилиндр-2; спирт пен эфирдің бейтарап қоспасы-150 мл; 1-%-ды фнолфталеин; 0,1 н күйдіргіш натри-150 мл (бюреткадағы); хлороформ, мұзды сірке қышқылы, иодты калийдің қаныққан ерітіндісі, қойытылған тұз қышқылы (меншікті салмағы 1,19); эфир құрамындағы 1-%-ды флороглюцин; ацетон құрамындағы 1%-ды флороглюцин ерітіндісі; қойылатын күкір қышқылы 1,78 (меншікті салмағы 1,82- 1,84).
Достарыңызбен бөлісу: |