Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет92/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Сезімдік зерттеу


Сатылуға алып келінген маринадталған көкөністер таза ағаш, әйнек, эмаль, немесе фарфор ыдысқа салынуы керек. Олардың сезімдік белгілерін бөлме температурасында кәдімгі әдістермен анықтайды. Ашытылған капуста: біркелкі туралған кесек бөлінділер, жапырақ діңгегінің қатты бөлінділерінсіз болуы керек. Шырынды, берік, тістегенде қытырлайтын, түсі ашық сарғыштан сарыға дейін, жағымды қышқылтым дәмі бар. Ащы немесе бөтен дәмі болмауы керек. Шырыны әлсіз майланған,капустаға қарағанда дәмі мен исі ащылау.

Әлсіз қытырлайтын және консистенциясы жұмсақтау, түсі ашық сары мен жасыл түстері араласқан, шырыны лайлы және қышқылтым тұзды дәмі анық байқалатын капуста да сатуға жіберіледі.

Базарларда кеміргіштермен желінген, шіріген, үсіген, қауданнан жасалған ашытылған капустаны, діңгегінің:, жапырығының, сәбіздің үлкен кесектері, бар беткей жапырақтары ұсақталған ластанған, көгерген, шырыштанған, сұр түсті консистенциясы жұмсақ, жағымсыз ащы немесе қышқыл дәмі бар ашытылған капустаны сатуға рұқсат етілмейді..

Тұздалған қиярлар түрі бойынша сол сортына сәйкес болуы керек. Мыжылған, бүріспеген, механикалық зақымданусыз, ұзындығы 14см кем емес, консистенциясы берік, қытырлаған, ортасы тығыз, тұздығы сіңген, дәмі жағымды тұзды-қышқылды, қосылған қоспалардың дәмі мен исі бар, бөгде дәмі жоқ, түсі жасыл сарғыш немесе сарғыш, тұздығы мөлдір немесе аздап лайланған, исі жұпар тұзды-қышқылды.

Пішіні әр түрлі қиярларда сатылуға жіберіледі. Бірақ олар мыжылмаған (5%-дан көп еиес), ортасында қуысы жоқ (10%-дан көп емес), ұштары сәл сарғайған, көлемі бойынша ауытқулары (12%) көп болмауы керек.

Лас шырышталған немесе мыс ыдыстарға салынған, көгерген, шырышталған, мыжылған, сары, түрі өзгерген, тұздығы лайлы, көгерген, жағымсыз исі бар қиярлар сатылуға жіберілмейді.

Тұздалған томаттар мөлшері бойынша біркелкі бүтін, түрі әртүрлі, бірақ қалыпсыз емес, жапырағы жоқ, бүріспеген, мыжылмаған, тиісті түсі бар, шырыны тығыз, қызыл томаттарда жұмсақтау ыдырамайтын, тістегенде қытырлайтын болуы керек. Дәмі қышқылтым тұзды ашытылған өнімге сәйкес. Исі мен дәмі қосылған қоспаларға тән.

Бөгде исі мен дәмі жоқ болуы керек. Тұздығы мөлдір немесе аздап лайланған, исі жұпар, дәмі қышқылтым тұзды, томаттарға қарағанда ащылау.

Қызыл томаттарда әлсіз дақтардың болуы, бүрісуі, кішкентай жарықтардың болуы, шырыны ыдыраған помидордың (5%-ға дейін), қою қызыл томаттарда (10%-ға) дейін болғаны да сатылауға жіберіледі.

Шіріген, көгерген, сасыған, ашыған, шырыштанған, мыжылған томаттарды ластанған тұздығы бар, бөгде иісі мен дәмі бар, бояу және консервілеуші заттардың қоспасы бар томаттарды сатуға жіберілмейді.

Маринадтағы %-дық құрамын анықтау. Тұздықтың мөлшерін жалпы массаға қатысты мөлшерін анықтау үшін өнімнің сынамасын дәкеге салып, асып қояды да 15 минут сорғызады. Содан кейін тұздық пен өнімді жеке-жеке өлшеп, олардың %-дық қатынасын анықтайды.

Ашытылған капустада тұздық (ол капустаның табиғи шырыны болуы керек) 10-15%-дан, маринадталған және тұздалған томат пен қиярларда 45-50%-дан аспауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет