Тұздықтың немесе маринадтың қышқылдылығын анықтау. Қышқылдылығын титрометрлік әдіспен анықтайды және тұздықты зерттегенде сүт қышқылына, ал маринадты зерттегенде сірке қышқылына %-мен анықтайды.
Тұздық немесе маринадты сүзгіш қағаз арқылы өткізеді. Колбаға 10г фильтратты құйып, 50 мл дистилденген су және 2-3 тамшы фенолфталейннің 1%-ды спиртті ерітіндісін қосады, 1Н күйдіргіш сілтімен 3 минутқа дейін жоғалмайтын әлсіз қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Қышқылдық құрамын төмендегі формула бойынша есептеп шығарады:
Достарыңызбен бөлісу: |