Ү-0,00585-100
Х= ---------------------:
М
Мұнда: Ү-титрлеуге кеткен 0,1н азот қышқылды күміс ерітіндісінің мөлшері;
М-тұздың немесе маринад сынамасының мөлшері;
0,00585-ас тұзына қайта есептейтін коэффициент;
100-пайыз есебінде көрсетуге арналған түзету.
Қайталауға арналған сұрақтар?
1.Маринадталған саңырауқұлақтарды сезімдік тексеру әдістері
2.Маринадталған саңырауқұлақтарды зертханалық тексеру
3. Маринадталған саңырауқұлақтардың иағамдық маңызы, химиялық құрамы
№ 17 зертханалық сабақ
Тұздалған саңырауқұлақтарды санитарлық сараптау және бағалау
Сабақтың мақсаты: тұздалған саңырауқұлақтарды зерттеу әдістерін меңгеру
Жұмыс жоспары:
1.Сезімдік зерттеу жүргізу
2.Өнімнің жалпы салмағына байланысты тұздықтың пайыздық құрамын анықтау.
3.Сүт қышқылы бойынша тұздықтың немесе маринадтың қышқылдылығын анықтау.
4.Тұздық пен маринадтағы тұздың құрамын анықтау.
5. Өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылау.
Керекті құрал-жабдықтар:
Сапасы әртүрлі тұздалған саңырауқұлақтар, технохимиялық таразылар, тарелка, скальпель, пинцет, шанашқы, 250 мл колба, 100-200 мл колбалар, дәке, фенофталеиннің 1 пайыздық спиртті ерітіндісі, 0,1 н күйдіргіш калии немесе натрии ерітіндісі, 10 пайыздық хром, қышқылды натрии ерітіндісі 0,1 н азот қышқылды күміс ерітіндісі немесе азот қышқылды күміс ерітіндісі.
Достарыңызбен бөлісу: |