Маринадтағы тұздың мөлшерін анықтау. Бейтарапталған сынамаға (оның қышқылдылығын анықтағаннан кейін) 1 мл 10% хром қышқылды калий ерітіндісін құйып, оны 0,1н азот қышқылды күміс ерітіндісі мен тұрақты кірпіш қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Тұздың мөлшерін келесі формуламен анықтайды.
Ү-0,00585-100
Х= ---------------------:
М
Мұнда: Ү-титрлеуге кеткен 0,1н азот қышқылды күміс ерітіндісінің мөлшері;
М-тұздың немесе маринад сынамасының мөлшері;
0,00585-ас тұзына қайта есептейтін коэффициент;
100-пайыз есебінде көрсетуге арналған түзету.
Тұздың мөлшерін анықтау үшін басқа да әдіс қояды. 1г сүзілген тұздықты (маринадты) 10 мл дистилденген су қосады, оған 3-5 тамшы 10%-ды хром қышқылды калий ерітіндісін құйып қызыл кірпіш түс пайда болғанша азот қышқылды күміспен титрлейді. Азот қышқыл күміс ерітіндісінің 1 мл мөлшері 0,01 г тұзды байланыстырады.
Тұздың мөлшерін төмендегі формуламен есептеп шығарады:
Достарыңызбен бөлісу: |