Сатылуға алып келінген тұздалған саңырауқұлақтар таза ағаш, әйнек, эмаль, немесе фарфор ыдысқа салынуы керек. Олардың сезімдік белгілерін бөлме температурасында кәдімгі әдістермен анықтайды. маринадталған саңырауқұлақ: біркелкі, формаларын (басы, денесі) сақтаған, қатты бөлінділерінсіз болуы керек. Шырынды, жұсақ, түсі қоңырдан, ашық қоңырға дейін, жағымды қышқылтым дәмі бар. Ащы немесе бөтен дәмі болмауы керек. Шырыны әлсіз майланған.
Базарларда шіріген, үсіген, ұсақталған, ластанған, көгерген, шырыштанған, сұр түсті консистенциясы жұмсақ, жағымсыз ащы немесе қышқыл дәмі бар ашытылған саңырауқұлақтар сатуға рұқсат етілмейді.
Тұздалған саңырауқұлақтар түрі бойынша сол сортына сәйкес болуы керек. Мыжылмаған, бүріспеген, механикалық зақымданбаған, консистенциясы жұмсақтау, аздап қытырлаған, ортасы тығыз, тұздығы сіңген, дәмі жағымды тұзды-қышқылды, қосылған қоспалардың дәмі мен исі бар, бөгде дәмі жоқ, түсі жасыл сарғыш немесе сарғыш, тұздығы мөлдір немесе аздап лайланған.
Лас шырышталған немесе мыс ыдыстарға салынған, көгерген, шырышталған, мыжылған, сары, түрі өзгерген, тұздығы лайлы, көгерген, жағымсыз исі бар саңырауқұлақтар сатылуға жіберілмейді.
Тұздықтың %-дық құрамын анықтау. Тұздықтың мөлшерін жалпы массаға қатысты мөлшерін анықтау үшін өнімнің сынамасын дәкеге салып, асып қояды да 15 минут сорғызады. Содан кейін тұздық пен өнімді жеке-жеке өлшеп, олардың %-дық қатынасын анықтайды.
Ашытылған капустада тұздық (ол капустаның табиғи шырыны болуы керек) 10-15%-дан, маринадталған және тұздалған томат пен қиярларда 45-50%-дан аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |