Түсі. Ұнның түсін күндізгі жарық көзінде анықтайды. Ол үшін 3-5 г ұнды қара қағаз бетіне салып шыны пластикамен аздап бастырады. Оның түсі шикізаттың түріне, сортына, дән сапасына, өңдеу тәсілі мен ондағы қоспаларға байланысты. Бидай ұны ақ түсті сарғыш теңбілді, қара бидай ұны сұрлау ақ түсті келеді. Кебек араласқан ұнның түсі күңгірттеу болады.
Исі. 20 г ұнды таза қағаз бетіне салып деммен жылытып исін анықтайды. Исі жақсы біліну үшін оны тостаққа салып, үстіне ыстық су (600С құйып араластырып, тостақтың аузын шынымен жауып бірнеше минөтке қояды. Онан кейін тостақтың суын төгіп ұнның иісін анықтайды. Сапалы ұнда сасық, қышқыл, жусанның және басқа бөгде иістер болмауы керек.