Жіктелуі. Эпителийлердін бірнеше жіктелуі бар, олардын негізіне әр түрлі белгілері алынған: шығу тегі, кұрылысы, кызметі. Жіктеуді кұрастыру барысында негізгі жасушалык дифферонға сипаттама беретін гистологиялык белгілері ескеріледі. Морфологиялык жіктелу кеңінен таралған, ол жасушалардын базальды мембранада орналасуы мен пішіндеріне негізделген.
Бұл жіктелуге сәйкес, терінің, ішкі мүшелердің шырышты және сірлі кабыкшаларынын кұрамына кіретін (ауыз куысы, өңеш, ас корыту түтігі, тыныс алу мүшелері, жатыр, зәр шығару жолдары және т.б.) жабын және тыстаушы эпителийлердің арасында екі түрін ажыратады: бір кабатты және көп кабатты. Бір кабатты эпителийлерде барлык жасушалар базальды мембранамен байланыскан, ал көп кабатты эпителийде онымен тікелей тек төменгі кабат жасушалары байланысып, калған жоғарғы кабаттарындағы жасушалардын ондай байланысы болмайды. Бір қабатты эпителий жасушаларынын пішініне байланысты жазық, текшелі және бағаналы (призмалык) деп бөлінеді. Көп кабатты эпителийді аныктауға жоғарғы кабат жасушаларынын пішіні ғана ескеріледі. Мысалы, көздің мөлдір кабығының эпителиі — көп кабатты жазык, бірак, оның төменгі кабаттары пішіні бағаналы және қанатты өсінділі жасушалардан тұрады.
Бір кабатты эпителий бір катарлы және көп катарлы болады. Бір катарлы эпителийдің барлык жасушаларынын пішіні бірдей — жазык, текшелі немесе бағаналы болып келеді, олардын ядролары да бір денгейде, яғни бір катарда орналасады. Мұндай эпителий изоморфты деп те аталады (грек тілінен isos — бірдей). Жасушаларының пішіні мен биіктігі әр түрлі, ядролары әр деңгейде, яғни бірнеше катарда орналасатын жасушалардан тұратын эпителий көп катарлы немесе жалған көпкабатты (анизоморфты) деп аталады.
Көп кабатты эпителийдің мүйізденетін, мүйізденбейтін және ауыспалы (өтпелі) түрлерін ажыратады. Жоғарғы қабаттың жасушаларының жазык мүйізденген кабыршыктарға дифференциялануына байланысты, мүйіздену үдерістері жүретін эпителийді көп қабатты жазық муйізденетін деп атайды. Мүйіздену жүрмесе эпителий көп қабатты жазық муйізденбейтін деп аталады.
Ауыспалы эпителий катты созылуға үшырайтын мүшелерді — куык, несепағар және т.б. тыстайды. Мүшенін көлемі өзгерген кезде эпителийдің де калындығы мен кұрылысы өзгеріске ұшырайды.
Морфологиялык жіктелумен катар ресей гистологы Н. Г. Хлопиннін кұрастырған онтофилогенетикалық жіктеуі де колданылады.
Негізгі жасушалык диффероннын эмбрионалдык даму көзіне байланысты эпителийдін келесі түрлерін ажыратады: эпидермалдык (терілік), энтеродермалдык (ішектердің), целонефродермалдык, эпендимоглиалдык және ангиодермалдык.
Эпителийдің эпидермалдык түрі эктодермадан дамиды, кұрылысы көп кабатты немесе көп катарлы, корғаныш кызметін атқаруға бейімделген (мысалы, терінің көп кабатты жазык мүйізденетін эпителиі).
Эпителийдің энтеродермалдық түрі энтодермадан дамиды, кұрылысы бойынша бір кабатты призмалык, заттардын сінірілуіне катысады (мысалы, аш ішектін бір кабатты жиекшелі эпителиі), бездік кызмет аткарады (мысалы, асказанның бір кабатты эпителиі).
Эпителийдін целонефродермалдык түрі мезодермадан дамиды, кұрылысы бойынша бір кабатты жазык, текшелі немесе призмалык; тоскауылдык және экскреторлык кызмет аткарады (мысалы, сірлі кабыкшалардын жазык эпителиі — мезотелий, бүйрек түтікшелерінің текшелі және призмалык эпителиі).
Эпителийдің эпендимоглиалдык түрі ерекше, мысалы, мидың карыншаларын тыстайтын, эпителийден тұрады. Даму көзі жүйке түтікшесі болып табылады.
Эпителийдін ангиодермалдык түріне кан тамырларынын эндотелиалды кабаты жатады. Эндотелий кұрылысы бойынша бір кабатты жазык эпителийлерге ұксас. Онын эпителиалды тіндерге жататыны даулы болып табылады. Көптеген зерттеушілер эндотелийді дәнекер тіндерге жаткызады, өйткені ол онымен жалпы эмбрионалдык даму көзі — мезенхима аркылы байланысты.
Көп қабатты эпителийлер және олардың туындылары: организмдегі топографиясы, құрылысы, жасушалық дифферондық құрамы, қызметтері, қалпына келуінің заңдылықтары.