2.Көп қабатты жазық мүйізденетін эпителий эпидермисті құрай терінің бетін жабады, онда эпителийлік жасушалардың – кератиноциттердің эпидермистің сыртқы қабатының мүйізденген қабыршақтарына дифференциялануымен бай-ты мүйіздену үдерісі жүреді. Кератиноциттердің дифференциялануы цитоплазмасында маманданған нәруыздардың – цитокератиндердің, филлагриннің, кератолиннің және т.б. түзілу және жинақталуына байланысты құрылымдық өзгерістерімен білінеді.
Эпидермисте жасушалардың бірнеше қабатын ажыратады: базалдьды, тікенекті, түйіршікті, мүйізденген қабыршақтар. Соңғы үш қабаты, әсіресе алақан және табан терісінде, жақсы дамыған.
Эпидермисте негізгі жасушалық дифферон, дифференциялануы барысында базальды қабаттан жоғары қабаттарға орын ауыстыратын, кератиноциттерден тұрады. Эпидермисте кератиноциттерден басқа косымша жасушалык дифферондардын гистологиялык элементтері — меланоциттер (пигменттік жасушалар), эпидермальдық макрофагтар (Лангерганс жасушалары), лимфоциттер жэне Меркель жасушалары бар.
Базальды қабат пішіні бағаналы кератиноциттерден тұрады, олардың цитоплазмасында тонофиламенттерді калыптастыратын кератин нәруызы түзіледі. Мұнда кератиноциттер дифферонының камбиальды жасушалары да орналасады. Тікенекті қабат көп бұрышты жасушалардан кұралған, олар десмосомалар аркылы байланысады. Жасушалардың десмосомалар орналаскан бетінде, көршілес жасушаларда бір-біріне карай бағытталған, ұсак өсінділері — «тікенектері» бар.
Олар жасуша аралык кеңістік кенейген немесе жасушалардың бүрісуі және мацерация кезінде анык көрінеді. Тікенекті кератиноциттердін цитоплазмасында тонофиламенттер шоғырлар түзеп — тонофибриллаларды күрайды және липидтерден тұратын түйіршіктер — кератиносомалар пайда болады. Бұл түйіршіктер жасуша аралык кеністікке экзоцитоз жолымен бөлініп, кератиноциттерді цементтеуші, липидтерге бай зат түзеді.
Базальды және тікенекті кабаттарда цитоплазмасында меланин — кара түсті пигмент түйіршіктері бар, пішіні өсінділі меланоцшптер, Лангерганс жасушалары (дендриттік жасушалар) және үсақ түйіршіктері бар, афферентті жүйке талшыктарымен байланысатын Меркель жасушалары (тактильді эпителиоциттер) орналасады (6.7-сурет). Меланоциттер пигменттің көмегімен организмге ультракүлгін сәулелердін кіруіне тоскауыл күрайды. Лангерганс жасушалары макрофагтардың түріне жатып, иммундык корғаныш реакцияларына катысады, кератиноциттердің көбеюін (бөлінуін) реттейді және олармен бірге «эпидермалдык-пролиферативтік бірліктерді» күрайды. Меркель жасушалары эпидермистін регенерациясына эсер ететін, сезімтал (сипап сезу) және эндокриндік (апудоциттер) болып келеді (15-тарауды караныз).
Түйіршікті қабат пішіні жайпактанған кератиноциттерден тұрады, олардың цитоплазмасында кератогиалинді деп аталатын, ірі базофилді түйіршіктері болады. Оларда аралык филаменттер (кератин) және осы кабаттың кератиноциттері түзейтін нәруыз — филаггрин, сонымен катар гидролиттік ферменттердің әсерінен органеллалар мен ядронын ыдырауынан пайда болған заттар бар. Сонымен катар, түйіршікті кератиноциттерде жасушалардың плазмолеммасын бекітетін тағы бір арнайы нәруыз — кератолинин түзіледі.
Жарқырауық қабат тек эпидермистің көп мүйізденетін аймактарында (алакан мен табанда) аныкталады. Ол жасушадан кейінгі кұрылымдардан тұрады. Олардың ядросы мен органеллалары болмайды. Плазмолемма астында, оған беріктік беретін және гидролиттік ферментер әсерінен корғайтын, кератолинин нәруызынан түратын электрондытығыз кабат орналасады. Жасушалардың ішкі бөлігі, кератиногиалинді түйіршіктердің бірігуінен және күрамында филаггрині бар аморфты матрикспен желімделуінен пайда болған, жарыксындырушы кератинді фибриллалардын массасымен толтырылады.
Мүйізденген қабыршақтар қабаты саусак, алакан, табан терісінде өте қалың, ал терінің калған аймактарында жұка болып келеді. Ол кератолининнен тұратын калың кабыкшасы бар және кератиннің баска түрінен тұратын, аморфты матриксте орналаскан, кератин фибриллаларымен толтырылған, пішіні жазык көп бұрышты (тетрадекаэдр) мүйізденген кабыршактардан түрады. Бұл мезгілде филаггрин фибриллалардың кератинінің кұрамына кіретін амин кышкылдарға ыдырайды. Кабыршактардың арасында кератиносомалардың өнімі — цементтеуші зат орналасады, ол лигшдтерге (церамидтерге және т.б.) бай, сондыктан гидролиздеуші касиетке ие. Сыртында орналаскан мүйізденген кабыршактар арасында байланыстар үзіліп, эпителий бетінен түлеп түсіп отырады. Олардын орнына төменде орналаскан кабаттардан жасушалардын көбеюі, дифференциялануы және орын ауыстыруы нәтижесінде — жанадан жасушалар келіп отырады. Физиологиялық регенерацияны құрайтын бүл үдерістер аркылы, эпидермисте кератиноциттердін кұрамы 3—4 апта сайын толык жаңарып отырады. Эпидермистегі кератинизация үдерісінің маңызы калыптаскан мүйізденген кабыршактардың механикалык, химиялық әсерлерге түрактылығында, жылу өткізгіштігі томен және суды, суда еритін көптеген уытты заттарды өткізбейтігінде.