Коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет29/34
Дата26.03.2022
өлшемі3,54 Mb.
#136891
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
гиста рк 1 (1)

Қалпына келуі. Жабу эпителиі шекарада орналасып, сырткы ортаның әсерін ұдайы сезетіндіктен, эпителиалды жасушалар тез картаяды және өледі. Қалпына келу көзі эпителийдін камбиальды жасушалары болып табылады, олар регенерацияның жасушалык түрін камтамасыз етеді, өйткені бөліну кабілеті организмнін өмірі бойы сакталынады. Көбею барысында жасушалардың бір бөлігі дифференцияланады және өлген жасушаларға ұксас эпителиоциттерге айналады. Көп кабатты эпителийлерде камбиальды жасушалар базальды кабатта орналасады, көпкатарлы эпителийлерде оларға базальды жасушалар жатады, біркабатты эпителийде олар белгілі аймактарда орналасады: мысалы, аш ішекте — криптілердің эпителиінде, асказанда — шұнкырлардың эпителиінде және меншікті бездердін мойынында, мезотелийде — мезотелиоциттердің арасында және т.б. Эпителийлердің физиологиялык регенерациялану мүмкіндігінің жоғары болуы оның патологиялык жағдайларда (репаративті регенерация) тез калпына келуіне негіз болады. Нейроэктодерма туындыларының, керісінше, жасуша ішілік жолмен калпына келуі басым.
Адамның жасына байланысты жабу эпителиінде жасушалардың жаңару үдерістері төмендейді.
Жүйкеленуі. Эпителий жаксы жүйкеленген. Онда көптеген сезімтал жүйке ұштары — рецепторлар орналасады.


  1. Бір қабатты эпителийлер және олардың туындылары: организмдегі топографиясы, құрылысы, жасушалық дифферондық құрамы, қызметтері, қалпына келуі.

Бір қатарлы эпителийлер
Бір кабатты жазык эпителий организмде мезотелийден, кейбір мәліметтер бойынша, эндотелийден тұрады.
Мезотелий (mesothelium) сірлі кабыкшаларды каптайды (өкпекап жапыракшаларын, висцералды және париеталды ішпердені, жүрек кабын).
Мезотелий жасушалары — мезотелиоциттер — жазык, пішіні көп бұрышты, шеттері тегіс емес (6.3-сурет, а). Жасушаның ядросы орналаскан бөлігі «калыңырак» болады. Олардың кейбірулерінің ядролары біреу ғана емес, скі немесе үшеу, яғни иолиплоидты болады. Жасушалардың бос бетінде микробүрлері аныкталады. Мезотелий аркылы серозды сұйыктыктың бөлінуі және сіңірілуі өтеді. Оның беті тегіс болғандыктан ішкі мүшелердін сырғуы жеңіл жүреді. Мезотелий кұрсакжәне кеуде куысында орналаскан мүшелердін арасында жабыспалардың пайда болуына кедергі жасайды, олардың түзелуі мезотелий закымданған жағдайда ғана мүмкін болады. Мезотелиоциттердің арасында көбеюге кабілетті, аз дифференцияланған (камбиальды) түрлері де кездеседі.
Э н д о т е л и й (e n d o th e liu m ) қан жэне лимфа тамырларын, жүрек камераларын тыстайды. Ол базальды мембранада бір кабат болып орналасқан эндотелиоциттердің — жазык пішінді жасушалардын кабаты болып табылады. Эндотелиоциттердің органеллалары нашар дамыған, цитоплазмасында пиноцитоздык көпіршіктері болады. Эндотелиоциттер тамырларда лимфамен, канмен шекарада орналасып, олармен және тіндермен зат және газ (О2, СО2) алмасуға катысады. Эндотелиоциттер әр түрлі өсу факторларын, вазоактивті заттарды және тағы баскаларды бөледі. Эндотелий закымданған жағдайда тамырларда кан ағымы өзгеріп, куысындатромбтар түзіледі. Тамырлар жүйесінің әр түрлі аймактарында эндотелиоциттердін көлемінде, пішінінде және тамыр бойында орналасуында айырмашылыктары бар. Эндотелиоциттердің бұл касиеттері гетероморфия немесе полиморфия деп аталады (Н.А. Шевченко). Бөлінуге кабілетті эндотелиоциттер, тамырлардын дихотомиялык бөлінетін аймактарында басымырак кездесіп, диффузды орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет