Бір кабатты текшелі эпителий (e pithelium simplex cuboideum ) бүйрек түтікшелерін (ироксимальды және дистальды) тыстайды. Проксималды түтікшелердің жасушаларында микробүрлі (шөтке тәрізді) жиекшесі және базальды жолағы бар. Шөтке тәрізді жиекшесі көптеген микробүрлерден түрады. Базальды жолағы жасушалардын базальды бөлігінде плазмолемма катпарлары мен олардың арасында орналаскан митохондриялардан кұралады. Бүйрек түтікшелерінің эпителийі біркатар заттардың алғашкы зәрден канға кері сіңірілуіне (реабсорбциясына) катысады.
Камбиальды жасушалар эпителиоциттердің араларында диффузды орналасады. Бірак, жасушалардын пролиферативтік белсенділігі өте томен.
Бір кабатты бағаналы (призмалық) эпителий (ep ithelium simplex columnare ). Бүл эпителий аскорыту жүйесінің ортаңғы бөліміне тән. Ол асказанның, аш және ток ішектердің, өт кабының, бауыр мен ұйкы безінің біркатар өзектерінің ішкі бетін каптайды. Эпителий жасушалары бір-бірімен десмосома, кұлып тәрізді санылаулы коммуникациялык байланыстар, тығыз тұйыктаушы байланыстар аркылы бірігеді (4-тарауды караныз). Олар аркылы эпителийдің жасуша аралык куыстарына асказан, ішек және т.б. куысты мүшелердің ішіндегісі өте алмайды.
Сонымен катар, бір қабатты эпителий нейроэктодерманын туындылары — эпителийлердің эпендимоглиалдыктүрінен де түрады. Жасушаларының кұрылысы бойынша ол жазык эпителий түрінен бағаналыға дейін өзгеріп отырады. Мысалы, жұлын каналын және ми карыншаларын каптайтын эпендималык эпителий бір кабатты бағаналы. Көздің торлы кабыкшасының пигментті эпителиі, пішіні көп бұрышты жасушалардан тұратын, бір кабатты эпителий. Жүйке бағанын қоршайтын және периневралды кеңістікті тыстайтын периневралды эпителий — бір кабатты жазык. Нейроэктодерма туындылары ретінде эпителийлердің калпына келу мүмкіндігі шектеулі, көбінесе жасуша ішілік деңгейде жүреді.