Көп қатарлы эпителийлер Көп катарлы (жалған көпкабатты) эпителийлер (epithelium pseudo stratificatum) aya өткізу жолдарын тыстайды — мұрын куысы, кеңірдек, бронхтар және т.б. Ауа өткізу жолдарында орналаскан көп катарлы бағаналы эпителий кірпікшелі болып келеді. Эпителий кұрамындағы жасушалардың әр түрлі болуы (кірпікшелі, ендірме, базальды, бокал тәрізді, Клар және эндокриндік жасушалар) камбиальды (базальды) эпителиоциттердің дивергентті дифференциялануының нәтижесі болып табылады.
Базальды эпителиоциттер томен, базальды мембранада эпителиалдык пласттың тереңінде орналасады, эпителийдің регенерациясына катысады. Кірпікшелі (жыбырлағыш) эпителиоциттер биік, пішіндері бағаналы (призмалык). Бұл жасушалар негізгі жасушалык дифферонды кұрайды. Олардың апикальды беттері кірпікшелермен капталған. Кірпікшелердің козғалуы шырыштың және бөгде заттардың жұткыншакка карай козғалуын камтамасыз етеді (мукоцилиарлы тасымал). Бокал тәрізді эпителиоциттер эпителий бетіне шырыш (муцин) бөледі, ол оны механикалык, инфекциялык жэне баска да эсерлерден сактайды. Сонымен катар, эпителий кұрамында эндокриноциттердің (EC, D,P) бірнеше түрлері болады, олардың гормондары ауа өткізу жолдарында орналасқан бұлшық ет тінін жергілікті реттеуге қатысады. Бұл аталған жасушалардың пішііні мен көлемдері әр түрлі болғандықтан, ядролары эпителиалдық пласттың әр деңгейінде орналасады: жоғары қатарда – кірпікшелі жасушалардың ядролары, төменде – базальды жасушалардың ядролары, ал ортааңғы қатарда – ендірме, бокал тәрізді және эндокриндік жасушалардың ядролары. Көп қатарлы бағаналы эпителийдің құрамында, эпителиалды дифферондардан басқа, гематогенді дифферонның(маманданған макрофагтар, лимфоциттер) гистологиялық элементтері де болады.
Мезенхима дәнекер тіндердің даму көзі ретінде: мезенхиманың дивергентті саралануы туралы түсінік, мезенхиманың морфологиялық белгілері.
Мезенхиманың жасушалык элементтері дерматомның, склеротомның, спланхнотомнын висцералды және париетальды жапыракшаларының саралануының кезінде пайда болады. Одан баска, жүйкелік айдаршадан (ганглиозды табакшадан) дамитын эктомезенхима (нейромезенхима) ажыратылады. Ұрык дамыған сайын, мезенхимаға баска эмбрионалдык бастамалардан бастау алатын, мысалы, нейробластылык дифферон жасушалары, канкалык бұлшык еттердің бастамасының миобластылары, пигментоциттер және т.б. Яғни, үрықтың дамуының белгілі бір сатысынан кейін, мезенхима әр түрлі ұрык жапыракшаларынан және тіндердін эмбрионалдык бастамалары нан туындаған жасушалар мозаикасы тәрізді болады. Бірак, мезенхиманың барлық жасушалары бір-бірінен айырмашылықтары өте аз болады, тек өте сезімтал зерттеу әдістері ғана (әдетте, иммуноцитохимиялык, электронды микроскогшялык) мезенхиманьщ кұрамында табиғаты әркилы жасушаларды ажыратады. Мезенхима адамнын тек эмбрионалдық даму кезеңінде ғана болады. Туғаннан кейін адамнын организмінде борпылдак талшыкты дәнекер тіннің тек аздифференцияланған (адвентициалды жасушалар) (полипотентті) жасушалары аныкталады, олардың әр түрлі бағытта, бірак белгілі үлпалык жүйе шегінде, дивергентті дифференциялануы мүмкін.
Мезенхиманын баска туындыларына тән емес, бұл дәнекер тіннің шекарада орналасуы, буындасудың локомоторлык кызметінің катысуымен жүретін үнемі созылуы, орнынан жылжуы және кысылуы оның өсуін және кұрылымдык ерекшеліктерін аныктайды.
Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер: жіктелуі, организмде орналасуы, құрылысы, қызметі.
Мұндай тіндерге ретикулярлық, май және шырышты ұлпаларды жаткызады. Олардын кұрамына кіретін жасушалардың ішінде басымырак аныкталатын біртекті топтары болып, осы тіндердің атауларын калыптастырады.