Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және грек. genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.
Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді.
Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан (қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді.
Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды.
Гаструляция процесі кезінде ұрық жапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкі бөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте — эктодерма, ал ортасында — мезодерма қалыптасады.
Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді.
Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез,
ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез,
органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.
Ұрықтан тыс мүшелер.
Ұрықтан тыс мүшелер Ұрықтан тыс ағзалар деп эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып, оның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қанна пренатальді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды. Провизорьлық ағзаларға амнион, сары уаз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады.Ұрықты қоршағандықтан, олардың біреулерін (амнион,хорион,аллантоис)ұрық қабықтары деп атайды.Плацента, ұрық қабықтары және кіндік бау анна организмі мен ұрық арасындағы екі жақты қатынастарды камтамасыз етіп, босану кезінде нәрестеден кейін шығатынбала жолдасын құрайды.
Амнион-урық қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет суллы органы қамтамасыз ететін уақытша ағза.Адам эмбриогенезі гаструляцияның екінші фазасында амнион эпибласт жасушалары арасындағы кішкене қуыс- амниондық қабық құрайды.Оның сыртқы қабығын ұрықтан тыс эктодерма және мезодерманың париетальді жа пырақшасынан тұратын жартылай мөлдір жұқа амнион қабығы құрайды.Қуысқа қараған амниондық эпителий қағаннақ суын өндіруге және оны резорьбциялауға арте маманданнады. Қызметтері: Қағаннақ суын өндіру; Ана мен ұрық арасындағы зат алмасуға плацента құрылуына қатысу; Ұрықты қолайсыз әсерлерден қорғау; Пренатальды диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Сары уаз қ а п Адам ұрығы дамуының 2- а птасында қалыптасып, ол ұрықтың қоректенуін аз ғанна мезгіл қамтамасыз етеді.Себебі,3-а птадан баста п, ұрық пен анна организмі арасында байланыс орна п, гемототрофты қоректену өтеді.Сары уаз қа птың қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты-ұрықтан тыс энтодерма, ал, сыртқысы –ұрықтан тыс мезодерманың висцеральді жа пырақшасы. Функциясы: 3 а птадан баста п, ұрықтан тыс мезодерма да эмбриондық гипопоэз өтеді; Энтодермасынан біріншілік жыныстық жасушалар-гоноциттердің даму көзі; Сары уаз ка птың ұрық ішегімен байланысы сары уаз сабақшасы деп аталатын қуысты жіп түрінде сақталады; Эмбрион дамуының 7-8 а птасына дейін қызмет атқарып,3-айдың соңында кері демиды да, қан тамырларын плацентаға өткізетін тар түтікше түрінде кіндік бау құрамына кіреді.
Аллантоис Жатырдағы дамудың 16-тәулігінде адам ұрығында сары уаз көбікшесінің артқы қабырғасынан ұрық сабақшасына қарай саусақ тәрізді кішкентай өсінді-аллантоис өсіп шығады.Аллантоис хорионның дәнекер тінді табақшасына жетпей бітеу аяқталады.Ұрық денесінен шыққан кіндік қан тамырлары аллантоис ты бойлай болашақ плацентаға қарай бағыттайды да, плацентаның тамырлы торин құруға қатысады.Эмбриогенездің 2-айында аллантоис редукцияға ұшыра п,сары уаз қа птың дәл сендай қалдығымен бірге жасушалық тарпан түрде кіндік бау құрамына кіреді.
Кіндік бау Адам ұрығының денесі амниондық және сары уаз көбікшесінен жекешеленген кезде қалыптасатын, ұрықты плацента мен байланыстыратын серпімді бау.Кіндік баудың строма сын ұрықтан тыс дәнекер тінінің ерекше түрі- шырышты немесе сілікпе тәрізді дәнекер тін құрайды.Мұнда екі кіндік артерия лары,бір кіндік ванессы, сары уаз қа птың түтігі, аллантоис түтігі өтеді.Шырышты дәнекер тін кіндік баудың серпімділігін қамтамасыз етеді, кіндік тамырларын сығылысудан сақтайды.Нәтижесінде, эмбрион қоректік заттармен, оттекпен үздіксіз жабдықталып тұрады.Ол зиянды агенттердің плацента тамырларынан тыс жолдармен ұрыққа өтуіне тосқауыл жаса п,қорғаныс қызмет атқарады.
Хорион Ұрықты қоршайтын және плацентаның нәрестелік бөлігін құрайтын ең сыртқы ұрықтан тыс қабық.Бетінде жатыр қабырғасына кіре өсетін көптеген бүрлер болуына байланысты, оны бүрлі қабық деп те атайды. Хорион қалыптасуының кезеңдері: 1.Бүрлер алды-дамудың 7-8-тәуліктері; 2.Бүрлер қалыптасуы; 3. Котиледондар кезеңі тәуліктерге дейін
Плацента (бала урны) Эмбриогенездің 3-айында түзіліп,анна мен нәресте организмдерін байланыстыратын ұрықтан тыс уақытша ағза. Ол ұрық дамуын қамтамасыз ететін бірнеше аса маңызды қызметтерді атқарады:
1. Тыныс алу;
2.Транспорттық
3.Экскреторлық
4. Миометрий қысқарылуын реттеу
5.Иммундық қорғаныс
6.Эндокриндік
7.Барьерлік
Плацента екі бөліктен тұрады:ұрықтық-pars foetalis, және анналық-pars materna.
Тіндердің негізгі құрылымдық элементтерін атаңыздар.
Т ін – бір немесе бірнеше клеткалық дифферондардан және оның туындыларынан тұратын организмнің жеке жүйесі.
Ұрық жапырақшасы, эмбрионалдық бастама, дифферон ұғымдарына сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |