Жасуша — тіршіліктің ең кіші бірлігі. Заманауи аныктамалардың біріне сәйкес, тірі организмдер ашык (яғни сырткы ортамен заттарымен және энергиясымен алмасып тұратын), маңызды жүмыс аткарып түратын компоненттеріне нәруыздар және нуклеинді кышкылдар жататын, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі жаңартатын жүйелер. Тіршіліктін бүкіл белгілері нәруыздармен байланысты. Нәруыздар — кызмет аткарып түратын молекулалар, олар күрделі кұрылымдарымен және катал кызметтік ерекшелігімен сипатталады, бұл ерекшелік әр түрлі нәруыздардың кұрылысы туралы мәліметтерді әкелетін нуклеинді кышкылдармен аныкталады. Тірі организмге бірталай белгілер жиынтығы тән болады: гендік даралык, жаңаруға (репродукцияға) кабілеттілік, энергияны колдана және трансформаииялай алу, метаболизм, реактивтілік және тітіркендіргіштік, бейімделу өзгергіштігі. Бұл белгілердін осындай жиынтығын бірінші рет тек кана жасушалык деңгейде ажыратуға болады. Тек жасуша ғана «тірі» аныктамасына тән барлык касиеттерге ие ен кіші бірлік болып табылады.