Әр турлі организмдер жасушаларының қурылысы жағынан уқсасты/ы. Жасушалардың сырт пішіндері әр түрлі болуы мүмкін: шар тәрізді (лейкоциттер), көпкырлы (безді эпителий жасушалары), жұлдыз тәрізді және тармакталған-өсінділі (жүйкелік және сүйек жасушалары), үршык тәрізді (жазык бұлшык ет жасушалары, фибробласттар), бағаналык (ішек эпителиоциті), жайпактанған (эндотелиоцит, мезотелиоцит) және т.б. Бірак, әр түрлі өсімдіктердің немесе жануарлар тіндерінін жасушаларын зерттегенде олардың кұрылымының жалпы жобасы бар екені байкалады (4.1-сурет). Жасушалардын кұрылысындағы ұксастык жалпы жасушалык кызметтерге байланысты, мысалы тірі жүйе өзінің тіршілігін сактау үшін (нуклеинді кышкылдардын және нәруыздардын синтезі, жасушанын биоэнергетикасы және т.б.). Сонымен катар, бұл ұксастык барлык эукариоттык организмдердін даму көзінің ортактығын көрсетеді.